Просмотр содержимого документа
«Тәрелкедегі қызанақ пен қияр»
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения: 16.10.
Тәрбиеші/Воспитатель: Хамитбекова Н.Б
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.
Пән/Предмет: Жапсыру.
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан пайда болды?»
Тақырыбы/Тема: «Тәрелкедегі қызанақ пен қияр»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: аппликация дағдыларын қалыптастыру
3.Оқыту – обучающая: Көкөністер туралы білімдерін арттыру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: үйшік-домик үшбұрыш-треугольник , шаршы-квадрат
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Сұрақ жауап арқылы балалармен әңгімелесу.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болады?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
- Балалар мына суреттерге назар аударайықшы!
№ 1 сурет
Не көріп тұрсыңдар?
Олар жеміс пе көкөніс пе?
Көкөністер қай уақытта піседі?
Қандай көкөністерді білесіңдер?
Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.
Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады?
Ал қызанақ неге ұқсайды?
Түсі қандай?
Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Қызанақтың түсі қызыл және оның түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен.
Балалар, сендердің салат жегілерің келе ме? Олай болса, балалар, қазір бір-бірімізге қонаққа барамыз. Кімнің дәмді салат дайындайтынын көреміз
Билингвалдық компонент: қияр-огурец, қызанақ-помидор
Ендеше, біз тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік. Алдымен тәрелкені аламыз.Балалар, тәрелкенің пішіні қандай?
Дөңгелек екен, солай ма, балалар? Енді тәрелкенің жоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты, қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды, қиярларды тағы ортасына жапсырайық және тәрелкенің сол жағына қызанақты -жапсырамыз. Салатымыз дәмді болды.
- Балалар шаршадыңдар, сергіп алайық!
Сергіту сәті.
КӨКӨНІСТЕР:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
ҚИЯР:
Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
ҚЫЗАНАҚ:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
- Балалар сергіту сәті не туралы болды?
- Жарайсыңдар!
Жеке жұмыс. Балаларға жапсыруға көмек беру.
Шпател: «Көкөністерді құрастыру»
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар бүгін біз не істедік?
Немен таныстық?
Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.