Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара Математиктер, алға»
Сайыстың тақырыбы: «Математиктер, алға!»
Мақсаты:
Оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру. Баланың ақыл-ойының дамуына, математикалық танымдарын арттыруға жағдай жасау, практикалық дағды, іскерліктерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, қимақағаздар.
Барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі кеш төрінде, математика елінде
Көңілді кешті ашайық.
«Математиктар, алға!» сайысына қош келіпсіздер. Сіздерді ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейік. Ойын 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең 10 ұпаймен бағаланады. Жауаптар нақты, тез болуы керек. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Серігің болсын ойында.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар сайыс жолында! – дей отырып, ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырамыз. Оларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлеміз. Таңдаған фигураларына байланысты топтар «Үшбұрыш», «Шаршы», «Дөңгелек» және «Көпбұрыш» деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім
І тур «Таныстыру»
Әр топ өздері таңдап алған фигураны таныстырады.
ІІ тур «Логикалық есеп»
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек топ озар,
Сұрақтары қиын болсын.
1-топқа сұрақтар
Кесіндіні 4-ке бөлу үшін неше рет кесемін?
3 –ті 4 рет қоссаң қанша болады?
Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек. Шаршы қай жерде орналасқан?
Бір жанұяның 5 ұл баласы және әрқайсысының біреуден қарындасы бар. Жанұяда неше бала?
2-топқа сұрақтар
Ұзындығы 20 см жіпті қақ ортасынан бөлсек әр бөлігі қанша болады?
15-тен 2 рет 3-ті азайтсақ қанша шығады?
Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
Асан мектепке қарай бара жатты. Алдынан әкесі, анасы, қарындасы кездесті. Неше адам мектепке бара жатыр?
3-топқа сұрақтар
Анасы қалтадағы 3 алманы 3 баласына бөліп берді. Сонда қалтада 1 алма тұрды. Ол қалай?
Мен екі сан ойладым. Ол сандарды бір біріне қосқанда 6 шықты. Ол сандарды бір-бірінен азайтып едім тағы да 6 шықты. Ол қандай сандар?
Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 1 тәуліктен кейін күнді көруге бола ма?
Ұзын жіпті 3 жерден кестім. Жіп неше бөлікке бөлінді?
4-топқа сұрақтар
Дүкен сөресінде бірнеше қарбыз жатты. Келген 3 сатып алушының әрқайсысы 2 қарбыздан алғанда, қарбықдар бітіп қалды. Алғашында сөреде неше қарбыз жатты?
2-ні 6 рет қоссақ неше шығады.
Бөренені 5 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?
1 бет қағазды қақ ортасынан бүктеп, содан соң тағы бір бүктедім. Бүктелген жерлерінен кестім. Неше парақша шықты?
ІІІ тур «Конструктор»
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – мыналарды құрып көр!
Берілген геометриялық фигуралардан өз қиялдарына байланысты бір нәрсе құру.
ІҮ тур «Ойлан, тап!»
Бұл күні ғылым саны тұр биікте.
Ойлап тапқан бәрін де адам миы,
Сондықтан бас иеміз жүйріктерге.
Тапсырма: Нәтиже дұрыс болатындай етіп, таңбалар мен жақшаларды қойыңдар.
50 40 20 = 70 96 40 6 = 50 75 4 30 = 49
30 3 60 = 93 20 10 80 = 90 78 50 10 = 18
Ү тур «Жеміс теру»
Әр ойыншы себеттен өзіне ұнаған жемісті таңдап алып, артындағы мысалды со бойда шығару керек.
ҮІ тур «Суретшілер»
Білімі мен өнерін қосып алып,
Жұмысқа кіріседі топтарымыз.
Ақтық сайыс, мәре де жетіп қалды,
Алға озар ең мықтысы осы жолы.
Тапсырма: Тек қана геометриялық фигураларды пайдалана отырып, роботтың немесе инопланетяниннің суретін салу.
ІІІ. Қорытындылау.
Сөзді әділқазылар алқасына беріп, жеңімпаз топты марапаттау.
Саржансай орта мектебі
Сыныптан тыс шара
Математиктер,
алға!
Өткізген: бастауыш класс
мұғалімі Идрисова А.С.
2014-2015 оқу жылы