СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Та?ырыбы: «Аталар м?расы – халы? ?азынасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Аталар  м?расы – халы?  ?азынасы»

Ма?саты: О?ушыларды? бойына хал?ымызды? ?адір-?асиетін сі?іру,?лкенді сыйлай  білуге, ?з ата-бабасын ?мытпай есте са?тау?а  ж?не аталы с?зден ?ибрат алу?а т?рбиелеу.

 

Міндеті: О?ушыларды ?зінен ?лкендерді ??рметтеуге баулу. Адамгершілік

?асиеттерді сезіне білуге, инабаттылы??а  ж?не  имандылы??а  т?рбиелеу.

?арттарын  ?адірлейтін,  ?айырымды,  мейірімді,  адамгершілікті  азаматты

?алыптастыру.

К?рнекілігі:  интербелсенді  та?та,  фотосуреттер, А3, музыка, бейнек?рініс, постер, маркер, ?има ?а?аздар, ?айшылар, та?ырыпты? слайд. Барысы:

 

І ?йымдастыру

Амандасу

Бір ата, бір  ананы?  т?легіміз,

Бір болсын ?айда ж?рсек  тілегіміз.

Бірлік  барда, тірлік  бар  деген  бабам,

Бірлікпен  бірге  со?сын  ж?регіміз. (Орта?а сынып о?ушыларын топ?а б?луге ша?ыру ?сынылады)

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Аталар м?расы – халы? ?азынасы»»


Тақырыбы: «Аталар мұрасы – халық қазынасы»


Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Міндеті: Оқушыларды өзінен үлкендерді құрметтеуге баулу. Адамгершілік

қасиеттерді сезіне білуге, инабаттылыққа және имандылыққа тәрбиелеу.

Қарттарын қадірлейтін, қайырымды, мейірімді, адамгершілікті азаматты

қалыптастыру.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, фотосуреттер, А3, музыка, бейнекөрініс, постер, маркер, қима қағаздар, қайшылар, тақырыптық слайд.
Барысы:


І Ұйымдастыру

Амандасу

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз. (Ортаға сынып оқушыларын топқа бөлуге шақыру ұсынылады)


Сыныпты топқа бөлу

I топ: Сыйластық

II топ: Мейірімділік

III топ: Қамқорлық

IV топ: Адамгершілік


ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі:
Арайлап атты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға.

Қане, досым күлімде,

Қуаныш орнасын жер жүзінде, - деп жақсы көңілмен сынып сағатымызды мына бір бейнекөріністі тамашалауға шақырамын.


Бейнекөрініс: «Әке мен бала»

-Иә, бейнекөріністен не көрдіңдер?

Көрсетілген бейнекөрініс желісі бойынша әр топқа сұрақтар қою. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін кластер құру арқылы жеткізеді.


I топ: Сыйластық.

Сюжет желісі бойынша мұндай үйде кімдер тұрады, ата-аналарыңыз бен қарияларыңызға деген сезімдеріңіз қандай?



II топ: Мейірімділік.

Қарттар үйлердің пайдасы мен көлеңке жақтары?

III топ: Қамқорлық.

Қарттар үйін жою, болдырмау жолдары қандай?

IV топ: Адамгершілік.

Ата-анасын және қарияларын қарттар үйіне тапсырған адамдарға деген өз ойларыңыз қандай?


Келесі орындайтын жұмысымыз жасырын жұмбақтарын шешу:

Жұмбақтар

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім» деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (Әже)


Мұғалім сөзі: Қане, балалар аталарымыз, әжелеріміз туралы қандай өлең жолдарын білеміз? Аталарымыз мен әжелеріміз туралы өлеңдер оқылады.

1 - оқушы:

Жүзі жарқын жаны ізгі

Жан бар ма екен атамдай!

Бірақ бала тәрізді

Тұрады әкем бата алмай.

Кім үлкенді тыңдаса, кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

2 - оқушы:

Әкем менің мейірімді

Сыйлайды үлкен - кішілер

Әжеге деген пейілді

Әжесі барлар түсінер

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты ақ әжем.

3-оқушы:

Әрбір сөзі өсиетті

Баға жетпес ақ әжем

Аман - есен жүріңізші

Бар тілегім сол әжем.



4-оқушы:

Әжем менің

Асыл адам қымбатты

Бір мен үшін

Сұлу, ғажап сымбатты

Әжем менің

Құрақ ұшып аймалап

Туған күннен еркелетіп сол бақты.


Мұғалім сөзі:

Адам өміріндегі ең игі істің бірі - қаріп кісілерге қамқорлық, мейірімділік, түсіністік, сүйіспеншілік, жаңашырлық, сыйластық таныта білуіміз керек.

Енді оқушылар есімізге мына өлеңді еске түсіріп көрейікші.

Қане, оқушылар барлығымыз Абдижаппар Алкожа «Әке мен ана» осы әнді бірге шырқайықшы.


Қорытындылау.

Мен қарапайым қарттарды сүйем.

Ұрпағыма айтар мақтаным

Сендермен бірге салт қаным

Алдымда дәйім жүріңдер

Қазыналы асыл қарттарым – деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.


























1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп


Бекітемін:

Тәрбие ісінің орынбасары:

Мырзахметова В.Б._________














Өткізген: 6 «А» сынып жетекшісі

Аққалиева Г.Е.
















Атырау, 2016 ж.