СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғат-тіршілік көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс мектебінде қазақ тілінен 6 сыныпқа арналған  сабақ жоспары.Грамматикалық тақырып: салт және сабақты етістік.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат-тіршілік көзі»











Сабақтың тақырыбы: Табиғат-тіршілік көзі. Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақтың мақсаты:   Табиғат жайлы білімдерін кеңейтту.  Сабақты және салт етістіктер туралы ұғымдарын жетілдіру.Сабақты етістік пен салт етістікі ажырата білуге дағдыландырып, табиғатты қорғауға, аялауға, үлес қоса білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:  а) Сабақты және салт етістіктің айырмашылығын ажырату; тәжірибелермен ұштастыру, меңгерту.

  ә) Сабақты және салт етістіктерін ұлттық ойындар арқылы дәстүрлі бағалай білуге, халқын салтын сүюге шақыру. Оның ойлы, мәдениетті азамат тәрбиелеу б) Сөйлеу тілін қалыптастырып, логикалық ойларын дамыту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық  қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:  Дамыта оқу технологиясы

Оқыту әдісі:        Түсіндіру, практикалық, топпен жұмыс

Көрнекіліктер:   Семантикалық карта, венн диаграммасы, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру 

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабаққа даярлығын тексеру 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

Өтілген сабақты қайталау. 

Етістік



Салт Сабақты

Оқушылар , етістің нысанға қатынасына қарай Сабақты етістік және салт етістік болып бөлінеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өтемін. 

Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мағынасы жағынан тура нысанды – табыс септіктегі  сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Мысалы: Қаладан қайт, үйден келді, баламен келді. 

Етістік заттың қимылының, іс-әрекеттің аты болса, адамға тән қимылды атау.

Әрі қарай сабағымыз сайыс түрінде өтеді. 

 І – Бәйге кезеңі:

1-тапсырма.Сөйлемдерді жазып алып, көп нүктенің орнына септік жалғауын қойып жаз. Сабақты етістікті жазыңдар.

  1. Табиғат ... басты байлығы-жер.

  2. Жер- біз... қазынамыз, байлығымыз.

  3. Жер-біз.. алтын бесігіміз.

  4. Анамыз... қалай жақсы көрсек, табиғатымыз... да сүйе білуіміз керек.

ІІ. «Мені әңгімеле»

Оқушылар мәтінді оқып, тақырып қояды. Сөйлемдерден сұрақ құрастырады.

Табиғат-ол су. Суды «тіршілік көзі» дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайды.

ІІІ. Көкпар кезеңі: Шығармашылық тапсырма.Берілген сөздерден сөйлемдер құрастырып жазу.

Жасыл өсімдік, қалың орман, кең дала, таза ауа,ну тоғай.

ІҮ – Бойжазар кезеңі «Сергіту сәті»

(  қаражорға сазы мен би билейді)

V – Теңге алу кезеңі: Оқушылар тақтада көрсетілген теңгелерді таңдайды. Әр теңгенің артында сабақты бекіту тапсырмалары бар. 

10 000 теңге – Етістік деген не?

5000 теңге – Сабақты етістік деген не?

2000 теңге – Сабақты етістік пен салт етістікке мысал келтір.

1000 теңге – Салт етістік дегеніміз не?

500 теңге – Етістіктің қандай сұраққа жауап береді?

200 теңге - Етістікке мысал келтір.  

 VІ. Сабақты қорытындылау «Кім жылдам?» сабақта етістік пе, салт етістік пе? деген тақырыпта білім жарыстыр
І топ: ауылдан келді, сабақты оқы, мектепке бар

ІІ топ:үйдің жаны, табиғатты қорға, саябақты тазала.

ІІІ топ: Біздің табиғат, дәрігермен келді, ағашты отырғыз.

Үйге тапсырма: табиғат жайлы 5 мақал-мәтел жаттап кел.

Бағалау: «Ортадағы қаламсап»