СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Сүйікті  Отанымыз – Қазакстан»!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:                                   «Сүйікті  Отанымыз – Қазакстан»!

«Қазақстан»  әуенімен  балалар  залға  кіреді.

Жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар, қадырлы  қонақтар  бүгін  бізге  үлкен  мейрам – отанымыздың  тәуелсіздік  күні. Өз  халқыммен  бірге  ғұмыр  кешу  ол  мереке  деген  қазақ  халқының  нақыл  сөзі 

бар.  1991  жылы  16-шы  желтоқсанда  қазақ  халқы  өзінің  егемендігін  жариялап, дербестікке  талпынды. Биыл  қазақстандықтар  егеменді  еліміздің  мерей  тойын  атап  өтуде. Мерекелеріңіз  құтты  болсын!

Әнұран  орындалады.

Балалардың  тақпақтары.

Алмат: Аспанымдай мөлдірмін, Жайлауымдай жазықпын. Өзенімдей өршілмін, Гүлдерімдей нәзікпін.

Даулет:Қуат алған өзіңнен, Туған елдің ұлымын. Бақытты етіп өсірген Отанымның ұлымын!

Қ.Арнур: Қазақтың елі – ең кең ел! Басшысы жайсаң, кемелді ер! Зейіні зерек, өзі алғыр, Нұратасы кемеңгер! 

Богдан:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

 Аида:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

 Еркеназ:

Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі

 Амина

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Залға  күй  ырғагымен қолында  домбырасы  бар  Күнкей  кіреді:

Мен сұлу Күнкеймін

Дауысым  менің  бұлбұлдай

Домбырамды қолға  алсам,

Жадырайды  Жер-Анам.

Жүргізуші: Сәлеметсің  бе Күнкей! Бізге  келгенің  қандай жақсы болды.

Сенен  ерекше  бір  жылылық  сезіледі. Ал бізде бүгін үлкен мереке – ҚР Тәуелсіздік  күні.

Күнкей: Ия, бұл мереке  жайында  мен  де көп естідім, ал сендер не білесіңдер?!

Жүргізуші:  Әр мемлекеттің  белгісі  болады. Бұл белгілерді  рәміздер  дейміз.

Қанекей  балалар ҚР рәміздерін  атаңдаршы?!

Балалар:  Елтаңба, Ту, Әнұран.

Ту туралы тақпақ: 3 бала

Айнара:

Бәрі болған қазақ сынды көне елде

Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де

Жаһандағы ең жауыргер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге.

Іңкар:Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою – өрнегі , қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,

Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.

Айзере: Қазақтың туың ұстаған, Болашақ жолын нұсқаған. Нұрата аян ғаламға Беделі биік, күшті адам!

 Ән:

Жарайсыңдар  балалар! Мемлекетіміздің  рәміздерін  жақсы  біледі  екенсіңдер. Ал осы  біздің елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә. Назарбаев

Жүргізуші: 1992 жылы 4-ші маусымда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  ту шашағын сүйіп  тұрып, «Қасиетті  ту желбіресін, күніміз  мәңгі  сөнбесін!»- деген.

 Балалардың  назарын Күнкей  суретке аударады: Балалар  мынау  қандай  қала таныдыңдар ма?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Отанымыздың  жүрегі  тәуелсіздігіміздің  тірегі  астана-қазақстанның  жаңа  бейнесі, жарық келбеті. Дүние  жүзіндегі  астаналардың  ішіндегі  ең  жас қала – Астана.

Астана жайлы 2 бала тақпақ айтады.

Қадыр:  Жайнай бер жаңа Астанам Ертегідей ғажап бас қалам Ынтымақтың тербеп бесігін Тәуелсіз ел көшін бастаған

Данара:Киелі менің Ақордам Арудай сұлу таранған Береке, бірлік, достықтың Тұнығынан нәр алған.

Күнкей:  Ал тағы Қазақстанның  қандай  үлкен  қалаларын  білесіңдер?

Балалар: Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау…..

Күнкей:  Жарайсыңдар

Жүргізуші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр  дала. Оның  табиғаты

Алуан  түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл  де, шөл  де, аймақ  та бар.

Әлемге  әйгілі  тарихи  ескерткіштер, табиғаты  көркем  қорықтар көптен кездеседі.

Ал  келесі  балалардың  орындайтын  әсем  әні  де  осы  жайында.

«                                  »  әні

Күнкей: Балалар, судың  сылдырын  естіп  тұрсыңдар ма? бұл көлдегі  судың  дыбысы  ғой. Сендер  білесіңдер  ме қазақстанда  5  мыңнан  артық  көл бар  екен. Олардың  суы  таза, мөлдір  қанша  ішсең  де  шөлің  қанбайды. Ал  сендер  суда  жүзетін  қандай  құстарды  білесіңдер?

Балалар:  аққу, қаз, үйрек……

Күнкей:  Киелі  құс  деп  қандай  құсты  атайды?

Балалар:  Аққу.

 «                                     »  биі.

 Мансур:

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

 Чингиз:

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

 Айсауле:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

 Жанназар

Өзіңдікі туыңда

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да!

 Али:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Мөлдір:

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

Күнкей:  Мен  білемін  балалардың  бәрінен  де  ойын  ойнауды  жақсы көретіндерің. Ал  сендер  ұлттық  ойындарды  білесіңдер  ме?

Жүргізуші:  Білеміз,  ойнап  көрсетеміз.

«Шапшаң жігіт»  ойыны (арқан тартыс ойыны)

Күнкей:   Тамаша!  Ұлттық  ойынды  ойнадық, ал енді   қандай  ұлттық  аспаптарды  білесіңдер?

Балалар:  домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, сыбызғы т.б.

Күнкей: Жарайсыңдар 

Күнкей: Отанымыз  туралы  көп  біледі  екенсіңдер, ал мақал – мәтел білесіңдер   ме?

(балалар  мақал-мәтел  айтады)

Алинур: Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. 

 Сәния: Отан оттан да ыстық,  жалыны бар шоқтан да ыстық.  

 Алихан: Отаны бірдің жүрегі бір,  Жүрегі бірдің тілегі бір. 

Айлана: Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.  

Ән: «                                        »

Күнкей:  Ал, балалар  осындай  керемет  ертеңгіліктеріне  көптен  көп  рахмет, еліміз  тыныш, жұртымыз  аман  болсын, сендердің  шаттық  күлкілерің  жиылмасын,  еліміздің  қалаулы  үлкен  азаматы  болыңдар! Ал енді  мен  кетейін, сау  болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет, Күнкей  сау бол! Осымен  ертеңгілігіміз   аяқталды.

Просмотр содержимого документа
««Сүйікті  Отанымыз – Қазакстан»!»

Тақырыбы:  «Сүйікті  Отанымыз – Қазакстан»!

«Қазақстан»  әуенімен  балалар  залға  кіреді.

Жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар, қадырлы  қонақтар  бүгін  бізге  үлкен  мейрам – отанымыздың  тәуелсіздік  күні. Өз  халқыммен  бірге  ғұмыр  кешу  ол  мереке  деген  қазақ  халқының  нақыл  сөзі 

бар.  1991  жылы  16-шы  желтоқсанда  қазақ  халқы  өзінің  егемендігін  жариялап, дербестікке  талпынды. Биыл  қазақстандықтар  егеменді  еліміздің  мерей  тойын  атап  өтуде. Мерекелеріңіз  құтты  болсын!

Әнұран  орындалады.

Балалардың  тақпақтары.

Алмат: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.

Даулет:Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!

Қ.Арнур: Қазақтың елі – ең кең ел!
Басшысы жайсаң, кемелді ер!
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұратасы кемеңгер! 

Богдан:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

 Аида:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

 Еркеназ:

Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі

 Амина

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Залға  күй  ырғагымен қолында  домбырасы  бар  Күнкей  кіреді:

Мен сұлу Күнкеймін

Дауысым  менің  бұлбұлдай

Домбырамды қолға  алсам,

Жадырайды  Жер-Анам.

