СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Бауда әлде бақшада» (Дидактикалық ойын)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Бау-бақшада өсетін жеміс-көкөністердің қасиеттерін /көлемі, иісі, түсі, дәмі, пішіні/ білдіретін сөздермен сөздік қорын байыту. Жалпы жинақтай түсінігін  білдіретін сөздерді /жемістер, жидектер, көкөністер/ сөздік қорына енгізу.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Бауда әлде бақшада» (Дидактикалық ойын)»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 5 қыркүйек

технологиялық картасы аптасы: 1

Ортаңғы топ «Жулдыз» Тәрбиеші: Санай А. Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бауда әлде бақшада» (Дидактикалық ойын)

Мақсаты: Бау-бақшада өсетін жеміс-көкөністердің қасиеттерін /көлемі, иісі, түсі, дәмі, пішіні/ білдіретін сөздермен сөздік қорын байыту. Жалпы жинақтай түсінігін білдіретін сөздерді /жемістер, жидектер, көкөністер/ сөздік қорына енгізу.

Билингвалдық компонент: Бақ-сад, бақша-огород, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты.

Сөздік жұмыс: Көкөніс, жеміс.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Таңғы шеңбер:

Балалар шеңберге тұрып бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балаларға көкөністер мен жемістер

туралы жұмбақтар жасыру.



1.Шешін десең шешінбейді

Шешіндірсең жылытады

2.Тәтті,

Тәттінің іші қатты.

3.Үндеместен төлдеп жатыр

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

4.Жерге қазық қақтым

Басына айдар тақтым.

5.Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызыл дәу жатыр.

Күн дидарлы арайлы

Нұрын төгіп тарайды

Барлық бала шаттанып

Қуанышпен қарайды.

Балалар жұмбақтың шешмін табуға ойланады.

Қызығушылықтары артады.

Пияз.


Өрік.


Қауын, қарбыз.


Сәбіз.



Қызылша.


Ұйымдастырушылық ізденіс










-Балалар бізге әжей ғажайып дорба беріп жіберіпті.

-Ғажайып дорбаны кім ашады?

-Қане Айдана ашағой.

-Қане қарайық ішінде не бар?

-Мынау не кім айтады?

-Қияр жеміс пе көкөніс пе?

-Қияр қандай пішінге ұқсайды?

-Ал балалар мынау не?

-Алма қандай пішінге ұқсайды?

-Алма қайда өседі балалар?

-Балалар алманың дәмі қандай?

-Ал балалар мынау не?

-Балалар пияз дөңгелекке де сопақшаға да ұқсайды.Ұқсайдыма?

-Пияздың дәмі қандай?


-Балалар маған жемістерді кім атап көрсетеді?

-Ал көкөністерді кім атайды?


Балалардың қызығушылығы оянып,Қойылған сұрақтарға жауап береді.



Бұл қияр

Қияр көкөніс.

Сопақшаға.

Бұл алма.

Дөңгелекке ұқсайды.

Алма ағашта өседі.

Алманың дәмі тәтті.

Бұл пияз

Ұқсайды.


Пияз ашшы, ол адамды жылатады.

Бердібек: Алма, алмұрт, өрік, жүзім , банан, анар.

Мадина:Қауын,қарбыз,кәртөп,қызанақ,сәбіз, қызылша.

Рефлексивті-коррекциялау

Д\Ойын «Бауда ма, бақшада ма?»

Көкөністер мен жемістерді балаларға топтастырып жинату.

«Жемістер мен көкөністер» өлеңін жаттау.

Алма,алмұрт,қарбыз, қауын

Бәрі бақта піседі

Жапырақтар сусып-сусып

Жерге жаймен түседі.

Ойынды қызығушылықпен ойнату.


Өлеңді жаттауға тырысады.






Күтілетін нәтиже:

Жемістердің аттарын атау_______білу

Пішінін, дәмін, түсін түсіндіру___болу

Адам ағзасына пайдасын________қолдану





















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:19 қыркүйек

технологиялық картасы аптасы: 3

Ортаңғы топ «Жұлдыз» Тәрбиеші:Санай А

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:«Жаз бен күз» (Сурет арқылы әңгіме құрастыру).

