СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіз Қазақстан сынып сағаты

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Іс-шара Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған  сынып сағаты

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз Қазақстан сынып сағаты»














































Сағаттың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің ,

келісімнің және жасампаздықтың 25 жылы»

Мақсаты: - Оқушыларды ҚР – ның 25 жыл ішіндегі

жеткен жетістіктерімен таныстыру;

- Тәуелсіз ҚР – ның өткені мен болашағы , даму

тарихы туралы мағұлматтар бере отырып,

келешекке сеніммен қарауға , елжандылыққа,

ұлтын сүюге тәрбиелеу;

- Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып түсіндіру

арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Сағаттың әдісі: Лекция, сұқбат, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: Жасампаздықтың 25 жылында атқарылған

жобалар туралы слайд, Отан жайлы ой

толғаулар, суреттер, тәуелсіздіктің 25

жылдығының эмблемасы.

Өтілу барысы:

Кіріспе сөз: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Мемлекеттің құрылғн, , азаттық алған күні - әр елдің айтулы, ең басты мерекесі. Осыдан тура 20 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіз екендігін барша әлемге паш етті. Туелсіздік деген – тәтті ұғым, қастарлі сөз. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.

Қысқа мерзім ішінде еліміз әлемдік аренада тәуелсіз мемлекет ретінде орнығып, халықаралық, дүниежүзілік ұйымдар мен қауымдастықтарға толыққанды мүше болды.

Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін !


Таңды атырамын елұрандай өр үнмен,

Елтаңбам тұр орын алып төрімнен.

Ата Заңым сүйенер күш қуатым,

Көз тартады көк туым өз көгімнен, - дей келе бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 25 жылы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. (Мемлекеттік Әнұран орындалады)

Иә, бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. 200 жыл патшалы рессейдің отары болдық. 70 жыл әміршіл - әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық. Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

Республика! Ерікті ел Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған менде бір мәз арыстан.


Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім, - деп ақын

Жұбан Молдағалиев жырлағандай, біздің еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Ал енді осы 20 жыл ішіндегі даталы оқиғаларға көз жүгіртсек.

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы қабылдады;.

  • 1992 жылы ел рәміздері бекітілді;

  • 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ ұйымының мүшесі болды, Азия, Еуропа елдерінің қауіпсіздік және экономикалық қауымдастықтарының мүшесі болды;

  • 1993 жылдың 15 қарашада төл теңгеміз енгізілді;

  • 1994 жылы ақпан айы Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды;

  • 1995 жылы 30 тамыз жалпы халықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды;

  • 1996 жылы желтоқсан оқиғасының құрбаны – Қайрат Рысқұлбековке халық хаһарманы атағы берілді;

  • 1997 жылы 20 қыркүйек дүние жүзі қазақтарының 1- Құрылтайы ашылды;

  • 1997 жылы 2 қараша тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;

  • 1998 жылдың 7 мамыр күні президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп аталды;

  • 1999 жылы маусым «Жаңа Қазақстан» атты көп томдық ұлттық инциклопедияның І – томы жарық көрді;

  • 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланды;

  • 2001 жылы «Тәуелсіздік пен достық» жылы болып жарияланды;

  • 2003- 2005 жылдары «Ауыл жылдары» болып жарияланды;

  • 2006 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Мемлекеттік Әнұран болып қабылданды;

  • 2007 жыл «Қазақ тілін қолдау» жылы болып жарияланды;

  • 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Самидін өткізді;

  • 2010 жылдың қаңтары Азиада ойындарын өткізді

  • 2011 жылдың сәуірінде Елбасымыз қайтадан халық сеніміне ие болды. Осылайша Қазақстан үшін әрбір жыл жетістікке толы болды.

Тәуелсіз мемлекет болудағы ең басты белгілер: Әнұран, Елтаңба және Мемлекеттік Ту. ( Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардан өздері білетін мәліметтер сұралынады)

Біздің жеріміз жер көлемінен дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Мұнайымыз бен алтынымыз, алмасымыздан ұлттық қорымызды құрып үлгердік. Ұлттық тарихымызды ана тілімізді, мәдени тілімізді көтердік. Экономикада жан – жақты реформалар жүргізілуде. Макроэкономиканы тұрақтандыру, еркін сауда, шетел инвестициясын тарату, өндірістерді жекешелендіру бағыттарында жұмыстар істелінуде (лекция әдісі арқылы газет – журнал беттеріндегі қосымша материалдармен оқушыларды таныстырып, дүниетанымдарын кеңейту )

Бүгінгі салтанатты тәрбие сағатымызда Егеменді мемлекетіміздің 20 жыл ішіндегі тарихи жетістіктеріне тоқталып өттік. «Қазақстан 2030» стратегиясын жүзеге асыратын, келешекте елімізді көркейтетін сонымен қатар оның еңселі болуына ат салысатын кейінгі ұрпақ мына, сендерсіңдер. Сондықтанда сендердің алдарыңдағы бүгінгі мақсат жақсы оқып, трбиелі болу. Осы мақсатқа жеулеріңе, дендеріңнің сау болып бақытты өмір кешулеріңе шын жүректен тілектеспін! Осымен салтанатты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймын. (Әнұран орындалады)