«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша рефлексивтік есеп
Мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше,
мұғалімнің рөлі барынша артады және оқушылардың
білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын болады.
(МТАН, 5-бет)
Қазіргі білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістердің ортасындағы басты тұлға мұғалім екені бәрімізге аян. Өзгермелі заманда мұғалім күн сайын күрмеуі қиын мәселелерге кез болуда, оны жаңа қырынан танып, жаңа міндеттерді шешіп, жаңаша бағыт алып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруда. Заманның ағымына қарай «Бірінші деңгей» бағдарламасын оқып шыққан мен үшін «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасын оқу үлкен мәртебе болып табылады. Бағдарлама аясында мектеп тренеріне қойылатын талаптар мен кәсіби мінез-құлықтардың стандарттарын бірінші күннен бастап түсінуге, оның маңыздылығына әрбір атқарылған шаралар, өткізілген тренингтер арқылы көз жеткізуге мүмкіндіктер мен жағдаяттар жасалды. Бағдарламаның түйінді идеясын түсіну үшін жауапкершілігім арта түсті. Себебі мен мұнда тыңдаушы, рөлдік ойындарға қатысушы, пікір айтушы, жоспарлаушы, тренер, сарапшы да бола білдім.
Әр рөлді орындауда білімім мен біліктілігім, ой шапшаңдығым, сыни көзқарасым, пікірім қажет болды. Әсіресе, нақты жерде нақты мақсатпен жұмыс жасауда «Эйзенхауэр матрицасы» өте тиімді болды. Уақытқа, нақты қажеттілікке байланысты шұғыл және маңызды шаруаларды жіктеп алып, айқын мақсатпен жұмыс жасауға бағдар болды. Зейінді шоғырландыруға, бастыны анықтауға, ой шапшаңдығына, еш нәрсені назардан тыс қалдырмауға бағытталған белсенді әдістерді тәжірибе барысында оңтайлы қолдана білдік. Ең бастысы, уақытқа жұмыс істеу, әрбір іс-әрекеттің алатын уақыт мөлшерін нақты, дәл белгілеу арқылы басымдық таныту болды. Сонымен қатар тренинг барысында коучинг әдісін қолдануда бір тақырыптан екіншісіне «көпіршелерді» дұрыс қолдану және бірлескен жұмыс нәтижелі болатынына тағы да көз жеткіздік.
Психологиялық ахуал орнату, дауыс ырғағың, жүріс-тұрысың, сөйлеу шеберлігіңді, өзгелермен қарым-қатынасыңды бағалауда шыншылдыққа үйрендік. Зерттеушілердің пікірінше, тренердің дауыс ырғағы, дауыс жылдамдығы, дауыс биіктігі қандай мөлшерде болуын, «Төрт түйінді пікірдің» қайсысын қаншалықты қолдану керектігін білдік. Рефлексия жасаудағы шынайылық, әдістерді талдау барысында жетілдіруді қажет ететін тұстарды таба білу және оның шешімін іздеу арқылы тәжірибемізді шыңдадық. Себебі, кейде өзің үшін көріне бермейтін «ұсақ» мәселелер «үлкен» істердің тетігі болып шығады. Әрбір белсенді әдіс-тәсілдердің тиімді-тиімсіз жақтары анықталды. Бұл дегеніміз өз жұмысымызды жоспарлауда, осы әдістерді қолдануда нендей кедергі болуын болжай алуға үйретті.
Болашақта өз жұмысымда SWOT талдауды түбегейлі жасап, SMART мақсатты қолжетімді шынайы қойып, «Эйзенхауэр матрицасы» негізінде жоспарлап, тәжірибеде ой түйіндеген тұжырымдарды, ұсыныс, тілектерді ескере отырып, мінсіз тренерлікке қол жеткіземін деген ойдамын.