СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты "Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала"»

08.02.2016ж тәрбие сағаты

Сабақтың  тақырыбы

"Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала."

Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларды  адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке,  еңбексүйгіштікке, өз халқының  салт-дәстүрін  үйрене  отырып, жаман  әдеттерден  аулақ  болуға  үйрету. Адам  бойындағы  ұнамды, ұнамсыз  қылықтарды  ажырата  отырып, әдеп әліппесін  бойына  дарыту, тіл  байлығын, таным   белсенділігін  арттыру. Оқушыларды  әдептілікке, сыпайылыққа  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Топтастыру,әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:

суреттер, сызбалар, нақыл  сөздер  жазылған  плакаттар.

Сабақ кезендері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру  бөлімі


1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару -Сәлеметсіңдер ме! -Көңіл-күйлерің қалай? 2.Психологиялық  дайындық. -Балалар, бүгін  бізде тәрбие сағаты. Біздің тәрбие сағатымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі тәрбие сағатымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге  жақсы тілектер  тілек «Жүректен  жүрекке»  ойыны

-Міне, балалар,  бір-бірімізге  денсаулық  тілеп, жақсылық  жасасақ,ол  өзімізге  жақсылық  болып  оралады  екен.



Денің  сау  болсын! -Ұқыпты  бол! -Батыл  бол! - Кішіпейіл  бол! -Ізетті  бол! -Әдепті  бол! -Ақылды  бол! -Білімді  бол! - Сүйкімді  бол! -Қазақтың  баласы  бол! -Атаңның  ұрпағы  бол! –Өнерлі  бол! -Биші  бол!т.б

ІІ.Негізгі бөлімі

1Жаңа  сабақ.1-ші  тапсырма Адам  бойындағы  жақсы-жаман  қасиеттерді  топтастырыңдар. (топтастыру стратегиясы) -Сендер  қалай  ойлайсыңдар? -Жарқырап  тұрған  күнге  қандай  баланы  жатқызуға  болады? -Ал, мына  бұлтқа  қандай  баланы  жатқызуға  болады? -Олай  болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.( Әдепті, шыншыл, еріншек, өтірікші, тәртіпті, білімді, ұқыпты, мейірімді, таза  жүреді, тіл  алмайды, нашар  оқиды, әдепсіз.)



2-ші  тапсырма Әдепті  бала  туралы  тақпақтар  айтыңдар.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.































Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.






-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.


3-тапсырма:-ал енді сендердің қаншалықты әдепті, тәрбиелі екендеріңді байқау үшін біздің сыныпқа хат келіп түсіпті. «Құпия хаттар»

  1. Жануарларға, жәндіктерге, құстарға қалайқамқорлық көрсетер едің?

  2. Мектептен шығысымен үйге құрай келе жатқаныңда алдынан бір көрші атай шықты. Сен не істер едің?

  3. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?

  4. Автобуста үлкен кісілерді көргендене істейсіңдер?


4 –ші тапсырма: Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің айта ма?






-Дұрыс. Сендер  бұл тапсырманы  да  дұрыс  орындадыңдар. Тыйым  сөздерді  жақсы  біледі  екенсіңдер.

5-тапсырма: Жаман  әдет  туралы  қандай  мақал  білесіңдер?

Жаман  әдет  туралы  мақал  білетін  болсаңдар  айта   қойыңдаршы?

-Міне,балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет,біреуді  ренжітсең  міндетті  түрде  кешірім  сұрау  керек  екен.Біреудің  затын  ешуақытта  да  рұқсатсыз  алмау  керек  екен, бір  рет  рұқсатсыз  алсаң  соған  әдеттеніп  кетесің  де, біртіндеп  ол  әдетті  бойыңа  сіңіресің. Түбі  ол  сені  үлкен  ұрлыққа  жетелейді. Ал  өздерің  білесіңдер  «Ұрлық- түбі  қорлық»  екенін, ұрлық  жасасаң  заң  алдында  жауап  беруге  тура  келеді.

