СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбиелі тәртәптің ұлы- тәртіпті елдің құлы.

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пікірсайыс мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру,құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбиелі тәртәптің ұлы- тәртіпті елдің құлы.»

Еркін пікірсайыс тақырыбы:


Іс- шара түрі:

Пікірсайыс


Пікірсайыстың мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру,құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.


Күтілетін нәтиже:

Оқушылар бала тәрбиесі, құқық бұзушылық жөнінде өз ойларын еркін айта алады, пікірсайысқа ат салысады. Құқықтық тәрбиенің қоғамда алатын орнының маңызын түсінеді, құқықтық сауаттылықтары артады.

Жүру барысы:

І. Пікірсайыстың ұйымдастыру кезеңі:

1. Кіріспе сөз

2.Видеоролик «Бала тәрбиесі».

3.Топқа бөліну І топ «Үкімет» ІІ топ «Оппозиция» яғни жақтаушы және даттаушы. (Спикелер өзара келісіп, топтың атын қояды).

4. Конвертке салынған қарарларды таңдау

5. Пікірсайыс ережесін түсіндіру.

АПФ (Американдық парламенттік форматта) ойнатылады.

Үкімет Оппозиция

1 спикер – 4 мин 1 спикер – 3 мин.

2 спикер – 4 мин 2 спикер – 4 мин.

3 таймспикер – 3 мин 3 таймспикер – 4 мин

6. Ауызша пікірталас

7.Тайспикер (3-ші) пікірсайыстың берілген уақытқа сай өтуін қадағалайды.

8. Қорытынды сөз төреші көрермендермен келісе отырып, жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

Кіріспе сөз:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгінгі іс- шарамызда біз жасы кәмілетке толмаған жасөспірімдердің жиі кездесетін қылмыс түрлерімен жазалар туралы сөз қозғаймыз.

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы.» деп атамыз Б.Момышұлы айтқандай, бүгінігі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан». Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» - деген еді Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз. 

1924 жылы бала құқығының Женева декларациясы қабылданды. Бұл декларацияға қол қойған мемлекеттер әр адамды оның ұлтына, дінисеніміне, жынысына, әлеуметтік тегіне қарамастан, өз елінің құқықтар менбостандықтарға ие, тең құқықты азаматы етіп қабылдады.

Азаматтың міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгінгі пікірсайысымызды ашық деп жариялаймын.

Конвертке салынған, 3 қарарлардың ішінен бір тақырып ойнатылады.

  1. Б.П. Фейсбукті жабады

  2. Б.П. Қазақстанның балаларына шет елдің мультфильмдерін көрсетпеу керек д.е.

  3. Б.П. д.е.

Таңдалған қарар арқылы топ дебат ережесіне сай және АПФта ойнатылады. Яғни, «үкімет» және «оппозиция». Таймспикердің рөлі маңызды. Себебі уақыт лимитінің сақталуын және ойын ережісінің бүзылмауын жеке қадағалайды. Ойлары жинақы, өздеріне берілген қарардан алшақтамай, нақты әрі тыңғылықты жауап беру қажет.

АПФ (Американдық парламенттік форматта) ойнатылады.

Үкімет Оппозиция

1 спикер – 4 мин 1 спикер – 3 мин.

2 спикер – 4 мин 2 спикер – 4 мин.

3 таймспикер – 3 мин 3 таймспикер – 4 мин

6.Қорытынды сөз төреші көрермендермен келісе отырып, жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

Оқушыларды марапаттау:

Оқушыларды марапаттау сыйлықтарды үлестіру.

Құрметті көрермен және ұстаздар екі топтың пікірсайысын бақылай отырып, қай топ жеңіске жетті деп есептейсіздер.

Марапаттау №20 мектеп директорының әдістемілік ісі жөніндегі орынбасары

Б.Х. Бейсембаеваға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.И.Рустемова сөз кезегін береміз.

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан – дей отыры мына тамаша кітаптарды сыйлауға рұқсат етіңіздер.(1ші орын алған топқа үлестіру).

Ситуациялық сұрақтар

Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр.

Ал енді, ситуациялық жағдайлар, конвертке салынған парақшаларды алып оқиды.

І. Көшедегі көрініс.

Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.

Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.

Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!

Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Сұрақ:

1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

2. Полиция инспекторына: - Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

ІІ. «Көршінің көмегі»

Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.

Сұрақ:

1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?

2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді

ІІІ.«Санжар мен әкесінің іс әрекеті?»

14 жасар Санжарды әкесі жақын арадағы дүкеннен темекі алып келуге жұмсады, Санжар дүкенге барып, әкесіне темекі әкеліп берді.

VI.Сен әлі кәмелет жасқа толған жоқсың,бір күні әкеңнің машинасын рұқсатсыз айдап кеттің.Көшеден сені милиция ұстап алды.Не айтасың?