Мақсаты:Сурет арқылы әңгіме құрастыруға жаттықтыру, сөздік қорын дамыту, бір- бірін тыңдап, түсініп, әңгімені толықтырып, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Билингвалдық компонент: Жаз-лето, осень-күз.


Сөздік жұмыс: ыстық, суық


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Күнге қарап шуақтанып

Суға қарап нәр алып

Табиғаттан шаттанып

Қонақтардан ізет алып.

Ойнап-күліп жүрейік.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?




Балалардың мәз-мәйрам болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.


Ұйымдастырушылық ізденіс










Жылдың төрт мезгілін естеріне түсіртіп, қайталату.

Соның ішінде жаз бен күз мезгіліне тоқталу.

Суреттер арқылы әңгіме құрастыру.

-Балалар жаз бен күз мезгілінің қандай айырмашылығы бар?

-Жазда қандай өзгерістер болады?

-Күзде ше?

Күз, жаз туралы білетін тақпақтарын сұрау.

Сергіту сәті: «Аю».

Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»

Естеріне түсіріп қайталайды.


Жаз бен күздің айырмашылықтарын айтады.

-Жазда күн ыстық, күзде қоңыр салқын болады.

-Жазда суға түсеміз, қыдырамыз, өзенге барып, қыдырамыз.

-Ал күзде жеміс-жидек, көкөністер піседі. Күн суытып, жапырақтар сарғаяды.

Тәрбиеші үйреткен тақпақтарын айтады.



Рефлексивті-коррекциялау

Мақал-мәтел үйрету: «Ағаш – тамырымен, адам – достарымен мықты».

Сабақты қорытып, балаларды мақтап, бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!


Мақалды тәрбиешімен бірге жаттап, тілдерін жаттықтырды.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Күз мезгілінің ерекшеліктерін, жапырақтардын түстерін біліп, атау.

Болу: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.

Қолдану: Күз бен жаз туралы көрнекіліктер.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 26 қыркүйек

технологиялық картасы аптасы: 4

Ортаңғы топ «Жұлдыз» Тәрбиеші:Санай А.

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы:«Көкөністер туралы ертегі» (Хрестоматия «Қарлығаш» 50 бет).

Мақсаты:Әңгіменің мазмұнын бұзбай әңгімелеп беруге үйрету. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Билингвалдық компонент: Сәбіз-морковь, қияр-огурец, қызанақ-помидор, қырыққабат-капуста, пияз-лук.

Сөздік жұмыс: қызанақ


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Күнге қарап шуақтанып

Суға қарап нәр алып

Табиғаттан шаттанып

Қонақтардан ізет алып.

Ойнап-күліп жүрейік

Тәрбиешінің балаларға жылы лебізі.

Балалардың мәз-мәйрам болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.

Ұйымдастырушылық ізденіс










1.Көкөністер туралы естеріне түсіріп, сұрап өту.

2.Жұмбақтар шешу.

3.Әңгімені балаларға 3-4 рет оқып беру.

4. Мазмұнын айту.

5. «Қызанақ» сөзіне тоқталу. ҚЫЗАНАҚ – қызыл түсті жеміс. Ол Еуропаға алғаш рет Перуден жеткізілген. Көкөністің бұл түрі табиғатта қызыл, сары түсті болып келеді. Қызанақтар көкөніс болып саналғанымен жидектерге жатады.

6.Сергіту сәті.

7.Д.о: «Дәміне қарап ажырат».

Балалар көкөніс түрлерін атайды.

Жұмбақтарды шешеді.

Әңгімені мұқият тыңдайды.








Сергіту сәтін жасап, бойларын жазады.

Рефлексивті-коррекциялау

Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту.

-Бақшада қандай көкөністер өсіпті?

-Көкөністердің мінездері бір-біріне ұқсайды ма екен?

-Осындай мінез-құлықтар адам өмірінде кездесе ме?

Бағалау, мадақтау.

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!


-Жасыл қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат, картоп, пияз өсіпті.

-Жоқ. Әрқайсысынікі әр түрлі.

-Әрине кезеседі.


Күтілетін нәтиже:


Білу:Көкөністер жайында мәлімет.


Болу: Топпен жұмыс жасау.


