Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ойын еркін жеткізе алады. Пән лексикасы және терминология: мәтін, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды, кейіпкер, басты кейіпкер, етістік, есімше, көсемше,тұйық етістік т.б |
Осыған дейін меңгерілген білім | «Ауа райы және климаттық өзгерістер», «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық – зор байлық» тақырыптары аясында берілген фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін жазбаша жұмыс барысында дұрыс қөолданады, оған қоса жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуда пайдаланады. |
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минту 10 минут 5 мин | Тыңдалымалды тапсырма: «Атаулар көмегімен болжау» стратегиясы арқылы тыңдалым мазмұны неге қатысты екенін болжаңдар. Тыңдалым тапсырмасы: «Сүйіспеншілік-шынайы сезім» тақырыбындағы аудиомәтіннің бірнеше үзіндісін тыңда, оқиғаның қалай дамығанын жазбаша жалғастыр. (Оқушылар өздерінше болжап аяқтайды.) (Жеке жұмыс) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Мұғалім «Кідіріспен оқу» стратегиясы арқылы тыңдалым мәтінін үш бөлікке бөліп тыңдатады, оқушылар үш бөлімді болжап жазады. Әр болжамнан кейін дұрыс жауап тыңдалып, оқушылар өз нұсқаларын салыстырады. Болжам жазу кезінде төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңдар: -ған,-ген, -қан, -кен, -ар,-ер,-р, -атын,-етін, йтын,-йтін. -мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек. -а,-е,-й, -ғалы, -гелі,- қалы,-келі, -ып,-іп,-п; Дескрипторлар: Тақырыптың мазмұнын суретке қарап болжай алады; Зейінін шоғырландырып, тыңдай алады; Әр бөлімнің соңын мазмұнына сай болжай алады. Өзінің болжауында есімше, көсемше, тұйық етістіктің жұрнақтарын орынды қолдана алады. Грамматикалық норманы меңгерту Оқушылар өздерінің жазған мәтіндерінде қолданған есімше, көсемше, тұйық етістіктің жұрнағын жалғаған сөздердің астын сызып, мұғаліммен бірге осы сөздердің ерекшелігін зерттейді. Тапсырма: өздерің астын сызған сөздердің қандай қызмет атқаратынын, қандай мағына беріп тұрғаныны анықтаңдар. Ол сөздерді алып тастасаңдар қандай өзгерістер байқайсыңдар. Осы талқылаулардан кейін мұғалім толықтырып, есімше, көсемше, тұйық етістік түрлері мен қызметі туралы мәлімет береді. Дескрипторлар: Есімше, көсемше, тұйық етістікті сөйлемдерінде орынды қолдана алады; Есімше, көсемше, тұйық етістіктің жұрнақтарын ажырата алады; |
https://www.youtube.com/watch?v=IzaRkN6uWRA |