СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағатының жоспары

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

сынып жетекшілерге арналған методикалық көмек

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағатының жоспары»

Тәрбие сағаты: Суы, жері дуалы Жуалы

Тәрбие сағатының мақсаты: Батырдың бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай батырлық, патриоттық,адамгершілік,әдептілік, кішіпейілділік, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу патриотизм сезімін қалыптастыру;оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Мультимедиялық тақта , суреттер, бейнебаяндар

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар бүгінгі Жуалы ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Суы, жері дуалы, Жуалы» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қазақ халқының нұрлы болашағын аңсап, оны жақсы жерлерге қоныстандыруды көксеген Асан Қайғы бабамыз Жуалы өңірінің қасиетін айтып кеткен болатын. "Шөбің шүйгін, суың - бал, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер" деп тамсанған Асан ата осы аймақтан аттанарда:

Басқаның бәрін қисаң да,

Жуалыны қимайсың.

Бөктеріп алып кетер ем,

Ат сауырына симайсың, -

деп тебірене жыр төккен деседі.

Еркеназ: Төскейінде сайрандап сері құйын,

Асқақтайды Алатау өрі дүйім.

Дидарыңа тамсанған Асанқайғы ,

Іздеп жүріп тынымсыз жерұйығын.

Беу,беу Жуалы!

Батырлардың мекені

Ақындардың мекені

Сағынтасың аңсатып,

Ұзап шықсам екі елі

1-жұргізуші: Ендеше ауданымыздың тарихына көз жүгіртсек

1,2,3-слайдтар көрсетіледі.

Ақжүніс: Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның "Жұлдызы биік Жуалы" атты белгілі очеркінде: "Жуалының бір аты бағзы заманнан "Мын-Бұлақ" болатын" деп жазады.

Біздің эрамыздың VII ғасырында өмір сүрген қытай монағы Сюань-Цзянь Қытайдан шығып Шашқа (Ташкент) дейін сапар шеккен жолында осы Мыңбұлақ жөнінде былай жазған: "Мыңбұлақ жерінің оңтүстігін басын мұзарт басқан биік таулар қоршайды. Суы мол, орман-тоғайы тұнып тұр. Көктемнің соңғы айында жайқалып өскен түрлі-түсті гүлдер шебердің қолынан шыққан әсем кілемдей көздің жауын алады. Мұндағы сай-сай болып аққан мөлдір бұлақтардан аяқ алып жүргісіз. Сондықтан да Мыңбұлақ атанған. Түріктердің ханы жылда ыстық жақтан ығысып, жазда осында дем алған. Мұнда мойнына қоңырау таққан бұғы, елік көп кездеседі. Адамдарға үйренгені сонша, қасына барсаң да қашпайды. Хан еліктерді жақсы көрген. Солардың жайылып жүргеніне қарап рахаттанып отырған. Ол өз қол астындағы елге арнап жарлық шығарған: "Онда кімде-кім бір елікті өлтірсе, табанда өлім жазасына тартылады" делінген".

Бексұлтан: Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді.

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

Ерсұлтан: Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06 % шешендер, 1,04 % әзірбайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер.

Нұрсұлтан: Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан[Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауықоршап жатыр.

Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді.

Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, Билікөл, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады.

Аудан аумағы 15 ауылдық округтерге бөлінген. Ауданда барлығы 52 елді- мекен бар.



Құдайберген:

Аппақ,аппақ гұлдері

Жасыл,жасыл жерлері

Көгінде аспан әлемі

Исің жұпар аңқиды-ау

Жуалым, менің Жуалым

Олжас: Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі.

Нұрдаулет: Беу,беу Жуалы!

Жаратқандай мың құздан

Бауыржанды туғызған

Өзің едің мағанда

Өлең жолын қуғызған.

Зейнеп: Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 4,2 мың км². Тұрғыны 51 796 адам (2010). Аудандағы 52 елді мекен 11 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы

Айсұлу: Жанаты жердің Жуалы

Зеңгір көк төккен шуағын

Көл-көсір, өлең бұлағым

Атамекен- тұрағым

Жалындай жанып шырағым

Төсіңде сайран құрамын

Тебірентіп жүрегім

Арналар саған жыр әнім

Жуалым менің Жуалым!

4,5,6-слайдтар көрсетіледі

Ұлдана: Жуалыдан шыққан жұлдыздар:

Бауыржан Момышұлы ( 1910 - 1982)— Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Шерхан Мұртаза(1932 жылы туған) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).

Тайыр Бүркітбайұлы Тастандиев (1924 – 1974) — Екінші Дүниежүзілік соғыс батыры. Жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері.

Бауыржан Үсенов (1960-1991) — жазушы, журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Жуалы әні орындалады хормен.

Нұрсұлтан: Ауданда негізгі екі бағыттағы конфессияда: ислам және христиан діндері бойынша діни орындар жұмыс істейді. Барлығы 25 мешіт, 1 шіркеу және 3 діни танымдық үйлері бар. Бүгінгі мәлімет бойынша діни орындарға келушілердің жалпы саны 589 адамды құрап отыр.

Ауданда қазақ, славян, өзбек, әзірбайжан және шешен - барлығы 5 мәдени-ұлттық орталықтары жұмыс атқарады. Олардың барлығы 1993 жылы құрылып, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін насихаттау бағытында қызмет етуде.

Би «Сары жайлау» әніне.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.