Жүргізуші: Сәлеметсің  бе Күнкей! Бізге  келгенің  қандай жақсы болды.

Сенен  ерекше  бір  жылылық  сезіледі. Ал бізде бүгін үлкен мереке – ҚР Тәуелсіздік  күні.

Күнкей: Ия, бұл мереке  жайында  мен  де көп естідім, ал сендер не білесіңдер?!

Жүргізуші:  Әр мемлекеттің  белгісі  болады. Бұл белгілерді  рәміздер  дейміз.

Қанекей  балалар ҚР рәміздерін  атаңдаршы?!

Балалар:  Елтаңба, Ту, Әнұран.

Ту туралы тақпақ: 3 бала

Айнара:

Бәрі болған қазақ сынды көне елде

Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де

Жаһандағы ең жауыргер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге.

Іңкар:Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою – өрнегі , қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,

Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.

Айзере: Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!

 Ән:

Жарайсыңдар  балалар! Мемлекетіміздің  рәміздерін  жақсы  біледі  екенсіңдер. Ал осы біздің елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә. Назарбаев

Жүргізуші: 1992 жылы 4-ші маусымда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  ту шашағын сүйіп  тұрып, «Қасиетті  ту желбіресін, күніміз  мәңгі  сөнбесін!»- деген.

Балалардың  назарын Күнкей  суретке аударады: Балалар  мынау  қандай  қала таныдыңдар ма?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Отанымыздың  жүрегі  тәуелсіздігіміздің  тірегі  астана-қазақстанның  жаңа  бейнесі, жарық келбеті. Дүние  жүзіндегі  астаналардың  ішіндегі  ең  жас қала – Астана.

Астана жайлы 2 бала тақпақ айтады.

Қадыр: Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған

Данара:Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.

Күнкей:  Ал тағы Қазақстанның  қандай  үлкен  қалаларын  білесіңдер?

Балалар: Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау…..

Күнкей:  Жарайсыңдар

Жүргізуші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр  дала. Оның  табиғаты

Алуан  түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл  де, шөл  де, аймақ  та бар.

Әлемге  әйгілі  тарихи  ескерткіштер, табиғаты  көркем  қорықтар көптен кездеседі.

Ал  келесі  балалардың  орындайтын  әсем  әні  де  осы  жайында.

« »  әні

Күнкей: Балалар, судың  сылдырын  естіп  тұрсыңдар ма? бұл көлдегі  судың  дыбысы  ғой. Сендер  білесіңдер  ме қазақстанда  5  мыңнан  артық  көл бар  екен. Олардың  суы  таза, мөлдір  қанша  ішсең  де  шөлің  қанбайды. Ал  сендер  суда  жүзетін  қандай  құстарды  білесіңдер?

Балалар:  аққу, қаз, үйрек……

Күнкей:  Киелі  құс  деп  қандай  құсты  атайды?

Балалар:  Аққу.

 « »  биі.

 Мансур:

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

 Чингиз:

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

 Айсауле:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

 Жанназар

Өзіңдікі туыңда

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да!

 Али:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Мөлдір:

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

Күнкей:  Мен  білемін  балалардың  бәрінен  де  ойын  ойнауды  жақсы көретіндерің. Ал  сендер  ұлттық  ойындарды  білесіңдер  ме?

Жүргізуші:  Білеміз,  ойнап  көрсетеміз.

«Шапшаң жігіт»  ойыны (арқан тартыс ойыны)

Күнкей:   Тамаша!  Ұлттық  ойынды  ойнадық, ал енді   қандай  ұлттық  аспаптарды  білесіңдер?

Балалар:  домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, сыбызғы т.б.

Күнкей: Жарайсыңдар 

Күнкей: Отанымыз  туралы  көп  біледі  екенсіңдер, ал мақал – мәтел білесіңдер   ме?

(балалар  мақал-мәтел  айтады)

Алинур: Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. 

 Сәния: Отан оттан да ыстық, 
жалыны бар шоқтан да ыстық.  

 Алихан: Отаны бірдің жүрегі бір, 
Жүрегі бірдің тілегі бір. 