Қолдану: Жұмбақтар шешу.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 3 қазан

технологиялық картасы аптасы: 1

Ортаңғы топ «Жулдыз» Тәрбиеші:Санай А

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Алтын күз». Ғафу Қайырбеков

Мақсаты: Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу, шығарманы мұқият тыңдап, үзіндісін жаттату.

Билингвалдық компонент: алтын күз – золотая осень


Сөздік жұмыс: күз келеді, қыс түседі, көктем келеді, жаз туады.


Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Тәрбиеші балалардың назарын жыл мезгіліне аударады. Қазіргі жыл мезгілін, айды сұрайды. Осы күнгі ауа райын сұрайды.


Балалар әңгімеге араласып, жыл мезгілі жайлы, бүгінгі ауа райы туралы айта бастайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалармен күз келбеті жайлы суреттер бойынша жұмыстар жасау. Сұрақ-жауап әдісі.

Тәрбиеші балаларды «Алтын күз» өлеңімен таныстырады.

Сергіту сәті

«Күз келсе, біз күңіренеміз,

Қыс келсе, біз қысыламыз, Көктем келсе, көңілденеміз,

Жаз келсе, біз жайыламыз»

Д/о «Жыл мезгілдерін ажырат»

Балалар сурет бойынша әңгімеге араласады, сұрақтарға жауап береді. Балалар өлең мазмұнын мұқият тыңдайды, ұғуға тырысады.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар ойынға қатысады.

Рефлексивті-коррекциялау

Іс-әрекетті қорытындылау.

Өлең үзіндісін есте сақтату

Балаларды мадақтау



Балалар өлең жолдарын еске сақтайды. Өздерінің мадақталғанына қуанады.



Күтілетін нәтиже:


Шығарма авторының жерлес екенін ұғынады


Өлең жайлы түсініктері мол түсінеді


Өлең үзіндісін жаттап алу қолдана алады





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 10 қазан

технологиялық картасы аптасы: 2

Ортаңғы топ «Жулдыз» Тәрбиеші: Санай А.

Білім саласы «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «З» және «С» дыбыстары

Мақсаты: Фонетикалық қабылдауын дамыту, дыбысты ажырата білу.Сөздер мен дыбыстарды ажырата білу.Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және артикуляциялық аппараттарын дамыту.

Билингвалдық компонент: зырылдауық-юла, су-вода.

Сөздік жұмыс:қатты, ақырын,сыбырлап,сең,тең.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз,

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Балалар қимылмен орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

.

Д/о «Қатты-ақырын-сыбырлап»

Ойын шарты:

«Зырылдауық» деген сөз айтылады, балалар сол сөзді қайталап қатты,ақырын,сыбырлап. Содан соң балалар сөздерді өздері айтады, қалғандары қайталайды.

Балаларға жаңылтпаш айтқызу:

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

Сергіту сәті: Шаршағанда ух дедім.

Д/о «Міне, осылай дыбыстарды атайды»

Зу –зу, тартамыз біз езу.

Сөздерді, дыбыстарды дұрыс айту.






Су , сүт, қазан, сәбіз, жеміс сөздерін қатты-ақырын-сыбырлап айтады.







Жаңылтпаштарды тез айтады.



Балалар сергіту сәтін айтып, соған байланысты қимыл жасайды.


Суреттерді қарап әңгімелеу.


«З» , «С» дыбыстарына сөз айтады.

Рефлексивті-коррекциялау

Балалар сендер қандай ойындар ойнадыңдар?


Балаларды мақтап-мадақтау.



Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:


«З», «С» дыбыстарын айыра білу


Дыбыстарды , сөздерді дұрыс айта білуде түсініктерінің болуы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 17 қазан

технологиялық картасы аптасы: 3

Ортаңғы топ «Жулдыз» Тәрбиеші: Санай А.

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ Айгерімнің туған күні» Келісім бірілік күні «Қазақстан біздің ортақ үйіміз»

Мақсаты: 1. Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру, өз ойларын толық жеткізе білуге, ойыншықтар(сыйлықтары бойынша) туралы қызықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

2. Қазақстан Республикасының мемлекттік рәміздерімен таныстыру.

3. Өз қаласына деген мақтаныш сезімдерін тудыру.


Билингвалдық компонент: туған күн – день рождения, қонақтар – гости

Сөздік жұмыс: туған күн, қонаққа бару, тәртіп сақтау т.с.с.