6-шы  тапсырма Ойын : «Жалғасын  тап» Балалар,  мен , мақалдың  бірінші  жолын  оқимын, сендер  жалғасын  табасыңдар.

-Ұқыптының  тоны  тозбас (ұқыпсыздың  ісі  оңбас)

-Әдептілік  белгісі (Иіліп  сәлем  бергені) -әдепті бала-арлы бала (әдепсіз бала-сорлы бала) Аға  әдепті  болса,  (іні  әдепті)  -Әдепті  бала  ата-анасын  мақтатар  (Әдепсіз  бала  ата-анасын  қақсатар) Ашу- дұшпан, ақыл- дос, (Ақылыңа ақыл қос.)



7-ші  тапсырма Суреттегі кім? Оның жақсы-жаман әдет туралы  қандай  өлеңін  білесің?

-Абай  Құнанбаев  қазақтың  ұлы  ақыны.

-Бұл  тапсырма  да  дұрыс.



8-ші  тапсырма Сиқырлы  сөздер  айтыңдар. -Ал, балалар, өздерің  айтқан  сиқырлы  сөздерден  не  пайда  болды?

Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі  гүл  шықты.

Бұл  тапсырманы  да  дұрыс  орындадыңдар

Қорытынды:  Міне,балалар,біз  бүгінгі  тәрбие  сағатында   тапсырмаларды  дұрыс  орындап  биік  таудың  шыңына  шықтық.

-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл  қасиеттер. Адамдарды  бір-бірінен  осындай  жақсы  қасиеттері  арқылы  бағалайды.

Қазақтың  мынадай жақсы мақалы  бар «Жақсы бала  ата-анасының  есіктегі басын төрге,жаман  бала төрдегі басын  есікке  сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.


Әдепті шыншыл



тәртіпті білімді



Әдепті бала



таза жүреді ұқыпты



мейірімді

мейрімді







тіл алмайды нашар оқиды

әдепсіз бала

өтірікші еріншек

еріншек әдепсіз

Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де, Үлкен болған кезінде.


Сыйла үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні

Сақтап көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.


-Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


-Айтқан тілді аламын, Айтқан жерге барамын.

Мен әдепті, Мен әдепті баламын!


-Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашан да мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.


Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің,

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.


Сыйластықты іздеген, Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі, Үлкендерге «сіз» деген.


Атам менің әманда, Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем.


Атам менің әманда, Әдепті жан бол деген,

Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем.


Алдын орап кісінің, Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің, Сәлемдесіп, қол берем.


Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.


Әдептілік дегенің, Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің, Әуре сарсаң әлегің.


Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық ұранымыз.


Етек кетер салақтап, Бос жүріспен далақтап.

Ұқыпсыз сабақ ұқпайды, Өз бетімен алақтап.


Кеше ғана қадалған, Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ апырай, Қайда кеткен,бұл несі?


Ілгек,түйме жұлынып, Кешке дейін алысар,

Әркімге бір ұрынар, Құспен, малмен жарысар.


Шашы түсіп көзіне, Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар Дәлел тауып өзіне.


Сумка, дәптер бәрі де, Дал-дұл болып жыртылып.

Сия төгіп бәріне, Шимай салған сыртына.


Сабақ бітті мектептен, Оқушылар тарады.

Бір тентек бір тентекпен Дабырласып барады.


(Топтық жұмыс)

Оқушылардың жауабы:

-құстарғаұя саламын, жануарларғатимей, құстыатпай, мысыққа балапанға жегізбей, қамқор боламын. Тб


-Үлкен кісіге амандасып, жол берер едім.


-Әңгімені бұзбау керек.


-Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

Әкені ренжітпе. Босағада отырма.

Босағаны керме. Үйге қарай жүгірме.


Бүйіріңді таянба. Бетіңді баспа.

