Пән аты: Информатика
Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Суреттерді енгізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды презентацияға суреттерді енгізуді үйрету
Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушының сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын аттыру.
Просмотр содержимого документа
«Суреттерді енгізу»
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Суреттерді енгізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды презентацияға суреттерді енгізуді үйрету
Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушының сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын аттыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайд
Сабақ өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілетін тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бекіту
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Оқушылар бөлінген тақырыптары бойынша презентация көрсетіп, оны қорғайды.
Сұрақтар
1.Дыбыс қалай енгізіледі?
2. Кестеге жолдарды қалай қосады?
3.Презентацияға бейнені қалай енгізгеніңді айтып бер.
Жаңа сабақ түсіндіру
Графикалық кескіндерді кірістіру үшін Лентадағы Кірістіру қосымша бетінде орналасқан Иллюстрациялар тобын қолдану керек.

Суреттерді енгізу үшін төмендегі әрекеттерді орында:
-Сурет командасы арқылы Суреті кірістіру терезесі шақырылады,ол жерден бейнесі бар файлды таңдайсың да, Кірістіру батырмасын басасың.
Кірістіру (Вставка) бетіндегі Клип батырмасы Клип тақтасын шақырады .
Microsoft Power Point 2010 –да кескінді өзгерудің келесі жаңа мүмкңндңктерң қарастырылған:
Удалить фон | Кесніннің ұнамсыз бөліктерін авоматты түрде өшіру |
Художественные эффекты | Кескінге түрлі көркем эффектілерді қосу |
Коррекция | Суреттің жарықтылығын, аралас түстерін және анықтылығын жақсарту |
Цвет | Суреттің түсін өзгерту |
Макет ресунка | SmartArt графикалық элементі арқылы суреттерді түрлендіру |
Кескінді дәл қою
Суретке қажетті түр беріп және суретті тартымды етіп жасау үшін суреттерді қиюға және қажет емес элементтерін алып тастуға арналған қию құралын қолдануға болады. Ол үшін :
Суретті ерекшелеп, Пішім (Формат) қосымша бетіндегі Қиып алу (Обрезка) командасын Өлшам (Размер) тобынан таңдайсың.
Кескінді қию үшін маркерді қолданасың.
Smart Art графикалық элементтерінің макеті
Smart Art графикалық элементін құру үшін келесі эрекеттерді орында:
- Кірістіру қосымша бетіндегі Иллюстрациялар тобынан
Smart Art командасын таңдайсың.
- Smart Art суретті таңдау сұхбат терезесінде Сурет- Акцент беретін сурет макетін таңдайсың.
- Слайдта кескін пайда болады. Ақпаратты енгізу үшін тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып тізімді ашасың.


Мәтін аймағына мәтінді енгізу үшін:
Enter- тағы бір элемент қосу;
Tab- келесі деңгейге түсіру;
Backspace-жоғары деңгейге көтеру;
Delete немесе Backspace –қажет емес элементтерін өшіру.
Фигуралармен жұмыс (автофигуралармен) жасау үшін келесі әрекеттерді орында:
Фигураны кірістіру –Лентаның Кірістіру қосымша бетіндегі Иллюстрациялар тобынан Фигуралар командасын таңда. Фигураны анықтағаннан кейін меңзерді слайдқа жылжытысыңда, аймағын ерекшелей отырып, фигураны саласың.

Жаңа сабақты бекіту:
Компьютерде слайдқа суреттерді,фигураларды енгізіп тәжірибелік жұмыс жүргізіледі.
Қорытындылау:
Тәжірибелік жұмыс тексеріліп, материал пысықталады.
Үй тапсырмасы:
Өтілген тақырыпты оқу.
Бағалау