Қорытынды:

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе.Келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

«Басбармақ» әдісі бойынша, бүгінгі пікірсайысымыз ұнаса алдарыңыздағы смайликтерді көтерейік.

Уақыттарыңызды бөліп келегендеріңізге үлкен рахмет!





























































Тәрбие сағаты «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»
Тәрбиелік шара түрі: пікірталас 
Білімдік мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік: Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары.
«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»
Мұхаммед пайғамбар 
«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы 
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
Тәрбиелік шараның жүрісі: 
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2. Пікірталас .
3.Қорытынды.
Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық , адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.
Және тағы басқа сұрақтар қою арқылы құлақтандырып халық санасына жететін деңгейде насихатталып отырса дейміз.
Экономикасы дамыған елдерде соңғы 30 жылда есірткімен жүргізілген күрес нәтижесі мардымсыз болғанын байқаймыз.Наркоқылмыс тежелудің орнына бұрынғыдан бетер өсіп барады. ТМД елдердің өзінде тарала бастады. Қазақстан Европа мен Азия арасындағы байланыс жолы болып кетпесін деген қауіп бар.
Оқушы: КСРО кезіндегі «темәр перде» саясаты қоғамды идеология жағынан ғана емес, есірткі заттардың елге еніп кетуінен де қорғанғаны рас.Ал, қазір мұндай тосқауыл жоқтың қасы. Осындай ахуалда құқық қорғау органдарының жұмысы айтарлықтай күрделене түсетіні белгілі, дегенмен нашақорлық қылмыс көзден таса қалып жатқан жоқ.
Оқушы: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз. 
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сіздер осы бұзақылық ұрлыұ және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтасыз. Өз ұсыныстарыңызды жариялап көрермендер алдындағы қалтаға салуларыңызды сұраймын.
1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту қажет.
2.мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айып төлету қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.
Қорытынды:
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.


 Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

 Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды.  Оқушылар арасындағы құ­қық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу мақса­тын­да мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған. Сонымен қатар 11 сынып оқушылары мен ата-аналар комитетінің 2 мүшесі бар. Олар Бейсембаева Айман және әкелер кеңесінің төрағасы Капсаламов Амангелді .

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға Жәрдемдесу Жедел Тобы» құрылды. Мектепте нарколо­гиялық бекеттер жұмыс іс­тей­ді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде  спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған  оқушы тар­ты­лып отыр.

Қылмыстың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс  оқушы қосым­ша біліммен қамтылып отыр.

 Осы атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесінде кәме­лет­ке толмаған жасөспірімдер  ара­сындағы қылмыс саны азая түскен. Мысалы,қалалық ішкі істер бөлімінде биылғы жылы тіркеуде тұрұған бала жоқ. Былтыр олардың саны-4.

  Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыға­ды. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүрген­дерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер орган­дарын­да есепте тұрған оқу­шылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.

 «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы.  Жастар қоғамымыздың  жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан».  Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» - деген еді.

Азаматтың міндеті -  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін мен ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсем деймін.

 Бұл заң 10 тарау 53 баптан тұрады Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

Бұл заңның 3-тарауы. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы

9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқылы

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсызқалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету.

15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы

16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы

18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу

19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы

20-бап. Баланың мiндеттерi

      Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

 

23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiкқолдау

      Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi

1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.

2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi.

37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.

2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.

                      

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235

2-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiңбалаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 13874 тенге

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 39640 тг не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріпжүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы

1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
болуы –заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады- 5946

2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 29730 тг.

Жоғарыда аталған заңды нормативтік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерін толық баяндап жеткізуде жастар арасында тәртіп орнату, тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру, қылмысты болдырмау жолдарын дамытып, жандандыру ол сіздермен біздің бірлесе отырып, яғни мектеп пен ата-ана болып жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Сонда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар азайып балаларымыз құқылы,дербес орта өмір сүреді. Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны – бесіктің қалай тербелетіне байланысты дегендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекеттің тұтқасын ұстар бір азамат. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – тәуелсіз Қазақстан.  Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар» деген екен. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі белсенді жастар мемлекет еңсесінің  биік тұғырының берік қалануына сүбелі үлес қосып жатса, қазақтығы қанында азаматтығы жанында буырқанған бөрі тәңірлі еліміздің рухының мықты екендігінің айғағы емес пе? Меже биік, межеден табылу – абырой. Ендеше, Жастар қоғамымыздың  жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты.


Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Сонымен қатар, әлі де болса біліктілігі жоғары педагогтар жалақының төмендігіне байланысты саудамен айналысуға мәжбүр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты - ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.

Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский “Қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады”- деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары ең алдымен өздерінің ата - аналары.

А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім-тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.

Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста. 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.

Ол үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтар шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге апарып соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары, дөңгелек үстел, пікірталас өткізілді. Сонымен қатар ата-атаналар мен оқушылар үшін прокуратура қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының қ

ызметкерлерімен кездесулер өткізілді.