Бекітемін:................................. Айы:......................
............................................... Дефектолог: А.Сейдахметова
Тақырыбы: «Алақанмен бейнелеу»
Сабақтың мақсаты:
1.Сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
2.Алақанмен күнді,көгершінді,қызғалдақты бейнелеу;
3.Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
сөздік қорын молайту.
4. Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Алақанмен сурет салу техникасын үйрету.Әр түрлі қисық сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор, акварель бояуы, гуашь, т.б.
I апта
I.Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы) Алақанмен айналаға
Шуақ нұрын шашайық
Сәттілік тілеп күлімдеп
Біз сабақты бастайық.
Жаңа тақырыпқа арналған бейненің жасалу тәсілі: бала гуашқа алақанын малады (толық алақанын) немесе қылқалам арқылы алақанын бояйды(5 жастан бастап), содан соң қағазға алақанын бастырады. Түрлі түске боялған оң және сол қолымен салады. Жұмыс аяқталғаннан соң сүрткіштермен алақанын сүртеді, сосын алақандары оңай жуылады.
Алақанмен көгершіннің бейнесін қағаздан қырқып алып альбом параққа жапсыру.



Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
Альбоммен жұмыс: Алақанды гуашқа малып алып күннің бейнесін салу.

IY.Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық
«Гүл» дидактикалық ойын. Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
Шығармашылық тапсырма: Алақанмен сурет салу.

IY.Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық
«Сиқырлы суреттер» деп аталатын дидактикалық ойынды өткізу.
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процестерін дамыту, тілдерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну көзделеді, нәтижесінде балалардың тіл байлықтары дамиды.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.

IY.Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық
V. Бекіту. Ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
«Күн мен жаңбыр» ойын. Шарты: балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Мұғалім: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Мұғалім қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Берілген тапсырмаларды өте жақсы атқардыңдар, сол себепті барлығыңа «жұлдызша» ұсынамын.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.