Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланысты жалпы мағлұмат беру. Қазақ хандары , билері және батырлары жайында түсінік беру. Өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: хандар, батырлар суреті. Нақыл сөздер жазылған плакат.
Сабақтың түрі: тәрбие сабағы
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Оқушыларға қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланысты жалпы мағлұмат беру. Қазақ хандары , билері және батырлары жайында түсінік беру. Өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.Қазақ хандығының құрылуы тарихымен таныстыру. Отаншылдық бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше, биыл біздің мемлекетіміздің яғни қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
ҚР гимні орындалады.
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау, жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Рухы мен тілін жанындай сүйген
Адамдар неге санаулы ?
Ұлт үшін дәуір отына күйген
Аталар болды алаулы
Армандар асқар,
Жолдарға бастар ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсын естен
Тағдыры шыншыл аталар
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілхайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің батыс Жетісуды құтты мекен етіп шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, орда құруы ең алдымен көшпелі қазақтардың ел болып еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырады. Екіншіден суы мол топырағы құнарлы жер жаннаты Жетісу жерің қалың қазақ тың мақтанышына айналды
Жерұйықты іздеген Асан қайғы бабамыз жетісуда болған кезде Жетісудың ағашының басы жеміс екен десе екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы ей Шу атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елде ешбір жұрттқа бере қоймас деген екен.