СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сущность, содержание творческой деятельности в психологии

Категория: Искусство

Нажмите, чтобы узнать подробности

шығармашылық іс әрекет манызы

Просмотр содержимого документа
«Сущность, содержание творческой деятельности в психологии»

Шығармашылық іс - әрекет мәні, мазмұны.

Шығармашылық іс - әрекет мәні, мазмұны.

Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады:  қайта жаңғырту (репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байланысты — өткен тәжірибені салыстырмалы түрде айнытпай қайталау; шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.

Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады:

  • қайта жаңғырту (репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байланысты — өткен тәжірибені салыстырмалы түрде айнытпай қайталау;
  • шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.
Шығармашылыққа деген мотивацияның негізгі екі түрі: ішкі (шығармашылық қабілеттермен еркін ойнаудан қанағат алу, өзін танытуға, сынауға құштарлық, рухани қажеттілік, өмір салты); сыртқы (тіршілік үшін күрес, практикалық пайда, ерекшелену немесе басқаларды таң қалдыру); Сыртқы қажеттіліктер шығармашылыққа стимул бола алатындығы анық болғанымен, олар соңғы нәтижені бүтіндей шарттай алмайды. Біріншіден сыртқы қажеттілік ішкіге айналуы қажет. Шығармашылық процессте негізгі рольді қиял процессі иеленеді. Принциптік түрде жаңаны ескіден логикалық жолмен шығаруға болмайды.

Шығармашылыққа деген мотивацияның негізгі екі түрі:

  • ішкі (шығармашылық қабілеттермен еркін ойнаудан қанағат алу, өзін танытуға, сынауға құштарлық, рухани қажеттілік, өмір салты);
  • сыртқы (тіршілік үшін күрес, практикалық пайда, ерекшелену немесе басқаларды таң қалдыру);

Сыртқы қажеттіліктер шығармашылыққа стимул бола алатындығы анық болғанымен, олар соңғы нәтижені бүтіндей шарттай алмайды. Біріншіден сыртқы қажеттілік ішкіге айналуы қажет.

Шығармашылық процессте негізгі рольді қиял процессі иеленеді. Принциптік түрде жаңаны ескіден логикалық жолмен шығаруға болмайды.

Шығармашылықпен белсенді айналысқан 2000 адамның өмірбаянын зерттеу арқылы ғалымдар шығармашыл жеке тұлғаның келесі сапаларынң тізімін беріпті:

  • Шындыққа жанаспаса да мақсатты жасқанбай таңдай алу, және оны өз өмірінің басты векторына айналдыру;
  • Қойлыған мақсатты жету жолындағы шешілуі қажет проблемаларды көруге деген қабілеттілік;
  • Жоспарға сәйкес жұмыс істеуге деген қабілеттілік. Айлық, жылдық, өмірлік жоспарлырдың болуы. Сол жоспарлырдың орындалуын қадағалау.
  • Жоғары жұмыс өнімділігі.
  • Мәселе шеңберіне енетін шығармашылық міндеттерді шешуге бағытталған жақсы техниканың болуы;
  • Кез-келген жағдайларда өз идеяларын қорғай алу. Табыссыздықтан қорықпау.

Біздің шығармашылыққа бейім тұлға жайлы ойларымызды әдетте екі қарама-қарсы стереотиптер арқылы беруге болады:

Біріншісі – жүз процентке табысты: ойлы көзқарас, кенет ойға келген идея, аз уақыт ішінде мойындау, табыстар, қызықты адамдармен кездесулер, ұлылармен достық, халықаралық конгресстер, мадақтаулар;

Екінші стереотип қайғы қасіретке толы: шығармашылықпен байланысты еңбек жұмысшылар-дыкінен қиын – қаржының жетіспеушілігі, мойындатумен байланысты таусылмас күрес; Бұл пікірлердің қайсысы дұрыс екеніне таласпауға да болады, себебі мұның бәрі өмірден көрінісін табуда.

