СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіз күніне арналған ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік күніне арналған  ертенгілік

Тәрбиешілерге және музыка жетекшіге көмек

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз күніне арналған ертеңгілік»

«Ана-тілің арың бұл»

Жүгізуші: Құрметті қонақтар, сүйікті балалар Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз деп сенеміз. Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

1-бала: Елдігімнің –реңі,

Теңдігімнің -тірегі

Мүдесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым- арай таңым!

2- бала: Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Балалар әнұранын орындап, сол жақтағы орындарға отырады.


Жүргізуші: Ежелден- ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл- көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілің, мәдениетін дамытам деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Ол 1986 жылы 16- желтоқсанда қан төгіс шайқасқа жалғасты.

балалар «Отан» әнін орындайды.


Жүргізуші: Қазақ жерінің ұлылығын асқақтатып жырлаған ақын- жазушыларымыз да аз емес.


3-бала:

Жұпар самал бұйраланған көп белең,

Далам менің еңбігіммен көктеген.

Қызғалдақтың алаулаған отттары,

Туған жерді жалғап жатыр көк белең.




4- бала:

Сүйем сені қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғанаарманыма жетемін!


Бұдан соң Қошақан тобының балалар «Жаса Қазақстан» әнін орындайды.


Жүргізуші: Ал енді , Отанымыз, туған еліміз туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?


Балалар:

Жер байлықтың көзі;


Күте білсең, жер жомарт;


Жері байдың- елі бай;


Көлдің көркі- құрақ,

Таудың көркі – бұлақ;


Орман- ел дәулеті, жер сәулеті;


Жүргізуші: «Қыз өссе- елдің көркі»демекші, енді тамашалайтындарыңыз- қыздар биі.


Жүргізуші: Балалар, енді жұмысқа көшейік. Алдын- ала даярланған мына оындықтарға отфрфп, ұқыпты тапсырманы түсініп, орындауға кірісіңдер.

Өз Отандарынды қалай сүйесіңдер. Соны бейнелеп көрсетіндерші. (Еңсеповтың «Әке толғауы» күйінің сазымен балалар сурет салып жатыр).


Жүргізуші: Қазір, кәнеки суреттеріңді көрейік. Өте жақсы, әрқайсысың әдемі салынған суреттеріңді көрейік. Өте жақсы, әрқайсысың әдемі салынған суреттерінді отырған қонақтарға көрсетіп шығыңдар. Оссы кезде залға алма атасы кіреді.


Алма атасы:Есенбісіңдер бүлдіршіндер! Мен де сендердің суреттеріңді көргім келеді. Ал, мені таныдыңдар ма? Иә, менАлма атасымын. Сендердің бүгінгі мерекелерін құтты болсын. Өз отандарыңды сүйіп өсетіндеріне сенімдімін. Өйткені қазағымыз «елі байдың- жері бай» дейді ғой.


Жүргізуші: Көп рахмет Сізге, Алма атасы!


Алма атасы:Мерекелеріңе мен құр қол келе алмадым. Менің немерем бір бала шығып сыйлықтарын таратады. /»Ата толғауы» әнінің сазымен залға ұлттық киім киген ұл бала шығады: қолдарында табақта алмсы бар.



Жүргізуші:Ата, тәтті дәміңізге де, жылы лебізіңізге де барлығымыз зор алғысымызды білдіреміз.Сизге дебалалардың сыйлығы бар

Осыдан кейын екі топтын балалары Отан әнін орындайды


Жүргізуші:Міне, балалар, Қазақстан егемендік алған мерейлі тойына арналған ертеңгілігіміз аяқталып та қалды. Атамыздың әкелген тағамдарынан ауыз тиіңіздер.


Кештің соңында елбасының «Елім менің» әні барлық қонақтармен бірге орындалады.