| Мотивациялық - қозғаушылық | - Балалар, мен сендерге ертегі айтып берейін. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, Мыстан кемпір болыпты. Ол әдемілікті көрмейтін, сезін бейтін, дүниеде тек жамандық жасайтын жан екен. Зұлымдық жасаудан қолы босамайды. Сол Мыстан кемпір бірде ыдыстардан әдемі ою-өрнектерді үрлеп, өшіріп тастайды». - Балалар, қарандаршы. Ою-өрнектер үстел үстінде жатыр. ЬІдыстарға осы ою-ернектерді желімдеп, өрнектейік. | Ертегіні тыңдайды Ыдыстарды өрнектеуге ынта білдіреді. |
| Ұйымдастырушылық - ізденістік | - Бірақ алдымен жан-жағымызға қарап, сұлулықты іздейік. Терезенің ар жағында аспанда ак бүлттар қандай әдемі! Сүлулықты қайдан көріп түрсыңдар? Терезенің ар жағынан ба? Топтан ба? Достарыңнан ба? - Сендердің қолдарың да әдемілікті жасай алады. Сендер қазір ыдыстарды ою-өрнектермен әшекейлейсіңдер.¥қыпты желімдеңдер, желімнің ізі қалмауы керек. Саусақ жаттыгуы: «Қонаққа барамыз». Басбармақтың үйіне Келді бүгін қонақтар. Бес саусағың - бақытың, Сонда, балам, бар қүтың. Бес саусағың біріксе, Текке кетпес уақытың. Барлық саусақ - тату дос, Бір-біріңе көмектес. - Әдемі әуен бізге жақсы жұмыс істеуге көмектеседі. (Қазақтың әдемі әуені шырқалады.) Сөздік жүмыс: өрнек. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. - Ыдыстың ортасынан бастап өрнектейміз. Ең үлкен элементтерді таңдап, қошқармүйіз бен кұстұмсық оюларын желімдейміз. - Қағаздың түрлі түсті жағын астына қаратып, желімді жағамыз. Өрнекті негізгі бетке әдемілеп жабыстырып, сулықпен басамыз, артық желімді сүртіп тастаймыз. Енді ыдыстардың шетін өрнектейміз. Гүл күлтесі оюының ұшын ыдыстың шетіне қаратып желімдейміз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Билингвальді компонент: табақ - блюдо, өрнек - орнамент. | Педагогті тыңдайды, сұрағына жауап береді. Балалар саусақ жаттығуын жасайды. Қайталайды: өрнек Үлестірмелі материалды карастырады. Жұмыстың орындалу ретімен танысады, жұмысқа кіріседі. Қайталайды: табақ -блюдо, өрнек-орнамент. |
| Рефликсиялық - түзетушілік | Педагог балаларды мадақтайды. Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. | Достарының жұмысын талдайды. Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды. |