Көрнекіліктер: қуыршақ, ойыншық-сыйлықтар т.б.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Тәрбиеші балаларға туған күн туралы түсінік береді. Қазір қуыршақ Айгерімнің туған күніне баратындықтарын айтады.

Балалар туған күн туралы мәлімет алады. Туған күнге баратындықтарын естіп, қуанысады. Алдын-ала әзірлеген сыйлықтарын дайындайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тәрбиеші балаларға туған күнге автобуспен баратындықтары жайлы айтады.

Балаларға туған күнмен құттықтату

Балаларға өздерінің дайындап әкелген ойыншықтарын ұсынғызу.

Д/о «Ойыншықты сипатта»

Тәрбиеші балалардың сыйлықтары қуыршақ Айгерімге ұнағандығын айтады. «Ол сендерге алғысын білдіріп жатыр» - дейді.

Д/о «Туған күнде дастарханға не қоямыз?»

Тірбиеші топқа қайтатын уақыт болып қалғанын айтады. Қуыршақпен қоштастырады.

Балалар автобуспен қуыршақ айгерімнің туған күніне келеді.

3-4 бала «Айгерім, мен сені туған күніңмен құттықтаймын!» - деп құттықтау айтады.

Әр бала өзінің сыйлыө-ойыншығын сипаттайды.

Балалар өздерінің туған күндеріндегі дастархан мәзірі туралы естеріне түсіріп, әңгімелей бастайды.

Балалар айгеріммен қоштасып топқа автобуспен қайтады. Келе жатқанда автобус ішінде тәртіп сақтайды.

Рефлексивті-коррекциялау

Тәрбиеші балалардың қонақта тәртіпті, ақылды болғандықтарын айтады, мақтап мадақтайды.


Балалар өздерінің мақтау алғандарына қуанысады.


Күтілетін нәтиже:


Сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгерте отырып әңгімелейбілуге талпындыру


Қонақта өздерін тәртіпті ұстау керектігі жайлы түсінігі болу керек


Ойыншықты сипаттай алу қолынан келеді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 24 қазан

технологиялық картасы аптасы: 4

Ортаңғы топ «Жулдыз»

Білім саласы:«Қатынас » Тәрбиеші: Санай А.

Бөлігі: «Тіл дамыту »

Тақырыбы: «Қоянмен ойнаймыз» дидактикалық ойын

Мақсаты: Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету. Мысалы: ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі, етістіктің бұйрық райына / сурет сал, секір, биле, ән сал, жат/, етістіктің түрлері / жату, жүру, жүгіру.

Көрнекіліктер: суреттер, қоян.

Билингвалдық компонент: ойыншықтар- игрушки, қоян- заяц

Сөздік жұмыстар:көжек

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

«Тату балалар»

Жылы тілек айту

Балалар қимылмен орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар сендер қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнатасыңдар?

Ойыншықтар суреті көрсетіледі.

Жұмбақ жасыру:

Қоян бізге қонаққа келіп еді, ол қайда кетті?

Қоян қандай?

Иә, қоян қорқып тығылып қалған болар.

Балалар қоянды сендер ренжітесіңдер ме?

Қоян келеді.Қоянға не дейміз?

Қоян қорқып тұрады, қоян, сен қорықпа.

Балалар қане қоянға тақпақ айтып берейікші.

Балаларға қоянды ұстап көрсету, сипату.

Қараңдаршы, қоянның құлағы қандай? Қоянның құйрығы ше?Жүні қандай? Қайсы аяғы ұзын? Қоян қайда мекендейді?

Сергіту сәті орындау.

«Ұзын құлақ сұр қоян»

Д/о «Қояным, орныңнан тұршы»

Балалар мына сәбіздерді бояп,

қоянға сәбізді сыйлайықшы.

Д/о «Қай жануар не жегенді ұнатады?»

Ойын мақсаты: балалардың зейіндіктерін, шапшаңдықтарын білу үшін. Қоян балаларға рахметін айтып, енді мен сендерден қорықпаймын деп шығып кетеді.

Балалар ойыншықтарды атайды: қуыршақ, аю, машина, доп.

Ойыншық суреті көрсетіледі, атайды.

Жұмбақтың шешуін қоян -деп айтады.

