Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға тәртіп пен парыздың маңызын түсіндіру арқылы жауапкершілік қасиетін ұғындыру; Дамытушылық: оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты тәртіптілік қасиетін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа тәрбиелеу; | Ресурстар: Ән мәтіні, оқулық, дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, ақ қағаз |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Үй тапсырмасын тексеру. Сыпайы қоян Қоян қандай дұрыс әрекет жасады? Жылан неліктен қоянға тиіспеді? Адамның тәртіптілігі неден көрінеді? Өзінің өмірінің сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма? | Сабақ барысын талқылау: Нұрға бөлену Ертегі |
Дәйексөз (5 мин) Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, Үлгісімен қуантады түбінде. Жүсіп Баласағұни Сұрақтар: Тәртіп дегеніміз не деп ойлайсыңдар? Парыз мағынасын түсіндіріп көр. Тәрітіпті бала қандай болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды. | |
Мұғалім сыйы: Мен қандай боламын? Құс ұясын бұзбаймын, Бүлдірмеймін жейдемді. Қабырғаны сызбаймын, Жинап қоям бөлмемді. Бос шимайлап, шатпақтап, Дәптерді де жыртпаймын. Бір күн болмай сатпақтап, Киімімді де құртпаймын. Апамызды сыйлайық, Үйдің ішін жинайық. Бұрынғыдай егесіп, Ерегесіп тұрмайық. Қалмау үшін керісіп, Кел алайық келісіп, Атқарайық үйдегі, Жұмысты тең бөлісіп. Кел, самаурын қайнатып, Дастарханды жайнатып. Отырайық бөлмеде, Бөпемізді ойнатып. Гүлдерді де суарып, Еденді де жуайық. Келген кезде жұмыстан, Қалсын апам қуанып. Сыйлап сәлем беремін, Көршілерді көргенде. Ізетті де білемін, Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін. Сыйлап сәлем бергендігі, ізеттілік көрсеткендігі, істеген істеріне мақтанып ақы сұрамайтындығы адамның қандай әрекеттерін сипаттайды? Ізеттілік, сыйластық, әдептілік қасиеттері сендердің бойларыңда байқала ма? Риясыз сүйіспеншілікпен істеген істерің туралы айтып беріңдер. | Әңгімелесу, сұрақ жауап |
Шығармашылық жұмыс. (10 мин) 1-тапсырма 15- бет Оқулықтағы суретттерге қараңдар. Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер. 2- тапсырма 16 бет Суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңдар | |
Топпен ән айту. (4 мин) Менің дағдым- күн тәртібім Өлеңін жазған: Сұлтан Қалиев Әнін жазған: Сайболат Жанғабылов | Аудиожазба |
Үй тапсырмасы. (2 мин) 3- тапсырма. 18- бет. «Менің күн тәртібім» | |
Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин) (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» | Баяу әуен |