СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ә.Тәжібаев «Толағай»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдеби ертегі «Толағай» туралы білімдерін саралау, жүйелеу, ертегінің идеясын анықтау

Просмотр содержимого документа
«Ә.Тәжібаев «Толағай»»



Сабақтың тақырыбы

«Толағайдың ерлігі» (ӘбділдаТәжібаев) 5-сынып.

Сабақтың мақсаты

Әдеби ертегі «Толағай» туралы білімдерін саралау, жүйелеу, ертегінің идеясын анықтау; оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білдіруге қалыптастыру, өз беттерінше ізденуге жетелеу; кейіпкерлерге мінездеме беру, басқа шығармалармен салыстыра келе, өзінің қорытынды ойын шығара білуге баулу. Батырлық, ерлік қасиеттерін бойына дарыту арқылы туған елін, жерін, Отанын құрметтеуді түсінеді.

Міндеттері

  • Автордың өмірі мен шығармашылығының негізгі жайында мәлімет алады.

  • Басты кейіпкерлердің бейнесі арқылы ертегінің көркемдік ерекшелігін тану;

Күтілетін нәтиже

  • Өлең-дастанды түсініп оқып, дастанның ерекшеліктерін зерттей алады;

  • Әдеби шығармаларды талдайды, мінездеме бере алады;

Түйінді идея

Елі үшін ерлік жасайтын ерлер туса ...

Инновациял. технология

Дамыта оқыту. СТО

Оқыту түрі

Даралап, ұжымдық

Cабақтың құрылымы

I.

Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)

1.Оқушылармен сәлемдесу.

Қане, балалар, бәріміз тақтаның алдына қарай шығып, «Шаттық»  шеңберін жасап тұра қояйық. Енді бір –бір  ауыз сөзбен жүректеріңнен шыққан жақсы тілектеріңді бір- бірімізге тілейік!Тек біріміздің айтқанымызды,  екіншілеріміз қайталамауға тырысайық!  Алақандарымызды ашып, көршілеріміздің жүректерінен шыққан ақ тілектерін қабылдауды бастайық!

II.

Үй тапсырмасын тексеру

(5мин)

«Сұрақ тізбегі» әдісі бойынша сұрау

Қима қағаздарда жазылған сұрақтарды балалар тізбек арқылы бір біріне қояды. Жауап бере алмаған баланың сұрағына басқа бала жауап бере алады.

  • Ертегі неше түрге бөлінеді?

  • Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен басты айырмасы неде?

  • Өзің сүйіп оқыған әдеби ертегілеріңді ата.

  • Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?

  • Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді деп ойлайсың?


Қызығушылықты ояту

(2 минут)

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін ...

Тоқтай алмай барамын

Ағайын-туған ел үшін.

  • Бұл өлең жолдарын естігенде, көз алдарыңа не елестейді?

  • Елін қорғаған батырлар. (Алпамыс, Қобыланды, Ертарғын, Толағай )

Ендеше, бүгінгі сабағымызда елі үшін құрбан болған батыр туралы Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегі –дастанының Толағайдың ерлігі жайында сөз қозғаймыз. Ең алдымен осы ертегінің авторы Ә. Тәжібаев туралы не білеміз?

IV



Мағынаны таныту

(12 минут)

  • Ә. Тәжібаев кім?


  • Ал Толағай тауы туралы халық аңызы не дейді? Толағай тауы (Қосымша дерек)

    1. Толағайға мінездеме (топтастыру)

алып


мерген

аңғал




жанашыр батыр


мейірімді

    1. «Ішке – сыртқа» стратегиясы

Мұнда мәтін бойынша оқушылар « ішке» деген бөліміне риза болған оқиғаларын,

«сыртқа» деген бөліміне мәтінді оқыған кездегі көңілі толмаған кезеңдерін

қысқаша жазу керек.


Ішке

Сыртқа

Алып бала болуы, Мерген болуы

Жанашыр

Рақымшыл болуы


жаңбыр іздеуі,

тауды көтеріп әкелуі,

елі үшін құрбан болуы


Сергіту сәті «Мен қазақпын»


    1. Ой толғаныс.

  1. Шығармашылық жұмыс

«Толағай» ертегісіндегі « Ең бақытсыз жан кім?» деп ойлайсыз?

Оқушының жұмысын тыңдау.

    1. Салыстыру

Венн диаграммасы

Кендебай Толағай

5 . Толғаныс. Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау.
Басталуы. Саржан атты мерген болуы
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі
Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы
Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы
Шешімі. Еліне жауын жаудыруы
Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.

VI.

Үйге тапсырма

(1 минут)

«Толағай батыр ма?» шағын эссе жазып келу

VII.

Ой қорыту.

(2 минут)

Ширату сұрақтары:

  1. Оқиға неше жыл бұрын болған? (500 жыл бұрын)

  2. Оқиға орны (Ертіс жағасында)

  3. Мерген кім? (Саржан)

  4. Толағайдың әкесі (Саржан)

  5. Толағайдың анасы (Айсұлу)

  6. Толағай жеті жасында не тартты? (садақ)

  7. Саржан мерген немен айқасты? (жолбарыс)

  8. Толағай оны неге теңеді? (мысық)

  9. Елге қандай жұрт келді? (жаңбыр жаумады)

  10. Толағай не іздеп кетті? (Жаңбыр)

  11. Еліне не әкелді? (Жаңбырлы тау)

  12. Тау қалай аталады? (Толағай)

VIIІ.

Бағалау (1 минут)

1.Бағалаушының бағасы 2.Мұғалімнің бағасы

IХ.

Қорытындылау (1 минут)

Мұғалімнің сөзі: «Ерлік аспаннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деген Б. Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.

Сабақ туралы оқушылардың пікірі, тақтадан оқу.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан асыл туса,

Елінің қамын жейді

Еліміздің қамын жейтін Азамат болыңыздар!




«Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы жаңашыл үдерістер» атты ғылыми жинағына өтініш

Аты – жөні: Кабылова Жайдар Калиевна


 

 

Мекен – жайы, индекс

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Пушкин көшесі

Индекс 040006

 

 

 

Жұмыс орны А.С.Макаренко атындағы

№ 6 орта мектеп

 

 

Электрондық поштасы

[email protected]

 

 

Байланыс номері 87078963663