Просмотр содержимого документа
«Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес»
Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес
Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзі – өзі бағалау, қабілеттік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. ( Александр 2001) [56 б]
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағыталған қызметі белгілеу үшін қолданылатын термин.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол оқушыны бағалау және оқушының өзін – өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта дам керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Оқуды бағалаудың мақсаты, керсінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға бағыталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002 ).
Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау).
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.
Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы ортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.
Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болдып табылады.
Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасаукөмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесеүй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Суммативті оқыту, керсінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау немесе білім деңгейі мен оқу дағдыларын анықтау үшін қолданылады.
Суммативті бағалау әр түрдегі оқытудың жиынтық жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша жүргізіледі ( тесттер, сынақтар, бақылау жұмыстары және т.б). Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп те атайды. Суммативті бағалау белгілі бір уақыт аралығындағы оқушының алған білімін тексеру болып табылады. Қорытынды баға формативті және суммативті бағалаудың қосындысының нәтижесінде шығарылады.
Бағалаудың мақсаты неде?
Бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін , қалай өткізуі керек екндігі туралы түсінігіне негізделеді.
- Оқытудың қиындығын анықтау.
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жауап деңгейлеріне, сабақ барысындағы белсенділіктеріне сай деңгейлік тапсырма беру арқылы бағалау парағына өз - өздерін бағалату.
- Кері байланыс.
Мұғалім оқушының проблемаларын түсініп, оны шешу жолдарын ұйымдастырады. «Блиц-сауалнама» стратегиясы бойынша: «Не? Қайда? Қашан? Кім?» -деген қысқа сұрақ – жауап әдісі. Осы арқылы оқушылардың тез еске түсіріп, жылдам әрекет ету, қаншалықты сабақты түсінген деңгейлерін де бақылауға болады.
- Уәж.
Ақпаратты таңдау және іріктеу арқылы, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылығы артады.
Осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаның оқу барысында 7 модульдің ішіндегі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін тарих сабағымда кеңінен пайдаланамын.
Қазіргі таңда "бағалау" деген сөзді естігенде мұғалім қауымының құлағы селт етпей кетпесі анық. Олай дейтінім, бүгінгі кезеңдегі иновациялық бағыттағы яғни білім беру ісін тереңдету мақсатында жүргізіліп жатқан біршама жаңарудан кейін, әр мұғалім оқушыларды бағалау тәжірибесінде әр қилы өзіндік жаңалықтар енгізуде.
Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, курс барысында бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, қателерін өзіне түзету арқылы және бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыттың ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданданамын:
- Қол белгісі немесе "Сұқ саусақ" арқылы бағалау;
- Шапалақтау немесе мадақтау;
- Стикерге бағалау;
- " 2 жұлдыз, 1 ұсыныс";
- "Мақсат ағашы" арқылы бағалау;
- Өзін - өзі бағалау;
- Жұпта бірін -бірі бағалау;
- Топта бірін - бірі бағалау.
Бағалау критерийі - дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары ( әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. ( Глоссарий)
Тарих сабақтарында төмендегі үлгілердегідей "бағалау критерийлері" арқылы оқушылардың білімін бағалаймын.
1) Бағалау парағы:
АТЫ- ЖӨНІ:
Мен тақырпты түсіне отырып, сұрақтарға жауапты тереңінен ойладым, құрбыма да ой қостым. Тақырыпты ұзақ уақыт есте сақтай аламын. Өзгелердің ойын ұқтым. 5
Тақырыпты түсіндім, бірақ ойымды сұраққа жауап кезінде жүйелей алмадым. Қосымша толықтыруды қажет етемін. 4
Тақырыпты түсінуде, сұрақтарға жауап кезінде қиындықтар туындады. Өзгелердің жауаптарын қабылдай аламадым. Маған сұраққа жауап беруге құрбыларым көмектесті. Маған қосымша түсіндірме керек 3
САБАҚ ТУРАЛЫ ПІКІРІҢ: ________________________________________________________________________________________________________________________________
Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан – жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан – жақты жетілген тұлғаны дайындау міндеті тұр.
Қорытындылай келе сынып оқушыларын бағалау барысында оқшылардың білімін тексеру оңай жұмыс емес екені белгілі. Баға қою білімділікті және шеберлікті талап етеді. Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалімдер баға қоюға өте мұқият болу керек деп түсінемін. Оқушыларғ қойылған әр бағаға сенімді түрде анализ жасап, оларды әрі қарай дамуға қалайша бағыттауға болатынын түсіндім. Алдағы уақытта критериалды бағалау технологиясы мен оқу процесінде жиі пайдаланам деген қорытындыға келдім.
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. "Назарбаев Зияткерлік мектебі" 2012 жыл