Шығармашылық көп деңгейлі екені анық. Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық міндеттеріне байланысты шығармашылықтың келесі деңгейлері ажыратылады (Г.А.Альтшуллер бойынша): Белгілі әдісті белгілі мәселені шешуге қолдану. Мұнда не берілген мақсат үшін тікелей арналған тәсілдер қолданылады, немесе мәселені шешудің альтернативалық варианттарының біреуі таңдалады. Белгілі шешімнің жаңаша қолданылуы немесе шешімі бұрыннан белгілі мәселені берілген аймақта шешуге қолданылмаған тәсіл арқылы шешу. Ғылым аймағы үшін жаңа мәселе үшін барлық жағынан жаңа шешім табылады. Мұндай шығармашылық алыс келешекке жұмыс жасайды.

Шығармашылық көп деңгейлі екені анық. Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық міндеттеріне байланысты шығармашылықтың келесі деңгейлері ажыратылады (Г.А.Альтшуллер бойынша):

  • Белгілі әдісті белгілі мәселені шешуге қолдану. Мұнда не берілген мақсат үшін тікелей арналған тәсілдер қолданылады, немесе мәселені шешудің альтернативалық варианттарының біреуі таңдалады.
  • Белгілі шешімнің жаңаша қолданылуы немесе шешімі бұрыннан белгілі мәселені берілген аймақта шешуге қолданылмаған тәсіл арқылы шешу.
  • Ғылым аймағы үшін жаңа мәселе үшін барлық жағынан жаңа шешім табылады. Мұндай шығармашылық алыс келешекке жұмыс жасайды.
Техникалық шығармашылықта шығармашылық іс-әрекетке ықпал ететін бірнеше жүйелер мен теориялар жасалған. Ол әдістер өз алдына екі үлкен топқа бөлінеді: — психологиялық; — алгоритмдік. Психологиялық әдістер ойлау, қиял әрекеттерін белсенді ететін психологиялық әсер ету құралдарын қолдануды білдіреді. Оларға ми штурмы, морфоанализ, бақылау сұрақтары және т.б. жатады. Әдетте шығармашылықты адамның іс-әрекет сферасына қарай айырады: — ғылыми; — техникалық; — көркем өнер; — қолөнерлік және қолданбалы; — діни; — мистикалық; — күнделікті-практикалық және т.б.

Техникалық шығармашылықта шығармашылық іс-әрекетке ықпал ететін бірнеше жүйелер мен теориялар жасалған.

Ол әдістер өз алдына екі үлкен топқа бөлінеді:

— психологиялық;

— алгоритмдік.

Психологиялық әдістер ойлау, қиял әрекеттерін белсенді ететін психологиялық әсер ету құралдарын қолдануды білдіреді. Оларға ми штурмы, морфоанализ, бақылау сұрақтары және т.б. жатады.

Әдетте шығармашылықты адамның іс-әрекет сферасына қарай айырады:

— ғылыми;

— техникалық;

— көркем өнер;

— қолөнерлік және қолданбалы;

— діни;

— мистикалық;

— күнделікті-практикалық және т.б.

Соңғы жылдары психоаналитикалық әдебиеттердің өзінде шығармашылық белсенділік невротикалық бұзылыстарды компенсациялаудың механизмі ғана емес, ол жеке тұлғаның дербес ішкі қажеттілігі деген пікірлер айтылуда. Бірақ соның өзінде бұл қажеттіліктің негізі бар ма, болса оның ролі қаншалықты деген мәселе ашық қалуда. Адамды шығармашылыққа қозғайтын түрткілер табиғаты ең басты мәселелер қатарына жатады. Психоаналитикалық пікірлерге сүйенетін болсақ шығармашылықтың негізінде сублимация механизмі жатыр. Моральдық шектеулерге байланысты іске асырылмай қанағаттандырылмай қалған қажеттіліктер, әсресе айтқанда либидолық қажеттіліктер әлеуметпен еш шектелмейтін шығармашылықтан көрінісін табады. Бұдан логикалық түрде шығатын қорытынды шығармашылыен айналысатын адамның ішкі кикілжіңі ауыр болған сайын, оның қажеттіліктері қанағаттанырылмай ығыстырылған сайын әсіресе махаббатқа деген қажеттілік — оның шығармашылық белсенділігі де өнімді бола түседі.

Соңғы жылдары психоаналитикалық әдебиеттердің өзінде шығармашылық белсенділік невротикалық бұзылыстарды компенсациялаудың механизмі ғана емес, ол жеке тұлғаның дербес ішкі қажеттілігі деген пікірлер айтылуда. Бірақ соның өзінде бұл қажеттіліктің негізі бар ма, болса оның ролі қаншалықты деген мәселе ашық қалуда.

