Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Салт - дәстүр және фольклор»
Тақырыбы/Тема: «Сырмақ оямыз»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: ұлттық ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.
3.Оқыту – обучающая: Қазақтың сәндік қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, әртүрлі әдіспен сурет салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: «Балта» оюы үлгі, қағаз, гуашь,қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: сырмақ – кошма, ою – өрнек – орнамент
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар біреу есік қағатын сияқты. Ой бізге қонаққа
әжеміз келіпті. Қане амандасайық.
Әже: Амандасыңдарма балалар! Маған сендердің көмектерің керек.
Мына сырмақтарды әшекейлеуге көмектесесіңдер ме?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Тәрбиеші балаларды қазақтың сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының бірі –сырмақпен таныстырады. Сырмақтың алуан түрлі ою өрнектермен безендірілгеніне назар аудартады.
Балалар сырмақты бір адам жасамайды. Оны бірнеше адам жасайды. Алдымен қойдың жүнін жақсылап жуып, жақсылап сабайды. Оны қайнатып сосын шеге салып басады, ол дайын болған сон оюды тігеді.
Міне сырмақ осылай дайын болады. Сырмақтың қандай болатынын, қандай еңбекпен дайын болатынын білдіңдер.
Ою өрнек арнайы бір ретпен орналасады.Өзіндік заңдылықтары сақталып,симметриялы ырғақпен байланысты өрнектеледі.Өрнектер белгілі бір затты көркем безендіру үшін қолданылады.Ол бұйымдарға әсемдік береді және оның көлемі мен пішінін айқындай түседі.
Билингвалдық компонент: сырмақ – кошма, ою – өрнек – орнамент
Тәрбиеші «Балта» оюымен таныстырады және жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалардың түстерді дұрыс таңдауын қадағалайды. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландырады,сырмақтың шетіне «балта» оюын салуды ұсынады.
«Балта» оюын бастыра сызып, шетін жүргізеді, ортасын бояйды, балалар түстік үйлесімдікті анықтап,бояуды өздері таңдайды.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
Қошқармүйіз, ботакөз, қарға тұяқ,
Тышқан із, бүршік пен гүл әдемі,
Ою-өрнек әлемі, қылқаламды алайық
Сәнді өрнек салайық.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Нұрасылды оюды жиектей отырып бастыруға үйрету.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Әжелер ойып тігеді
Біздерге жайып береді
Отырасақ біздер жып жылы
Сырмақ неткен әдемі.
Балалар әшекейленген сырмақтарды әжеге сыйға тартады.
Әже: Рахмет сендерге, балалар! Маған сендер әшекейлеген сырмақтар өте қатты ұнады.
Қосымша толықтырулар енгізген балаларды мадақтау.