Сабақ тақырыбы: | Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары. |
Сабақ мақсаты: | Адам шығу тегінің дәлелдемелерімен таныстыру. Адам мен адам тәрізді маймылдарды ажырата білуге дағдыландыру. |
Күтілетін нәтиже: | Адам шығу тарихы дәлелдемелерімен танысады. Адам мен адам маймылдары туралы ажырата біледі. |
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер | «Стикердегі диалог» әдісі, «Ой қозғау» әдісі, «ИНСЕРТ» әдісі, «Концептуальдық кесте», эссе, «Топтастыру» стратегиясы. |
Модульдердің кіріктірілуі | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, Бағалау, АКТ, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басару және көшбасшылық. |
Сабақ түрі: | Жаңа сабақ |
Сабақтың кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Керекті жабдықтар |
Кіріспе | 2 минут 5 минут | Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын. «Стикердегі диалог» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекітемін. | Қазақтың әнші композиторлары аттарымен топқа бөлінеді. Өткен тақырып бойынша стикерге сұрақтар жазды, келесі топ келіп, стикерегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді. | Таратпа қағаздар Стикерлер, бағалау парақшасы |
Жаңа сабақтың таныстырылымы | 4 минут 10 минут | Білу.Электронды оқулықтан адамның шығу тегі туралы мәліметтер көріп, сұрақ-жауап жүргіземін. Түсіну. Мәтіді оқытып, «ИНСЕРТ» әдісі бойынша жеке жұмыс жасатамын. | Электронды оқулықтан мәліметтерді көріп, сұрақтарға жауап беру арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түседі. Мәтінді оқиды, ИНСЕРТ парақшасын алып, толтырады. Сыныппен пікір алмасады. | Эектрондыоқулық, бағалау парақшасы ИНСЕРТ кестесі, оқулық |
Жаңа сабақты қолдану | 5 минут 7 минут | Қолдану.«Концептуальдық кесте» топтастырып жұмыс жасатамын. Талдау.Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары тақырыбына эссе жаздырамын. | Топтасып, концептуальды кестені толтырып, дәлелдейді. Бағалайды. Ойларын жинақтап, эссе жазады. Оқиды. Бір-бірлерін бағалайды. | Концептуальдық кесте, бағалау парақшасы. А4 қағазы, бағалау парақшасы |
Жаңа сабақты қорытындылау | 5 минут | Жинақтау.Адам шығу тегінің дәлелдемелерітақырыбына «Топтастыру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасатамын. | Адам шығу тегінің дәледемелері тақырыбына топтасып, кластер жасайды. Дәлелдейді. | Бағалау парақшасы |
Бағалау | .3 минут | Бағалау. «Ұялы байланыс желісі» әдісі арқылы формативті бағалаймын. Өзара бағалау жүргіземін. | Сабақтың әр кезеңнен кейін ұялы телефон көтеру арқылы оқу мотивациясы артады. Жоғары желі - толық түсіндім; Орта желі - жартылай түсіндім; Төмен желі - мүлдем түсінбедім; | Ұялы телефон желісі, бағалау парақшасы. |
Рефлексия | 3 минут | «Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін тарқатамын. | Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, плакатқа жапсырады. | Рефлексия плакаты, Стикер |
Үйге тапсырма беру | 1 минут | Үйге тапсырма беру. Тест түзу. | Күнделікке жазып алады. | Күнделік |