СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өткізген ашық сабағым. артынан слайдын саламын

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»

Мақсаты:

  • Оқушыларды Қазақстан Республикасының 20жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру;

  • Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып түсіндіру;

  • Республикамыздың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер:

Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ типі: электронды типті

Барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен, ата-аналармен және келген қонақтармен амандасу. Әнұран айту.

  • Балалар, бірнеше сұрақтарға жауап берсеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстанның Астанасы қай қала?
- ҚР президенті кім?
- Ұлтымызды айтындар.
- Ұлттық тіліміз қай тіл?
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
- Кім өз мекен-жайын толық айта алады?
- Жақында қай мейрамды атап өттік?
- Біздің заңымыз қайда жазылған?
- Отан жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Отан жайлы қандай өлең білесіңдер?

Негізгі бөлім:

  • Бүгін тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 20жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен өрліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.

  • Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғарыкөтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді» ия, 1986 «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.

  • Қазақтың жаңа тарихының бастауы мен болашағының жол айрығы әйгілі Желтоқсан оқиғасы еді.

4-слайд

5-слайд



Жұмбақтар:

Таңбасы асқақ елімнің,

Алтын, байтақ жерімнің. (ЕЛТАҢБА)

Бұл қай жалау айтындаршы,

Оюланған.

Ортасында күні,

Астында қыран. (ТУ)

6-слайд

Әрқашанда мақтанышпен,

Қуанышпен жырлаймыз.

Бар дауыспен әнге салып,

ӘНҰРАНДЫ шырқаймыз.

  • Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда

Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы

мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков,

Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-

Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның

мәтінін жазғандар — Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Әуенін

жазғандар — Ш.Қалдаяқов. Қазақстан Республикасының ұлттық

ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша

белгілерін – теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең

таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған

болатын.

12-слайд

11-слайд



  • Биыл Қазақстанда денсаулық жылы. Денсаулық деген не?

  • Денсаулық болу үшін не қажет?

      • Спортпен айналысу

      • Білім алу

      • Жақсы тамақтану

      • Еңбектену

      • Ешкімге ренжімеудің арқасында біз денсаулыққа ие боламыз.

  • Денсаулық турала қандай мақал мәтелдер білесіңдер?


Бекіту:

Сөзжұмбақ шешу:

  1. Екінші астана.

  2. Рәміздердің бірі.

  3. Рәмәздердің бірі.

  4. Рәміздердің брі.

  5. Рәміздердің бірі.

  6. Республикамыздың бас қаласы.

  7. Қазақстандағы өзен.

  8. Ұлттық тіліміз қай тіл?

  9. Биыл Қазақстанда қандай жыл?

  10. Н.Ә.Назарбаевпен бірге

Әнұранның сөзін жазған кім?

  1. Туымыздың ортасында не бар?

4-слайд



Қорытынды:

  • Тәуелсіздік туын ұстап өз алдымызға дербес мемлекет болғанымызға бақандай 20жыл толды.

  • Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе Елім Тәуелсіздіктің көк аспанында көзің ашық, көкірегің ояу, еңсең биік ел бола біл! демекпін.

  • Тәрбие сағатымызды ата-аналар тілегімен аяқтасақ дегім келеді.