Просмотр содержимого документа
«Тәуелдеулі зат есімге жаттығу жұмысы»
Тақырыбы: Тәуелдеулі зат есімге жаттығу жұмысы
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; 2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту 3.Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:пысықтау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Өткенді пысықтау
42-жаттығу Берілген сөздерді тәуелдеулі ерекшелігіне қарай топтап жазу керек.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
44-жаттығу сөздерге тәуелдік жалғауын тауып айту:
Менің халқым, балаларым, қағаздарым, кітаптарым.
Сенің халқың, балаларың, қағаздарың, кітаптарың.
Оның халқы, балалары, қағаздары, кітаптары.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
45-жаттығу мәтінді оқу, көшіріп жазу, тәуелдеулі сөздерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін айту.
Мектебіміз,бөлмелері,терезелері,сыныбым,оқушылары.
46-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазу: Жайлауымыз, қыстауымыз.
47-жаттығуда берілген жұмбақты шешу (әтеш), тәуелдеулі сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту:
Жекеше | Көпше |
Менің тарағым, орағым, сақалым. Сенің тарағың, орағың, сақалың Оның тарағы, орағы, сақалы | Біздің тарағымыз, орағымыз,сақалымыз Сендердің тарақтарың, орақтарың, сақалдарың. Олардың тарақтары, орақтары, сақалдары. |
ҮІ. Бекіту: 48-жаттығу мәтінді түсініп оқу, тәуелденген сөздерді табу, жазу, тәуелдік жалғаулардың астын сызу:
бойы, қол-аяғы, әжесі, шешесі.
Абай Құнанбаев кім болған? Оның қандай еңбектерін білесің?
«Абай жолы» романын жазған кім? М.Әуезов туралы не білесіңдер?
ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
ҮІІІ.Үйгетапсырма: 49,50-жаттығу 161-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау