СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Таймас Аида 3 "А" сынып оқушысы «Жаз келді жадырап» (Эссе)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүргізуші:«Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Осы сыныптың алғашқы ұстазы Құсайынова Л.С ортаға шақырамыз

Просмотр содержимого документа
«Таймас Аида 3 "А" сынып оқушысы «Жаз келді жадырап» (Эссе)»

Тақырыбы: «Жаз келді жадырап» (Эссе)

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

          Көрнекілігі: жазылған сөздер:

          «Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

          «Білім кілті – бастауышта» - слайд тақырыбы.

          «Қына тасқа бітеді,

          Білім басқа бітеді.»

          «Оқусыз – білім жоқ,

          Білімсіз – күнің жоқ»

          «Оқу- білім бұлағы,

          Білім- өмір шырағы.»

          Мұғалімнің кіріспе сөзі:

          Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

          Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпта  білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

         Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4-ші сыныбымызды ортамызға.

 

Атыңнан айналайын  Дидар  деген,

Сенің жақсы ісіңе баға берем.

Жеңіс туын тігерсің болашақта,

Үміті зор ұстазыңның саған деген .

************************

Үндемей бәрін тындырған,

Сыныптың салмақты қызысың.

Атыңа затың сай келетін ,

Қазақтың жарқыраған Жұлдызысың.

 *****************************

Білімді, ақылдысы сыныптағы,

Талай қиын есепті құрықтады.

Ақмоншақтың алдында талай іс тұр,

Болашақта жандырар үміт отты.

******************************

Өнер десе алдына жан салмайтын,

Кім бар біздің Сымбатқа тамсанбайтын.

Бір өзі бір сыныптың міндетін,

Сымбаттай қызыңыз атқаратын.


 Ақмоншақ:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

          2- оқушы:Дидар

          Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

          Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

3- оқушы:Жұлдыз:


Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

          Қыран құстай болашағын мәпелер.

          Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

          Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Жүргізуші:«Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Осы сыныптың алғашқы ұстазы Құсайынова Л.С ортаға шақырамыз.


1-оқушы: Дидар:

          Үйретіп бізге алғаш әліппені,

          Ұстазым ғылымға жол салып берді.

          Адамның ой-арманы мақсаттары,

          Оқудың сәулесімен жарық көрді.

2-оқушы: Ақмоншақ:

           Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

           Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

           Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

           Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

3-оқушы: Жұлдыз:

            Ақылшы асыл ұстазым

            Өзіңе мен де ұқсармын.

            Жеткенше қайрат күш-әлім

            Биікке самғап ұшармын.

Сымбат:  Шашу, шашу, шашайық,

                                Ақ сандықты ашайық.

                                Бұл мереке, бұл тойдың

                                Бастаңғысын жасайық.

                                (шашу шашылады)

1.«Ұстазым »әні


2.«Өзбек биі»


1.Тамашадан үзінді: «Қазіргі алфавит»

2.Тамашадан үзінді: «Әжесі мен немересі»»


3.«Мектебім-аяулы мектебім» әні

«Сыған биі»

4.Логикалық тапсырмалар:

5.Флешмоб


Дидар:

Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.



Жұлдыз:

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Ақмоншақ:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


 «Сыңғырла қоңырау» әні