Қоян қорқақ. Жоқ, қоянды ренжітпейміз.

Қоянмен балалар амандасады.

Балалар қоянға тақпақ айтады.

Қоянды ұстап көреді.

Қоянның құлағы ұзын, құйрығы қысқа, жүні жұмсақ.

Артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы қысқа.

Сергіту сәті: «Ұзын құлақ, сұр қоян» қимылмен орындайды.

Балалар ойынға қатысады.

Балалар сәбізді бояйды, қоянға ұсынады.

Балалар ойынға қатысады.

Рефлексивті-коррекциялау

Интерактивті тақтадан «Қоянға санырауқұлақтар жинаймыз» ойыны

Біз не қонаққа келді?

Қоянның құлағы қандай? Қоян не жегенді ұнатады?

Балаларды мақтап- мадақтау.

Қоян

Қоянның құлағы ұзын.

Қоян сәбізді жегенді ұнатады.

Күтілетін нәтиже:

Қоян жайлы түсініктерінің болу

Қай жануар не жейтінін білуі тиіс



Технологиялық картасы аптасы: 4

22 қазан

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: М.А.Ибраева

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: « Айтып берші». /екі ойншыкты бейнелеу/

Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру. Хабарлы сөйлемді дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: сындырмау керек- не ломать, лақтырмау керек- не кидать.

Сөздік жұмыс: ойын бұрышы- уголок игрушек.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, ойыншыктар.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Сабақ жұмбақ шешуден басталады:

« Олардың өз орны бар.

Сен онымен ойнайсың,

Тап- таза оны ұстайсың»


Бададар тыңдайды, жұмбақтың

шешуін табады.

-Ойыншықтар

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалармен ойыншықтар жайлы интерактивті тақта бойынша жұмыстар жасау. Сұрақ-жауап әдісі.

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайық,

Келе ғой, дос, ойнайық.


«Дүкенші ойыны»


Сергіту сәті:

Ойын: «Айтып берші»

Қуыршақ пен машина қай дүкенде сатылады?

Қуыршақ пен машинаны дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.


Балалар сурет бойынша әңгімеге араласады, сұрақтарға жауап береді : - ойын бұрышы әдемі ;

- ойыншықтар тап- таза ;

- ойыншықтардың өз орны бар ;

- ойыншықтар сөреде тұр.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар ойынға қатысады.


Екі ойыншыкты бейнелейді.



Қуыршақтарға ат қойдық, машиналардың түрлерін ажыраттық

Рефлексивті-коррекциялау

Тақпақты үйрету:

«Қуыр- қуыр қуыршақ

Айналайын қуыршақ ».




Балалар қызығушылықпен тақпақты үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

Ойыншықтарды сындырмау,лақтырмау керек екенін білу

Әр ойыншықтың өз орны болу керек

Ойыншықтардың бейнесін ажыратуқолынан келеді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 5 қараша

технологиялық картасы аптасы: 1

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: М.А.Ибраева

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ит күшіктерімен» /сурет бойынша/

Мақсаты: Жан-жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту іскерліктерін дамыту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: Щенок-күшік, ит-собака

Сөздік жұмыс: күшік, пысық, үлпілдек

Көрнекіліктер: суреттер


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балаларға иттің күшіктерімен суретін көрсетіп, оның үй жануары екендігін айту

Жұмбақ:

Адамға серік, күзетке берік (ит)


Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.


Ұйымдастырушылық ізденіс

Ит пен мысық қонаққа келгенін балаларға айту.

Олар адамдардың, біздердің көршілеріміз екенін айту, түсіндіру. Ит пен мысық адамның досы екенін түсіндіру.

Сергіту сәті: «Түйе»

Д/о «Ол қандай?»

Күшік – пысық, жүні үлпілдек.

«Көп болса, қалай айтамыз?»

Көркем сөз:

«Күшігім менің Саққұлақ,

Келеді әне шапқылап»


Ит пен мысық адамдардың жақын досы екенін түсінеді.



Күшік - тер, ит - тер, мысық - тар,

Тақпақты қайталайды, есте сақтайды.

Рефлексивті-коррекциялау

-ит қалай дыбыстайды?

-иттің баласын не деп атаймыз?

-итке қалай қамқорлық жасаймыз? т.б.

мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:


Зат есімдерді көпше түрде қолдана білу


Үй жануарларына қалай қамқорлық жасау керектігі жайлы түсініктері болу керек


Сурет бойынша үй жануарларын сипаттай алу қолынан келеді








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:14қараша

технологиялық картасы аптасы: 2

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші:Казиева Э.К.

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бізге қонаққа қонжық келді»

Мақсаты:Есту зеректігін қалыптастыру , тақпақтарды мәнерлеп айтуға

дағдыландыру

Билингвалдық компонент: қоңжық-медвежонок,бал-мед,орманда – в лесу

Сөздік жұмыс: қонжық, орман,өрмелейді

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық


Балалар тақтақты қимылмен орындады


Ұйымдастырушылық ізденіс

1.Балалардың назарын тақтадаға суреттерге аудару.

2.Сұрақ қойып жауап алу.

-Қандай суретті көріп тұрсыңдар?

-Неге бұл суретте аю қоңыр, не себептен?

-Қоңыр аю туралы не білесіңдер?

3.Ғажайып сәт;

-Балалар тыңдандаршы, есіктің артынын бір дыбыс естіледіме?

(Осы кезде кішкентай қоңжық келеді )

4.Балалар бізге кішкентай қонжық конаққа келген екен ғой, онымен амандасып қарсы алайық.

-Сендер қонжыққа арнап жылы сөздерінді айтып беріндерші

5.Тақпақ жаттау, «р» дыбысыны көңіл аудару







Ойыншықтар, жануарлар


Күзде қоңыр аю қонаққа келеді



Қоңыр аю «Жаман жолдас» әңгімесінде жаман баламен сен дос болма деп сыбырлады





Балалар қонжықпен амандасып,жылы лебіздерін білдірді

Ырылдады, дырылдады, ызындады,ыр- дыр,пыр – быр сөздерін айтты

Рефлексивті-коррекциялау






Күтілетін нәтиже:


Тақтадағы аюдың дыбысын ажырата білу.

Қонжыққа туралы түсінігі болу.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 19 қараша

технологиялық картасы аптасы: 3

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: М.А.Ибраева

Білім саласы «Қатынас»

Бөлігі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: « Қуыршақ қонаққа келді» /суреттеу әңгіме /

Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша қуыршақ туралы суреттеу әңгіме құрастыруға үйрету.Сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру,фонетикалық қабылдауын дамыту.

Көрнекіліктер: қуыршақ

Сөздік жұмыстар: қара көз, қара шаш, көңілді, әсем, сұлу,ұзын бойлы.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Біреу есік қағады.


Есікті ашып, қуыршақты кіргізеді.

Балалармен амандасады.

Дыбысты естіп, кім екеніне қызығып қарайды.

Қуыршақпен амандасады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Бізге қонаққа қуыршақ келді.

Кәне, қонақты қарсы алайық.



Қуыршақ өзі жайлы көп білгісі келеді екен.

Қуыршақтың аты кім деп ойлайсың?

Иә,қуыршақтын аты Ләззат екен.

Қарандаршы Ләззаттың көзінің түсі қандай?

Шашының түсі ше?

Қалай деп ойлайсың, ол көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

Бойы ұзын ба,әлде қысқа ма?

Өзі сұлу екен.

Қане кім маған Ләззатты сипаттап береді?


Көйлегінің түсі қандай екен?


Өте жақсы! Жарайсыңдар! Қуыршақ сендерге риза болды.

Ал енді осы қуыршақ туралы тақпақ білесіңдер ме?


Біз көңілді кештерде

Қуыршақпен билейміз

Бірге күліп, бірге ойнап,

Жабырқауды білмейміз.


Д/о «Қуыршақты киіндіру»

Қуыршақ балаларға рахмет айтып, қоштасады.

Мәз болады.

Бір бала шығып қуыршақты шешіндіріп, төрге отырғызады.




Аты Ләззат,Асем,Жанагүл дейді.





Көзінің түсі қара,шашының түсі қара.



Ол көңілдә өзі.


Бойы ұзын өзінің.


Ләззаттың көзінің түсі қара,ал шашының түсі қандай? қара

Өзі сұлу,бойы қандай? ұзын

Көйлегінің түсі қызыл-шашы қандай? қысқа.

