Тәрбие сағаттың тақырыбы: « Кітап - сарқылмас қазына »
Мақсаты :
Білімділік :
Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
Дамытушылық:
Зейінін шоғырландыру шығармашылық қабілетін ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік :
Оқулықты құрметтей білуге ұқыптылыққа адамгершілікке даярлау .
Көрнекі құралдар интерактивті тақта ,
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Балалар , бұл жол басы даналыққа
Келіңдер , түсіп байқап , қаралық па ?!
Бұл жолмен бара жатқан өздеріңіздей көп .
Соларды көре тұра , қалалық па ?!
Даналық – өшпес жарық , кетпес байлық ,
Жүріңіздер , іздеп тауып алалық та ?
( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген машықкер кіреді ).
Мұғалім : Балалар енді біз бәріміз бірігіп бүгінгі сабағымыздың қонағы Кітап
мырзаны ортаға шақырайық . (Балалармен бірге Кітапты шақыру)
Кітап : Сәлеметсізде ме сүйімді балақайлар . Сендерге қонаққа келгеніме өте
қуаныштымын. Балалар мен бүгінгі сабақтан кейін сендермен дос болып
қайтатыныма сенімдімін !
Мұғалім : Қош келдіңіз , қымбатты досымыз – кітап . Жоғары шығыңыз .
(Кітапты төрге отырғызу ) .
Мұғалім : Балалар бүгінгі сабағымызды бастайық . Қазір мен сендерге бірнеше
жұмбақ жасырамын , ал сендер сол жұмбақтың шешімін тауып
алуларын керек .
Үндемес серік , ақылы берік ( кітап )
Қабат – қабат қаптама , ақылың болса аттама . ( кітап )
Бір ғажап бар , тілі жоқ , сөйлесем десең міні жоқ ( кітап )
(Оқушылар жұмбақтарды шешеді )
Жарайсыңдар ! Жұмбақтарды тез әрі дұрыс шештіндер . Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын . Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ . Балалар , кім біледі! « Кітап » деген сөз қайдан шыққан? Қандай мағына береді ? Кітап туралы не білесіздер?
( Оқушылардың жауаптарын тыңдау )
Кітап сөзі , « жазба » , ал түрікше «дәптер » , « мерзімді баспасөз
басылымы» деген сөз.
Кітап өмір айнасы , заман сыры , тарих шежіресі , оқу , тәрбие құралы .
Ежелгі заманда кітаптың түр түрі болған . Қазір біздің қонағымыз Кітап
бізді кітаптардың шығу тарихына байланысты шағын саяхатқа апарады.Кітап : Ал , балалар саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма ? Онда назарларыңызды
тақтаға аударыныздар .
( презентация көрсету)
Кітап :
1 слайд : « Папирус » кітабы .
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады . Кітап « Папирус » деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып , жұмыр таякшаларға шиыршықтап оралды .
2 слайд : « Пергамент » кітабы .
3 слайд : Кітап басу цехы .
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды . Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты .
Мұғалім : Құрметті Кітап мәліметіңіз үшін үлкен рақмет . Балала сендерге
Кітаптың шығу тарихына байланысты шағын саяхат ұнады ма ?
( балалардың жауаптары)
Жағдаятты шешу :
Мұғалім : Енді балалар келесі тапсырманы шешуге кірісейік . Қазір мен
сендерге бі тапсырманы оқып шығамын , ал сендер сол тақырыпқа
байланысты өз ой – пікірлерінізбен бөлінесіздер . Жарай ма ?
Жақсы . Ендеше назарларыңызды тақтаға аударып , мұқият
тыңданыздар .
Тақтада екі кітап көрсетілген . Оның бірі жана , ал екіншісі ескі , кір , парақтары жыртылып майысқан . Осы екі кітаптың қайсысына жаныңыз ашиды ? Не себептен? Қалай ойлайсындар оқулықтын қай жері ауырады? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған ? Ол оқушыға ризасындар ма ?
(оқушылардың жауаптары)
Мұғалім : Балалар сендер Қостанай каласындағы кітапханаларды білесіндер ме?
(оқушылардың жауаптары)
Мұғалім : Балалар , кітаптарда ауырады екен . Сол зиянды болддырмау үшін
бір неше ереже бар екен . Қазір мен сендерді сол ережелермен
таныстырамын .
Есіңе сақта!
Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын естерінен шығармандар .
Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.
Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
Кітап бетіне сурет салма
Мұғалім : Балалар осы ережелерді сақтауға уәде бересіңдер ме ?
(оқушылардың жауаптары)
Мұғалім : Жақсы . Ал енді балалар ,біздің қонағымыз Кітап мырзаға ұлы
ғұлама ақын - жазушыларымыздың кітап туралы жазған қандай
нақыл сөздерін білетіндерінді көрсетейік.
Кітап – таусылмайтын қазына
Кітап –білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Кітап – алтын қазна
Өнерлігі нұр жауар
Білім тозбайды ,
Ақыл озбайды .
Оқусыз білім жоқ ,
Білімсіз күнің жоқ .
Мұғалім : Балалар шаршаған шығарсыңдар . Ендеше бәріміз тұрып билеп
жіберейік .
Кітап : Керемет ! Сендер өте ақылды балалар екенсіздер . Мен сендерге өте
ризамын . Тағы қандай өнерлерін бар екен ?
Мұғалім : Біздің балалар өлен айтқанды ұнатады . Балалар сендер кітап туралы
өлеңдер білесіндер ме? Онда ортаға шығып сол өлендерінді бізге
айтып беріндер .
1-оқушы:Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің,
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күшін көңілдің
2-оқушы:
Айдыны шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
3-оқушы:
Кітапта алма ағашы,
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
4-оқушы:
Кітап деген бір теңіз,
Тұңғиыққа батарсың.
Ішіне үңіліп қарау үшін,
Тарихыңа қарарсың.
5-оқушы:
Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл ратық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқы көруге.
6-оқушы:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын қиып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Кітап : Бәрекелді балалар ! Ақылына ақыл сұрамайтын асыл қазына – кітаппен
досықтарың үзілмесін. Кітап қадірін түсінетін балалар көбейе
берсін . Қонақ жайларыныз үшін үлкен рақмет . Кездескенше сау
болыңыздар . ( Кітаппен қоштасу )
Мұғалім : Қымбатты оқушылар !
Кітап сендердің сенімді достарың , өмірлік серіктерің . Кітап ең
сабырлы ұстаз. Сабағымызды Әлішер Науаи сөзімен аяқтағым
келеді .
Кітап – шебер ұстаз , тілсіз мұғалім .
Кітап – адал пейіл , асыл дос .
Кітап мұхит , сол мұхиттан не терең ?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем !