СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптан тыс шара "Ауғанстан ақиқаты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "Ауғанстан ақиқаты"»

www.ZHARAR.com









































Сабақтың тақырыбы: Ауғанстан ақиқаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге, өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер, слайдтар

Сабақтың барысы:
І бөлім. Деректеме «Ауғанстан ақиқаты» видеоролик

ІІ бөлім. “Өлең – сөздің патшасы” оқушылардың мәнерлеп оқуы
Бітпейді соғыс салған салдарлары, 1-оқушы
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жирмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

Бауырым, сен де соған барып қайттың 2- оқушы
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын !

ІІІ бөлім. «От кешкен Ауғанстан ардагерлері» Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер туралы деректемелер. слайд

ІV бөлім. “Сөздің көркі - мақал” мақал-мәтел жарысы (Отан, ерлік, батырлық
туралы мақал-мәтелдер)

“Әлия” әнін тыңдау
V бөлім. «Он сегізінде от кешкендер» Ауғанстан соғысына қатысқан
ардагер туралы деректеме. /мұражай/

VІ бөлім. “Ойлан тап” жұмбақ жарысы.

1. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
2. Жылт-жылт еткен, жырғадан өткен. (мылтық оғы)
3. Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған
Мерт қылады жақын келген нәрсені
Қастық қылса, жаудың жайы табылған. (бомба)
4. Сырты ағашпен қабатталған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған,
Асылды ішіндегі алсаң тартып
Тіліндей сұр жыланның, жалақтаған. (қылыш)
5. Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе де бірде танып кідірмейді
Күні-түні барады тынбай жүріп
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмей (өмір)
6. Өмір-өмір, өмірден
Жаққан оты көмірден
Шыңрау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (оқ, мылтық)

Сендер мына тапсырмада нүктелердің орнына керек сөзді қойып, мақал-мәтелдің мағынасын ашыңдар.
а) Ердің аты...шығады.
ә) Ер игісі...жүгін көтереді.
б) Досыңның досы дос,
Жауының...одан да жақсы дос.
в) Батыр...дәулеті,
Балқұрақ...сәулеті.
г) Ер жігіт...үшін туады,
...үшін өледі.
Қорытынды: «Атамекен» әнін тыңдау