Бас киіміңді аяғыңа киме. Бос бесікті тербетпе.

Білмесең айтпа. Бейуақытта жылама,ұйықтама.


Бөркіңді теріс киме. Баланы басқа ұрма.

Баланы алдама. Бетіңе сызба.

Баланы шошытпа. Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.

Бала бетіне үрлеме. Басыңды шайқама.

Досыңды өкпелетпе. Дөрекі сөйлеме.

Дастарханды аттама. Үлкеннің алдын кесіп өтпе.

Үлкеннің сөзін бөлме.


-Ұрлық – түбі  қорлық.

-Ұрымен  жақын  болсаң, ұятқа  қаласың.

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
-Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.


-Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені   т.б

«Адам  болам  десеңіз»

-Ғылым  таппай  мақтанба,

Орын  таппай  баптанба

Құмарланып  шаттанба,

Ойнап  босқа  күлуге,

Бес  нәрседен  қашық  бол,

Бес  нәрсеге  асық  бол

Адам  болам  десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер  мал  шашпақ-

Бес  дұшпаның  білсеңіз.

Талап, еңбек, терең  ой,

Қанағат, рахым  ойлап  қой-

Бес  асыл  іс  көнсеңіз.

Адам  болам  десеңіз.

Бес  асыл  іс                     бес  дұшпан  іс

Талап                                  Өсек

Еңбек                                  Өтірік

Терең  ой                            Мақтаншақ

Қанағат                               Еріншек

Рахым                                  Мал  шашпақ

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз  бе?

-Армысың!

-Айналайын!

-Өркенің  өссін!

-Көп  жаса!

-Денің  сау  болсын!

-Спортпен  дос  бол

-Рахмет!

-Қайырлы  таң!

-Кеш  жарық!

-Кешіріңіз!

-Сау  болыңыз!










ыныпта барлығы 7 оқушы.  Оның ішінде 2 қыз, 5 ұл бала бар.

Оқушылардың оқу үлгерімі төмендегідей:

Оқу үздігі –  жоқ

Оқу озаты –  жоқ

Үлгермейтін оқушы жоқ.

     Жыл басында тәрбие жұмысының жоспары жасалып, әр сәрсенбі сайын тәрбие сағаты

 өткізіліп отырылады.

     І тоқсандағы алғашқы сабағымыз «Қазақстан 2050»  стратегиясы  бір- халық 

бір-  ел – бір  тағдыр

  деп аталды. Яғни бұл сабағымыз 1 қыркүйек білім күні қарсаңында өткізілді.

Келесі «Салауатты өмір  салты» атты тәрбие сағатымызда балаларға  өз денсаулықтарын

күтіп, жаман әдеттерден аулақ болу керек екендігі айтылды.

Салауатты өмір салтын  сақтауға тәрбиелеу.

Өз денсаулығығыңды сақтау  өз өміріңді баптау екндігі айтылды.

Ата-аналар жиналысы уақытында өткізіліп отырды. Онда оқушылардың сабақ үлгерімі,

тәртібі, басқа да мәселелер талқылап отврдық.әр апта сайын оқушылардың күнделіктерін

тексеріп, сынып тазалығы, оқушылардың жеке бас тазалығына көңіл бөлінді.

Күз бойы сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға,

 сенбіліктерге қатысып, өз үлестерін қосты.

Әдістемелік тақырыбым: «Ойлау,сөйлеу, арқылы оқу және оқыту»

Мақсаты : Оқу мен оқытудағы оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттіліктерін зерттеу сұрақтар арқылы дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Жалпы 4 «А» сыныпта ІV – тоқсан басында 18оқушы ,аяғында – 18 оқушы.



2014-2015 оқу жылының IV- тоқсаны бойынша оқушылар мектепішілік іс-шараларға қатысты:30 сәуір Қазақтсанның ұттар бірлігі мерекесіне қатысты.

