«Тәуелсіз елім Қазақстан»
(кітапханалық сағаттың сценариі)
Мақсаты:
қызмет алушылардың бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру;
Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге;
қызмет алушыларға кіші буын патриоттық рух беру;
халқына адал қызмет етуге;
ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Өткізілетін орны: орталықтың кітапханасы.
Көрнекілік құралдар: видеобейне, слайдтар, кітап көрмесі, техникалық құрал - жабдықтар, аудио аппаратура.
Шақырылған қонақтар : қызмет алушылар, әкімшілік, орталықтың қызметкерлері.
1-жүргізуші:
Құтты болсын,Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады!
Армысыздар қадірменді қонақтар, қызмет алушылар, ата аналар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!
Біздің Отанымыз -Қазақстан . Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабаларымыздың арманы міне, бүгінде орындалып жатыр. Тәуелсіздік күні- барлығымыз үшін ерекше қасиетті мереке.
Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты.
Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Осы сұрақтын жауабын келесі қысқаша бейнероликтен табамыз. «1991 жылы 16 желтоқсан» атты бейнеролик. Назар аударғандарынызға көп рахмет!
2-жүргізуші:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан”, кең байтақ Қазақстан –туған өлкеміз, оны сүйіп , құрметтеу барлығымыздың парызымыз. Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бейбіт күннің байрағы көк туымыз биікте мәңгілік желбірей берсін! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіз елім Қазақстан». атты мерекелік іс шарамыз ашық деп жариялаймыз!
Егеменді, еңселі елім барда,
Жерұйықты, жұмақты жерім барда,
Шаша берсін шашуын дарқан халқым,
Баса берсін өркендеп өмір алға - деп бүгінгі іс шарамызды тамаша салт дәстүріміз тойбастармен ашайық. Олай болса ортаға тойбастарымызды әкелуге рұқсат етініздер!
«Тойбастар” әніне би
Бишілер тойбастар табағымен залға билеп кіреді. Қонақтар кюар кодты фотоға түсіріп өз сыйлықтарын тандайды.
1-жүргізуші:
Еңсесі биік еліміздің құдіретті де қасиетті қазақ деген халқының сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға зор қуаныш тілейміз!
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте!- деп әнұранымызды орындайық
2-жүргізуші:
1986 жылдың желтоқсаны бүгінгі біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Желтоқсан күндері осы жалпы ұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірлерін қиған Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев , Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджановна және басқада ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашан құрметпен аталуға лайық.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым - дей отыра, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ.
(1 минут еске алу.Барлығы орнынан тұрады)
1-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады-деп орталықтын музыканты, Беделбек Тоқ ағамызға беріледі.
Құттықтау сөз кезегі орталық директоры Айдос Советқанұлына беріледі.
2-жүргізуші:
Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.
Ұлттық әдебиетімізді танып, бағалай білу – осы өзің туған өлкені, осы өңірдегі ақын мен жазушыны танудан басталады. Абай өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер бұл. Осы күнге орай, біз бүгін арнайы қонақ шақырып отырмыз.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашатын.
Көрерменді таңдантып,
Жырдан күмбез жасайтын –
–дей келе, бүгінгі мерекелік іс шарамыздың қонағымен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші:
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Ақын, Филология ғылымдарының магистрі, Алтын тобылғы әдеби байқауының гран-при иегері, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрының әдебиет бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Абай облысы филиалының төрағасы, Абай облысының маслихат депутаты- Мерей Қарт жас ақынмен таныс болыныздар!
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Олай болса, сөз кезегін қонағымызға берейік. (Қонак өзі туралы қысқаша таныстырып , бір екі өленің тарту етеді)
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын- деп патриоттық әңге назар аударайық.
Ән
2-жүргізуші:
Сіздерді өз елін шын сүйетін , оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенеміз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, -дей келе бүгінгі іс шараға қорытынды жасайық. Сөз кезегі орталықтың кітапханашысына беріледі.
Кітапханашы: Ту туралы қысқаша мәлімет беру. Тудағы күн сәулесі дәннәң пішіні, күн сәулесі молшылықпен әл- ауқатты білдіреді.
(Тындаушылардың алдарына тудын сүретің қоямыз. Тындаушылардың мақсаты күннің сәулесіне тілек жазып жабыстырады.)
“Көк тудың желбірегені” әні орындалып турады.
1-жүргізуші:
Қаймықпаған қиындықтың жүгінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ,бақытты ұрпақ атынан.
Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен!- дей отыра «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болып, аспанымыз ашық болсын!
Көкбайрағы көкте самғаған,
Әсем әнұраны шарықтаған,
бейбіт күннің нұрына
бөленген,жасай бер,жаса,Тәуелсіз Қазақстан -деп “Атамекен” әнімен аяқтайық ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!