СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты"бастауышым - балбұлағым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ТӘРБИЕ САҒАТЫ 4 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН .ТАҚЫРЫБЫ "БАСТАУЫШЫМ - БАЛБҰЛАҒЫМ"

 

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты"бастауышым - балбұлағым"»

Тақырыбы:«БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.



Кіріспе сөз:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен күн - бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші: Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 - сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

1.Амангелдина Айым

2.Аязбаев Ерасыл

3.Бақыт Сымбат

4.Ерікқызы Қырмызы

5.Кенжебекқызы Іңкәр

6.Мақпозов Айбек

7.Мұқият Ұлар

8.Слямгалиева Еңлік

9.Тлеуқан Елдар

Елдар: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Сымбат: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 

Ерасыл: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасу,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Қырмызы:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

 Іңкәр: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Айбек: Олай болса,Іңкәр  алтын ұя мектебімізге арнап

«Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: Мектебім.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»


Еңлік: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық


Айым: Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

Айбек: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Ұлар: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

Іңкәр:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

 

Еңлік:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

 

Ерасыл:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

 

Сымбат: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Ән : «Біз бақытты балдырған»



Іңкәр: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің, Айым?

 

Айым:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Елдар:Дұрыс айтасың Айым,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 

Ұлар Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 

 

Енлік:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Қырмызы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Айым:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

 

Ерасыл:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

          Мың алғысмына отты жүректерден!

 

Ән: «Ұстазым»


 Айбек: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Елдар: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Сымбат: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.


Еңлік:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

 

Ұлар:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

Іңкәр: бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

 

Айым:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

ӘН: «Бастауыш- балбұлағым»

Қырмызы: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 

Ерасыл:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Еңлік:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

 

 

Айбек: Иә, дұрыс айтасыңЕңлік. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

 

Сымбат:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Ән Б. Бисенова « Мама»

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Мектеп директорының құттықтау сөзі

Марапаттау рәсімі

 

 

    

 Концерттік номерлер:

1. Ұлдар хоры :Ән Б.Бисенова «Тұлпарым»

2. Би .»Саржайлау»

3.Көрніс «Кітаптар мұңы»

4.Күй : « Кеңес» Күзембаев М.

5.Би: «Қаражорға»

6. Қыздар хоры: Ән:Б. Бисенова «Әже»

 

Қорытынды сөз