СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мадиева Гульназ Мухтарбековна Тәрбие сағаты.Тақырыбы: «Бейбітшілік жасасын!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:  1. Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. 2. Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу. Сабақтың міндеттері: 1. Әр оқушының ой-пікірін тыңдай отырып, талдау жасау. 2. Тақырыптардың, сұрақтардың мәнін ашу. 3. Оқушылардың бейбітшілік тақырыбына арнаған шығармашылық жұмысын тыңдау. Сабақ көрнекілігі: Ұран сөздер, кітаптар, суреттер. Сабақтың түрі: Пікір алмасу (пікірталас) сабағы. Сұрақтары:

“Бейбітшілік”, “бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, қандай ұғымдар? Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің? Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай? Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы. Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма? «Рухы – ер, Тәні – бекем , Тірліктен де артық көрген бірлікті Бұл бір қайсар халық екен», – деп ақын жырларында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз. Бейбітшілік – адамзат ғұмырының мәнді де сәнді кезеңі. Мұғалім: Бір жерде тұрлау таппаған, Қосылмай малы қаптаған, Бөлініп қонған қазақты Кімдер де кімдер шаппаған?! Оқушылар:  1. Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира.Көз алартқан жаудың, қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған. 2. Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты, туыстықты, бірлікті қалыптастырған. 3. Қазақта, тіпті  “көршіңмен де тату бол ” деген сөз бар. Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағандықтан айтылған. Мұғалім:       Бағынып бірақ қалмаған, Тәуелсіз қайран жан далам! Жер бар ма жалпақ төсінде Қасірет жасы тамбаған?! 1. Кең даламыз – талай төгілген қанның, аққан жастың куәсі. 2. Қасіретті соғыстар қанша шаңырақты ортасына түсіріп, қанша отты өшірді. 3. Семей полигоны – сынақ Ордасы. 1949 жылдан бастап қазақ халқы ядролық қарудың қылышының астына түсті. Сандаған тағдырлар сұм саясаттың құрбанына айналды. 4. 1990 жылдың 22 мамырында ғана “Семей облысындағы ядролық полигон туралы ” қаулы қабылданды. Жауына қатты қасарған,                              Қасарған сайын жасарған. Найзамен Нағыз қазақтың Намысын кімдер баса алған?! 1. Ұрпағының бейбіт өмірі, тәтті ұйқысын бұзған ХХ ғасырдың атомдық-ядролық қарулар саясатына адамзат қарсылық айтуда, күресу жолында. 2. Халық бейбіт өмір үшін күреседі. Соғыс, террорлық әрекет – біздер үшін жат, сорақы іс. 3. Ирак – Америка арасында өткен соғыс зардабынан қаншама жанұя зардап шекті. Қалалар, тарихи ғимараттар қирады. 4. Еліміз егемендік алып, әлемге танылу кезеңінде бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің біріге отырып, ұлт, ұрпақ санасында берік орын алуы қажет. ІІ. Әр оқушы бейбітшілік, бірлік, татулық жайлы мақал – мәтелдер, өлең  жолдарын оқиды. Әрі өздерінің шығармашылығынан үзінділерді жатқа айтады.

Оқушы :Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мың тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен күн түрілген. Оқушы: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім. Мұғалім:             Сендердікі – өмір, қоғам, заман да, Сән түзеген қалаң менен далаң да. Барлығы да мұра болмақ әманда, Болашақ деп аталатын Адамға. Бәріміз де бейбітшілікті қорғайық, қолдайық! Сонда ғана сәнді өмір, мәнді тірлік болады. Топтың біріге отырып орындауында  “Ақ көгершін” әні. Қорытынды: Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады. Оқушылар бейбітшілікті қолдайды!

Просмотр содержимого документа
«Мадиева Гульназ Мухтарбековна Тәрбие сағаты.Тақырыбы: «Бейбітшілік жасасын!»»

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»ММ

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ




Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Бейбітшілік жасасын!»

























Өткізген: Мадиева Гульназ Мухтарбековна

2016-2017 оқу жылы






Сабақтың мақсаты:  1. Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау
үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.
2. Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең
қалыптасуына жол ашу.
Сабақтың міндеттері: 1. Әр оқушының ой-пікірін тыңдай отырып,
талдау жасау.
2. Тақырыптардың, сұрақтардың
мәнін ашу.
3. Оқушылардың бейбітшілік тақырыбына арнаған
шығармашылық жұмысын тыңдау.
Сабақ көрнекілігі: Ұран сөздер, кітаптар, суреттер.
Сабақтың түрі: Пікір алмасу (пікірталас) сабағы.
Сұрақтары:

“Бейбітшілік”, “бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, қандай ұғымдар?
Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің?
Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай?
Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы.
Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма?
«Рухы – ер,
Тәні – бекем ,
Тірліктен де артық көрген бірлікті
Бұл бір қайсар халық екен», – деп ақын жырларында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз.
Бейбітшілік – адамзат ғұмырының мәнді де сәнді кезеңі.
Мұғалім: Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған,
Бөлініп қонған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған?!
Оқушылар:  1. Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира.Көз алартқан жаудың,
қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз
бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған.
2. Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты,
туыстықты, бірлікті қалыптастырған.
3. Қазақта, тіпті  “көршіңмен де тату бол ” деген сөз бар.
Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағандықтан
айтылған.
Мұғалім:       Бағынып бірақ қалмаған,
Тәуелсіз қайран жан далам!
Жер бар ма жалпақ төсінде
Қасірет жасы тамбаған?!
1. Кең даламыз – талай төгілген қанның, аққан жастың куәсі.
2. Қасіретті соғыстар қанша шаңырақты ортасына түсіріп,
қанша отты өшірді.
3. Семей полигоны – сынақ Ордасы. 1949 жылдан бастап
қазақ халқы ядролық қарудың қылышының астына түсті.
Сандаған тағдырлар сұм саясаттың құрбанына айналды.
4. 1990 жылдың 22 мамырында ғана “Семей облысындағы
ядролық полигон туралы ” қаулы қабылданды.
Жауына қатты қасарған,
                             Қасарған сайын жасарған.
Найзамен
Нағыз қазақтың
Намысын кімдер баса алған?!
1. Ұрпағының бейбіт өмірі, тәтті ұйқысын бұзған ХХ
ғасырдың атомдық-ядролық қарулар саясатына адамзат
қарсылық айтуда, күресу жолында.
2. Халық бейбіт өмір үшін күреседі. Соғыс, террорлық
әрекет – біздер үшін жат, сорақы іс.
3. Ирак – Америка арасында өткен соғыс зардабынан
қаншама жанұя зардап шекті. Қалалар, тарихи
ғимараттар қирады.
4. Еліміз егемендік алып, әлемге танылу кезеңінде
бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің біріге отырып,
ұлт, ұрпақ санасында берік орын алуы қажет.
ІІ. Әр оқушы бейбітшілік, бірлік, татулық жайлы мақал – мәтелдер, өлең  жолдарын оқиды. Әрі өздерінің шығармашылығынан үзінділерді жатқа айтады.

Оқушы :Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Оқушы: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мұғалім:             Сендердікі – өмір, қоғам, заман да,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын Адамға.
Бәріміз де бейбітшілікті қорғайық, қолдайық!
Сонда ғана сәнді өмір, мәнді тірлік болады.
Топтың біріге отырып орындауында  “Ақ көгершін” әні.
Қорытынды: Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады.
Оқушылар бейбітшілікті қолдайды!

Мадиева Гульназ Мухтарбековна

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Семей қаласы