Қуанады.


Білетін тақпақтары болса айтады.



Балалар тақпақты жеке-жеке қайталайды, мазмұнын айтып, жаттауға тырысады.



Қуыршақты киіндіреді.

Қуыршақпен қоштасады.

Рефлексивті-коррекциялау

Бізге келген қуыршақтың есімі қалай?

Көйлегінің түсі, шашы қандай?

Бізге келген қуыршақтың есімі- Ляззат.


Көйлегінің түсі қызыл-шашы қысқа.



Күтілеттін нәтиже:


Сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгерте отырып әңгімелейбілу


Қонақты қарсы алып, шығарып салу түсінігі болу


Қуыршақты сипаттай алу қолынан келу







































Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы топ «Жидек»

Білім саласы: « Қатынас».

Кіші сала: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Түлкі мен ешкі ».(ертегіні сахналау)

Мақсаты: Драмалауға қатысу іскерліктерін дамыту.Ойынға деген ынтасын көтеру.Кейіпкерлердің дауыс ырғағын ,мимикасын көрсетуге жаттықтыру. Өз бетінше сөйлеу мәнерін мен дауыс күшін өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру ( қатты немесе жай , тез немесе ақырын ). Адамдардың көңіл күйін (көңілді ,мұңлы , мейірімді және т,б.) білдіретін сөздерді қолдануға үйрету.

Сөздік: Түлкі қу,ешкі аңқау

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Балалардың көңіл- күйін сұрап, сабағымыз бастаймыз. Балаларға сұрақтар қоямыз.

Балалар кім айтады қазір жылдың неше мезгілі бар?

( төрт мезгілі).

Балаларға жыл мезгілдерін атап өтеміз.

Олар: Қыс,Көктем,Жаз,Күз.

Балалар біз орманға саяхатқа барамыз.Балалармен орманға жолға шығамыз.

Балалар көңіл күйлері көтеріліп .Әр бала өз ойларын айтады.Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жыл мезгілдерін атайды

Қыс,Көктем ,Жаз ,Күз.





Балалар орманға саяхатқа шығады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар сендер жол жүріп шаршаған боларсыңдар,онда отырып демалайық.

Балалар мен сіздерге бір қызықты ертегі айтып берейін.

«Түлкі мен ешкі»

Ертегісімен балаларды мазмұнымен таныстыру.

Сергіту сәті :

Балалар сіздермен орманға бару үшін жолға шығамыз.

Келе жатып ,біз жолда

Тауып алдық бір алма,

Алма қандай тамаша

Салып қоям қалтама.-деп көтерінкі көңілмен , ертегіні өзіміз қызықтап сахыналап көрейік.

Балаларға рөльдерді бөліп беріп .Сахналық көрініс көрсетеміз.

Балалар жол жүріп шаршап, орманда отырып дамалады.


Ертегіні тыңдайды.Мәтінімен танысады.




Балалар көңілді сергіту сәтін жасайды.

Қимылдарын көрсетеді.



Балалар рөльдерді бөліп алып сахналық көрініс көрсетеді.Балалар дауыс ырғақтарын өзгертіп, көріністі көрсетеді.

Рефлексивті- коррекциялау

Топқа оралып сабағымызды қортындылаймыз.

Ертегіні еске түсіріп,кейіпкерлердің іс әрекеттерін әңгімелейміз.

Жарайсың,

Балақай!

Дейміз біз

Мадақтай:

Балалар ертегіні қайталап әңгімені құрастырады. Кейіпкерлердің аңқаулығын,қулығын ажыратамыз. Балаларға арналған мадақтамаларын тыңдайды.

Күтілетің нәтиже:

Балалардың ертегінің мазмұнын ұғынады.

Барлығының толық жауабы түсінеді.

Сахналық көріністі орындағанда дауыс ырғағын ,мимикасын өзгерте ала қолданады.
































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы топ «Жидек»

Кіші саласы «Қатынас»

Кіші сала: «Тіл дамыту"

Тақырыбы: «»Ұ» мен «Ү»дыбыстары

Мақсаты: Артикуляциалық және дауыс аппаратын дамыту. Фонетикалық

қабылдауын дамыту /дыбысты ажырата білу/


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Үстел үстіне осы дыбыстарға байланысты ойыншықтар мен заттарды қоямын.