Адамды шығармашылыққа қозғайтын түрткілер табиғаты ең басты мәселелер қатарына жатады. Психоаналитикалық пікірлерге сүйенетін болсақ шығармашылықтың негізінде сублимация механизмі жатыр. Моральдық шектеулерге байланысты іске асырылмай қанағаттандырылмай қалған қажеттіліктер, әсресе айтқанда либидолық қажеттіліктер әлеуметпен еш шектелмейтін шығармашылықтан көрінісін табады. Бұдан логикалық түрде шығатын қорытынды шығармашылыен айналысатын адамның ішкі кикілжіңі ауыр болған сайын, оның қажеттіліктері қанағаттанырылмай ығыстырылған сайын әсіресе махаббатқа деген қажеттілік — оның шығармашылық белсенділігі де өнімді бола түседі.

В.С.Ротенбергтің пікірінше шығармашылық дегеніміз ізденістік белсенділіктің түрі ал ізденістік белсенділікті ол өз алдына былай тұсіндіреді: “белсенділіктің жағымды нәтижелері болжанбаса да субъектінің өзін немесе ситуацияны өзгертуге бағытталған белсенділігі”. Ізденістік белсенділіктің мидағы механизмдері жайлы әлі мәлімет аз.

В.С.Роттенбергтің жануарлар мен адамдарға жүргізген эксперименттерінің нәтижесі ізденістік белсенділік әр түрлі зиянды факторларға деген адамның қарсы тұра алушылығын жоғарылататындығын көрсетті. Бұл эффект ізденіс белсенділігімен қатар жүретін эмоциялардың жағымы не жағымсыз болуына тәелді емес: екі жағдайда да ауруларға деген төзімділік деңгейі жоғарылайды. Бұған қарама-қарсы күй — субъектіні ситуация қанағаттандырмаса да ізденістік ситуациядан бас тартса — индивитің реистенттілігін төмендетіп өлімге алып келуі де ықтимал. Бұл жерде өте маңызды нәрсе ситуация индивидпен орташа ретінде бағаланып, ізденістік белсенділік деңгейі төмендетілген жағдайда да организмнің теріс әсерлерге резистенттілігі төмендейді. Бұл ізденістік белсенділіктің бар не жоқ болуы, ситуацияны эмоционалды бағалаудан да маңызды екенін көрсетеді.

. Шығармашылық әрекет мақсатын мұғалім қояды. Оқушы бұл мақсатты ат үсті қабылдайды. Мұның өзі ерік, күшінің төмен денгейде болуына алып келеді; Мұғалім тапсырманы немесе тақырыпты хабарлайды, осыған сәйкес оқушының өзі шығармашылық әрекетті жүзеге асыруга тиіс, сөйтіп осы негізде оқушы мақсатын өзі немесе мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсаттың койылуына ізденімпаздық үлесінің көп болуы ерік, күшінің неғұрлым жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді; Оқушы өзінің шығармашылық әрекетінің мақсатын өз бетінше анықтайды, бұл - өз бастамасымен өз бетінше жұмыс істеу болып табылады. Мұндай жағдайда ерік күшінің деңгейі неғұрлым жоғары. В.И.Селиванов оқушылардың ерік - күшінің түрлі сипатын айқындайтын оқу-танымдық әрекеттің мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсетеді:

. Шығармашылық әрекет мақсатын мұғалім қояды. Оқушы бұл мақсатты ат үсті қабылдайды. Мұның өзі ерік, күшінің төмен денгейде болуына алып келеді;

Мұғалім тапсырманы немесе тақырыпты хабарлайды, осыған сәйкес оқушының өзі шығармашылық әрекетті жүзеге асыруга тиіс, сөйтіп осы негізде оқушы мақсатын өзі немесе мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсаттың койылуына ізденімпаздық үлесінің көп болуы ерік, күшінің неғұрлым жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді;

Оқушы өзінің шығармашылық әрекетінің мақсатын өз бетінше анықтайды, бұл - өз бастамасымен өз бетінше жұмыс істеу болып табылады. Мұндай жағдайда ерік күшінің деңгейі неғұрлым жоғары.

В.И.Селиванов оқушылардың ерік - күшінің түрлі сипатын айқындайтын оқу-танымдық әрекеттің мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсетеді: