Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік - тірегім, тәуелсіздік - жүрегім" тақырыбындағы 8 сыныптар арасында үш тілде өткізілген жарыс»
Тәуелсіздік – тірегім, Тәуелсіздік – жүрегім
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, өз елінің шынайы патриоты болуға баули отырып, қазіргі заманда үш тілді қатар білу қажеттілігін ұғындыру, үш тілдегі білім деңгейін анықтау, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі айту, сөйлеу, жазу дағдылары мен қабілеттерін шыңдау, өз Отаны және оның құндылықтары жайлы үш тілде қатар өз ойларын жеткізіп, пікір білдірулерін қалыптастыру.
Біз өз тәуелсіздігін алу жолында ғасырлар бойына үздіксіз күрес жүргізіп, барлық қиындықтар мен кедергілерден абыроймен өткен, посткеңестік кеңістікте экономикалық және саяси көшбасшыға айналған, ұлтаралық ынтымақ пен келісімнің айқын үлгісі бола білген Отанымызбен мақтанамыз! Елбасшымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «біздің ынтымағымыз, достығымыз, жасампаздық күш-қуатымыз тұрақтылықты, азаматтық және жалпыұлттық татулықты сақтауға, еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз етуге деген ұмтылысымыз - Қазақстанның гүлденіп, көркеюі мен игілік жолында алға басуының басты кепілі».
Тәуелсіздік – біздің баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздігімізді мақтан етеді.
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты елбасшысы
Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.
Сайыс кезеңдері:
- Таныстыру. Presentation
- Сұрақтарға жауап. Answering questions
- «Менің сүйікті елім» (My favourite country) тақырыбында үш тілде эссе жазу (үй жұмысы).
- «Менің елімнің басты символы» (The main symbol of my country) тақырыбында постер қорғау
І. Таныстыру. Presentation.
ІI. Сұрақтарға жауап беру. Answering questions
Менің Отаным – Қазақстан
Сұрақтары:
- Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
- Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
- ҚР-ның халық саны қанша?
- Осы жылы ел Тәуелсіздігінің қанша жылдығын тойлаймыз?
Еліміздегі басты қалалар
Сұрақтары:
- Астана қаласының бұрынғы атауы
- Астана қалаcының қандай әдемі және маңызды жерлерін білесіздер?
- «Алматы» сөзі неден шыққан?
- VII Қысқы Азия ойындары қай жылы болды?
- ОБСЕ саммиті Астанада қай жылы болды?
ЭКСПО 2017
Сұрақтары:
- ЭКСПО дегеніміз не?
- ЭКСПО 2017 қай елде, қай қалада өтеді?
- Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып қалай аталады?
- Көрме қашан өтеді?
- ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне қанша ел қатысады деп күтілуде?
ІІІ. «Менің сүйікті елім» (My favourite country) тақырыбында үш тілде эссе жазу.
IV. «Менің елімнің басты символы» (The main symbol of my country) тақырыбына постер қорғау.
V. Қорытынды. Conclusion