5мамыр күні «Жас қыран» ұйымына 4 «А» сыныбынан Балахмет Мунира,Кабикен Ислам,Кайдарова Дильназ қабылданды.

6 мамырда Жеңіс күніне орай өткізілген салтанатты шеруге 4 «А» сынып және 4«Ә»сынып оқушылары қатысып, 1941 жылы соғыс оқиғасының басталу кезеңінен үзінді көрсеткен болатын.











20 мамырда 4 «А» сыныбында «Бастауышым - балбұлағым »

атты қоштасу кеші өтті.





25 мамыр күні Соңғы қоңырау салтанатына қатысты .

























2014-2015 оқу жылында тәрбие жоспары бойынша

6 бағытпен жұмыс жасалды.

1.Патриоттық сананы қалыптастыру.

Мақсаты: Патриоттық сананы қалыптастыру.

«Қазақстан -2050 Бір халық,бір ел, бір тағдыр» тәрбие сағаты өткізілді.

«Менің Қазақстаным –менің мақтанышым » сынып сағаты өткізілді.

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыптық сайыс өткізілді.22.09.2014 ж «Мен және менің ережем»

«Тәуелсіздік тұғырым» атты шығарма жазған болатын .

«Желтоқсан жаңғырықтары» тәуелсіздік күнін алдын алу сынып сағаты өткізілді.

Ата -аналармен 1 рет жиналыс өткізілді.





Нәтижесінде

Оқушылардың патриоттық сана –сезімдерін қалыптастыру арқылы өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі оята отырып,өз мақсатыма жеттім.







2.Рухани -адамгершілік даму

Мақсаты: Өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі, өзінің қабілетін, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану.

«Жақсылық жасау адамның әдептісі» сынып сағаты , «Досы көпті жау алмайды » тәрбие сағаты, «Үлкенге құрмет - кішіге ізет» ашық тәрбие сағаты, «Мен соғысты көрген жоқпын» , «Егер мен ақын болсам » ,«Адамдық – азаматтық белгісі» тәрбие сағаты өткізілді.

Сіз қандай ата- анасыз? 14 балл

Мен өз құқығымды білемін ? 16 бал





Нәтижесінде

Оқушылар өз міндеттерін түсінетіндерін жіне өз еріктерімен қабылдай алатындарын,өз іс-әрекеттерін дұрыс бағалауға, дамыта жетілдіруге ,өзін танып білуге баули отырып,өз мақсатыма толық жеттім.










3. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу

Мақсаты: достыққа, төзімділік пен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, ғылыми және

мәдени жетістіктерді тәрбиелеу мақсатында пайдалану.

«Табиғатты сүйемін, сұлулыққа бас иемін», «Тәні сұлудың жаны сұлу», «Қыз өссе елдің көркі» , « Жігітке жеті өнер де аз », «Атамекен табиғаты анамдайсың!» , «Табиғатты қорғайық», «Алтын қақпа» сынып сағаттары өткізілді.

Ата - аналармен 1рет жиналыс өткізілді.

« Оқушыларды адамгершілік – құндылыққа тәрбиелеу »

«Сіз деген-әдеп,біз деген көмек» ата-аналарға анықтауға сауалнамалар әртүрлі тестер, жағдаяттық тапсырмалар беріліп талқыланып отырды.



Нәтижесінде

Оқушыларды Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу барысында төзімділікке, өзара түсінушілікке ,жетістіктерге жетелеу арқасында өз мақсатыма жеттім.



4. Құқықтық тәрбие

Мақсаты: құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу.

«Үлкенге құрмет-кішіге ізет», «Жүзден жүйрік», «Достық бәріненде қымбат», «Адамгершілік әліппесі», «Қамқор бола білейік», «Менің сыныбым, менің ұжымым» сынып сағаттары өткізілді.

Нәтижесінде

Оқушылар әлеуметтік өзгерістерді ұғыну , соған орай белсенді өмір ұстанымда болуға ыңғайлану арқылы маңызды кәсіби қасиеттерді меңгеруге деген ұмтылысы қалыптаса отырып, өз мақсатыма жеттім.

















5.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мақсаты: білім алушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан жетілу
«Спорт- денсаулық кепілі», «Мен өмірді сүйемін», «Денім сау болсын десең» ,«Жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесің?» , «Менің жанұям, менің байлығым» сынып сағаттары өткізілді.

Ата - аналармен 1рет жиналыс өткізілді.



















6.Ата-анамен жұмыс

Мақсаты: Өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру.

«Мен және менің отбасым», «Жанұямның шеберханасы Ата - әжелер ақылы,«Әкелер мен балалар», «Ана- отбасы тірегі» сынып сағаттар өткізілді.



Ата - аналармен 1рет жиналыс өткізілді.





Нәтижесінде

Жанұядағы ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынасы нығая түсті.

































2014-2015 оқу жылында 4 «А» сынып оқушыларының жетістіктері

Башухина Жұлдыз Ерболатқызы , Балтабай Анель Алматқызы,Кабикен Мақсат Арыстанбекұлы 31 қаңтар 2014 жылы бастауыш сынып оқушыларына араналған «Атамекен » облыстық зияткерлік танымдық ойынына қатысқан үшін сертификатымен марапаталды.

«Ақбота -2014» байқауына Кабикен Мақсат Арыстанбекұлы қатысып,сертификатқа ие болды .

Қостнай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі »ММ 2014 жылы 3-4 сынып оқушылары арасында өткен пәндік олимпиадада орыс тілі пәнінен 2 орынға ие болды.

2014-2015 оқу жылында Башухина Жұлдыз Ерболатқызы, Балахмет Мунира Ертайқызы Республикалық «Ақбота -2015» , «Руский медвежонок», «Кенгуру »байқауына қатысып сертификатқа ие болды.

2014-2015 оқу жылында Балахмет Мунира Ертайқызы ағылшын пәні бойынша«Британский бульдок» байқауына қатысып, сертификатқа ие болды. 1.09.2014 ж 4 «А» сынып оқушыларының мектепішілік жетістіктері

«ДЕНСАУЛЫҚ ФИСТИВАЛІ -2014ж» кең көлемді акция шеңберінде өткізіліген«КӨҢІЛДІ МӘРЕ » жарысынан 1 орынға ие болған 4 «А»сыныбы марапатталды.

2014-2015 ж «Алтын күз » мерекесіне өткізілген «ГҮЛ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ГҮЛ ХАНЗАДАСЫ -2014» байқауында «КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗ АЙЫМ » атағына ие болған 4 «А» сынып оқушылары Балтабай Анель мен Копеев Данияр марапатталады.

Бастауыш сынып оқушыларының «Ойнайық,сөйлейік,үйренейік!» онкүндік аясында 4 «А» сыныптар арасында өткізілген Эстафеталық жарыстарға белсене қатысып 2 орынға ие болған үшін «Жұлдыз » тобы марапаталады.



Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

4 «А» сынып оқушылары «Ойнайық,сөйлейік,үйренейік!» тақырыбында өткен онкүндікте белсенділік танытқандары үшін марапатталды.

« Кенгуру – математика для всех » интелектуалдық сайысына Мухамедьярова Дильназ , Башухина Жулдыз,сертификатына ие болды.

«Кенгуру- лингвист» сайысына Акылбекова Дана,Мухамедьярова Дильназ қатысып,сертификатпен марапатталды. «Золотое Руно »интелектуалды ойынына Башухина Жулдыз,Акылбекова Дана марапатқа ие болды.

Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі»ММ 4 «А» сынып оқушылары арасында өткен пәндік олимпиада математика пәнінен 1 орынға ие болған Башухина Жулдыз марапатқа ие болды.

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінде орай өткізілген мектепішілік "Жеңіске тағзым"суреттер сайысында Акылбекова Дана 2 орынға ие болды.