Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Жаратылыстану
Күні:
Тақырыбы: «Су мен ауаның қандай қасиеттерін білесің?»
Мақсаты: Су мен ауаның қасиетімен танысу барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Өз беттерінше тәжірбие барысына сүйене отырып қорытынды жасай білу.
Білімділік мәні: Су мен ауаның қасиеті туралы ұғыммен танысу
Дамытушылық мәні: Практикалық тәжірибе барысында жалпы шолу, қорытынды жасау және білімді меңгере алу қабілетін қалыптастыру
Тәрбиелік - мәні: Бір - біріне өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сөзді жұмыс: глобус, тәжірбие, жер шары
Көптілділік: су – вода – water; ауа – воздух – air.
Көрнекілік: суреттер, доп,стакан, шарлар, глобус,бояу, қылқалам, целлофан пакет.
Іс-әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
Шаттық шеңберін құру.
Достар, бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер!
- Балалар бізге қонақтар келді барлығымыз амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning!
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Балалар келген қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру. Ізденістер
Жұмбақ.
Көзге көрінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
- Дұрыс, бұл ауа. Бүгін біз ғалымдар сияқты әртүрлі зерттеулер жасаймыз.
Балалар, сендер ауаны көріп тұрсыңдар ма?
Яғни біз оны көрмейміз, сондықтан ауаның түсі қандай?
Біздің айналамызда ауа бар ма?
Оны білу үшін қолымызға қағазды алып бетімізге желпіп көрейік.
Нені сездіңдер? Яғни ауаны сезу үшін оны қозғау қажет екен.
Ауаны қалай қозғау қажет екен?
Мен ауаны көргенім жоқ, бірақ, ол әрқашан біздің айналамызда екенін білемін.
Тәжірбие 1.Полиэтилен пакетімен. Қолымызға полиэтилен пакетін алайық. Пакетте не бар? Оны бірнешеге қабаттап бүктеуге болады. Енді біз пакетке ауаны жинаймыз да аузын бекітеміз. Пакет іші толған ауа. Ол жастыққа ұқсап қалды ма? Енді аузын ашып ауаны шығарамыз. Пакет қайта өз қалпына келді. Неліктен?
Қортынды: ауа түссіз, оны көру үшін ұстап алу керек. Біз солай істей алдық па?
Тәжірбие 2. Адам денесінде де ауа бар.
Біз оны қайдан білеміз. Партада жатқан шарды алып үрлеп көрейік.
Қортынды: яғни, адам денесінде де ауа бар. Шарға үрлемес бұрын терең дем аламыз содан кейін үрлейміз.
Ал ауа біздің денемізге қалай келеді? Әрине! Барлық адамдар мұрын арқылы дем алады.Балалар, кәне бәріміз мұрын арқылы дем алып дем шығарып көрейік.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар ауаның иісі бар ма? Қәне, искеп көрейік. Апамыздың немесе анамыздың бауырсақ пісіріп жатқанын біз қалай біліп қоямыз? Яғни ауа қозғалады сол арқылы біздің мұрынымызға жетеді де біз оны сеземіз. Бірақ, ауаның иісі жоқ.
Сергіту сәті «Әуе шары»
Бүгін ауа туралы көп нәрсе білді!
- ауа әрқашан бізді қоршап тұрады;
-ауа өте жеңіл;
- ауа адам денесінде;
- ауасыз өмір сүруге болмайды;
- ауаның иісі және түсі жоқ:
- жел-бұл ауаның қозғалысы.
Балаларға мына шартты белгіге қарап ауаның қасиетін атап шығайық.
Жұмбақ
Кессем кесілмейді,
Бөлсем бөлінбейді. Ол не?
Ол не?
Сергіту сәті: «Тамшылар»
- Глобустағы көк түс нені білдіреді?
-Иә, бұл су. Жер шарының ¾ бөлігін су алып жатыр. Су жер шарының тіршілік көзі болып саналады. Су кімге және не үшін қажет?
Бір стақан су алып қарап шығу. Су туралы не айта аласыңдар. Су қандай? Су- бұл сұйықтық.
Тәжірбие 1. Судың дәмі қандай?
Үстел үстінде тұрған стақандағы судың дәмін тату. Яғни судың дәмі жоқ.
Тәжірбие 2. Судың пішіні қандай?
Үстел үстінде кубик пен шар жатыр. Мына заттардың пішін қандай? (балалар жауабы). Судың пішіні бар ма? Жіңішке құтыны алып су толтырамыз. Ол суды жалпақ ыдысқа құямыз. Суды қандай ыдысқа құйсақ су сол ыдыстың пішінін алады.
Қортынды: Суды қандай ыдысқа құйсақ су сол ыдыстың пішінін алады. Су – сұйықтық. Судың пішіні жоқ.
Тәжірбие 3. Судың түсі қандай?
- Екі стақан алайық бірінде су екіншісінде сүт. Қайсы ыдыста қасық сендерге көрініп тұр. Нені байқадыңдар?
Қортынды: су құйылған стақан ішіндегі қасықты көруге болады, ал сүт құйылған стақан ішіндегі қасықты көре алмаймыз. Яғни су мөлдір сұйықтық.
Тәжірбие 4. Су – еріткіш.
Қортынды: Судың өз дәмі жоқ. Суға салған нәрселерімізге не болды? (балалар жауабы).
Ғажайып сәт: «Мұз ханшайымының сыйлығы»
Тәжірбие 5. Су – мұз.
Ғажайып сәт «Қар ханшайымы» сыйлығы (есікті қағып мұзды ұсынады)
Қортынды: Су табиғатты қатты күйінде де кездеседі.
Тәжірбие 6. Су –бу.
Мынау не? (балалар жауабы) Шәугіммен не істейміз? Суды қатты қайната беретін болсақ не болады? Дұрыс айтасыңдар су буға айналады. Егерде ыстық судың бетін жабатын болсақ қақпақтың бетінде тамшылар пайда болады.
Балалар, суретке қараңдаршы, суды жердің бетін қатты қыздырғанда ондағы су буға айналып көтеріледі. Жоғарыда ол суып бұлтқа айналады да жел арқылы ауада қозғалады. Одан кейін ол жерге жазда-жауын ретінде ал қыста-қар ретінде түседі.
Балаларға мына шартты белгіге қарап судың қасиетін атап шығайық.
Ауа
Жоқ
Түссіз
Қағазды алып беттеріне желпиді
Бетімізге жел соғады
Балалар тәжірбие жасайды.
Қортынды жасайды
Балалар қоларына бір-бір шардан арлып үрлейді.
Мұрын арқылы
Ауаның иісі жоқ.
Мұрынымыз арқылы иісін сеземіз.
Балалар шарды үрлейді
Қолдарын жеткізу үшін секіреді.
Балалар атап шығады.
Су
Суды
Балалар жауабы
Балалар алдыларындағы стақандағы судың дәмін көреді.
Кубик төртбұрышты
Доп дөңгелек
Балалар жауабы.
Балалар мұқият қарап отырады.
Бірінші стақанда сүт екіншісінде су
Сүт ішіндегі қасық көрінбейді ал судағы қасық көрінеді.
Балалар алдыларындағы тұз немесе қантты салып араластырады.
Дәмін көреді.
Су қантты, тұзды ерітті.
Еріді.
Мұз
Шай қайнатамыз
Бу шығады.
Қортынды жасайды. Сұрақтарға жауап береді.
Қорытындылау. Өзін–өзі бағалау.
Балалар өздерінің сабақты қалай түсінгендерін тамшылар көңіл күйі арқылы білдіреді. Балаларды мадақтап, сабақты аяқтаймын.
Сұрақтарға жауап береді, дәлелдейді.
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі:
Ауа және судың қасиеттерін тәжірбие жасау арқылы біледі.
Қандай түсініктерді игерді:
Сусыз және ауасыз тіршіліктің жоқ екенін түсінеді.
Меңгерген дағдылармен іскерліктері:
Балалар өздіктерімен жұмыс жасау дағдысын меңгерді.