презентацияда су тас?ыны, сел, сыр?ыма, к?шкін сия?ты апаттар туралы аны?тама берілген, суреттер ?осыл?ан. б?л материалды 8 ші сынып о?ушылары ?шін пайдалану?а болады. о?ушылармен осындай апаттарды? шы?у себептері мен салдары туралы тал?ылау ж?ргізуге ?осымша к?мекші материал болып табылады.
Просмотр содержимого документа
«"СУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАТЫН АПАТТАР" тақырыбы бойынша 8-сыныпқа арналған презентация»
Сел, сырғыма, көшкіндердің себептері мен салдарлары, болжау әдістері мен ескерту. Су апаттары.
Сабақтың мақсаттары: 1.Судың әсерінен туындайтын апатты жағдайларға қатысты ұғымдарды білу. 2.Фотосуреттер арқылы сумен байланысты апаттардың типін анықтай білу. 3.Сел, сырғыма, көшкіндердің себептері мен салдарларын білу. 4.Құбылыстардың себеп-салдарларын түсіндіре білу.
Сел ( арабша сайль — жойқын тасқын ) - таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Сел болған жылдар
- 1887 жылы жер сілкіну әсерінен Алматы қаласында нда көлемі 440 млн. м 3 болатын ірі тастарды ағызып әкелген күшті, лайлы сел болды.
- 1928 жылы қатты нөсер жауын салдарынан Іле Алатауының терістік беткейінде 20-дан астам сел болып өтті.
- Нөсер жауындардан соң 1921 жылы, 1941 жылы Кіші Алматы, 1950 жылы Үлкен Алматы, 1959 жылы.
- Текелі өзендерінде жойқын селдер болды.
Көшкін – таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы . Қар Көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады.
Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары және т.б.) болып табылады.
Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі, су қоймаларының бұзылуы нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу.
Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.