« Қазақшаңыз қалай екен?» сайыс сабақ.
Мақсаты:
1. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу.
2.Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру.
3.Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
4.Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушыны анықтау.
Көрнекілігі: Даналық сөздер, тапсырмалар, слайдтар.
1-ж. Қайырлы күн құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер. Бүгінгі біздің
«Қазақшаңыз қалай екен?» атты сайысымыз қазақ тілі апталығына байланысты өткізіліп отыр.
2 ж. Еліміздің рәміздері: әнұраны, туы. Елтаңбасы, сонымен бірге Астанасы, ұлттық валютасы және мемлекеттік тілі бар. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ресми тіл болып қабылданған. Әрбір мектептерде , ұйымдарда, кәсіпорындарда қазақ тілін дамытуға көп көңіл бөлінуде.
1 ж. Біздің мектепте де іс қағаздар екі тілде жүргізіліп, қазақ тілін оқыту туралы мәселелер қолға алынып жатыр. Оның бір айғағы бүгінгі « Қазақшаңыз қалай екен?» атты сайысымыз. Сонымен осы сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
2 ж. Сайысымызды бастамас бұрын әділ –қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1ж
Сайысқа үш топ қатысады. Біздің топ: «Қыран» тобы
Біздің топ: «Сөз мергендері»тобы
Біздің топ: «Сұңқар »тобы
Біздің сайысымыз 7 кезеңнен тұрады: слайдтар көрсету.
1.Сөйлемдерді дұрыс құрап жаз. (5 мин) 2 жүргізуші
2.Диалог құрау (10 мин ) 1 жүргізуші
3.Өнер (5 мин.) 2 жүргізуші
4.Мәтінді аудару. (5 – 7 мин) 1 жүргізуші
5.Пирамида (5 мин) 2 жүргізуші
6.Суреттердің атын үш тілде жазыңдар. (3мин) 1 жүргізуші
7.Сұрақ – жауап (10 мин.) 2 жүргізуші
1 жүргізуші:
Думан толы тіршілікке дау бар ма,
Көп нәрсеге керек екен тіл-көмей.
Кейде ойлаймын, тіл болса да тауларда,
Маңғазданып, тұрған шығар үндемей.
Өз еркі ғой,
Қиналтпайды ол да аса,
Бұл өмірден сыбағамды мол алам.
Бірақ, бірақ, ана тілім болмаса,
Дүниеден бір жолата жоғалам,- дей отыра сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
Жеңімпазды атап,мадақтамалар мен сыйлықтар ұсынады.
П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі.
Сайыс сабақ
Қазақшаңыз қалай екен ?
Дайындағандар:
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері
Ержанова Г.С.
Тілеухан А.
2015-2016 оқу жылы