Балалар сөзге сөйлем құрастырды

Үлкен доп, кішкентай доп,

үйрек, үйркетін балапандары т.б.

Ұйымдастырушылық ізденіс

1 «Ұ» дыбысына байланысты ойын

Ұшты, ұшты,

Кім ұшты

2.Кішкентай үлкен емес,

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Кішкентай бала секірді,

Үлкен бала жүгірді

3.Шатасқан пішіндер

4.Жаңылтпаштар жаттау

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.


5.Бір затты талдап түсіндіру

Үстел-тамақ ішуге, жазуға арналған төрт, үсті тегіс үй жиһазына жатады.

6. «Ұ» мен «Ү» дыбысына байланысты сөздерді айтамыз

Ұшақ, ұштағыш, ұшқыш

Түлкі, түйме, жүгері, үш, үлкен,үй т.б.

7. Жұмбақтар шешу

Үйіріп соғып өтеді,

Қаламас жаның.

Көтеріп алып кетеді,

Даланың шаңын (жел)


Ұшты, ұшты

Ұлпан ұшты





Пішіндерді тиісті орындарына орналастырады


Балалар қайта, қайта айтады




Балалар өз түсініктері бойынша жауап берді




Балалар өздерінң таныс сөздерді айтты

Рефлексивті-коррекциялау

8.Топпен жұмыс

Бұл- бұлбұл,

Бұл- дүлдүл.

Бұлбұл – құс,

Дүлдүл – ат.

Бұлдұлды біл,

Дүлдүлді біл.

9. Есіне сақтаған баладан жатқа сұрап, айтқызып , оны мадақтау.

Бірнеше рет балалармен орындаймыз







2-3 баланың жауабы


Күтілетін нәтиже:

Дыбысты ажырата білу ұғынады.

Есту, есте сақтау қабілеті түсінеді

«Ұ» мен «Ү»дыбыстарына сөздерді қолданады.
































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 10 желтоқсан

технологиялық картасы аптасы: 2

Ортаңғы топ «Құлыншақ»

Кіші саласы «Тіл дамыту» Тәрбиеші: Э.К. Казиева

Кіші сала: «Қатынас»

Тақырыбы: Айгерім дастарханда жасады

Мақсаты: Тілдік грамматиканы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын түрлі сөз топтарына(зат есім, етістік, сын есім, үстеу)жаңа сөздермен байыту.

Билингвалдық компонент: салфетка – қол сүртетін қағаз, ложка – қасық, кружка- күрішке.

Сөздік жұмыс: нан, шәй,сорпа, сусын т/б.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

«Дастарханы мол - ырыздық, береке»

Апам үшін күнде мен,

Отын ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын


Балалар қайталайды


Ұйымдастырушылық ізденіс

1.Айгерім бүгін топта кезекші

Айгерімнің бүгін көмекші апайға кезекші екенің ескертіп, көмектесуін сұраймыз, оның бірінші неден бастау керектігіне нұсқау беремін.

2.Д/оБізге қонақтар келді

Балалар асхана бұрышында шәй әзірлеп дастархан жасайды

1.Шай дайындау үшін біз не істейміз?

2.Дүкеннен не сатып аламыз?

3.Аналарын қандай дайындықтар жасайды?

4.Қонақтар келгенде қалай амандасасыңдар?

3.Мақал жаттаймыз.

Қонақ келсе – ырыс.

Қонақ өз ырыздығымен келеді.





Айгерім үстел үстіне салфетканы, тәрілкелерді, қасықтарды жасап көмектесті.





Дүкенге барамыз

Кәмпиттер, тәтті тоқаштар,торт, жемістер.

Бауырсақ пісіреді, ет асады.

Сәләмәтсізбе, төрге шығыңыз деп айтады

Рефлексивті-коррекциялау

4.Балалар қыздардың жасаған дастарқанның басына барып қонақ болады,онда тоқаш, алма,тәттілер деген сөздерді пайдаланып сұрақ – жауап арқылы сөздік қорларың дамытады.

5.Сөздік қорларын дамыту, сөздерге сөйлемдер құрастыру.

Күрішке – күрішкемен шәй ішіміз

Алма – қазыл, тәтті, дөңгелек алма

Қонақ – төрлетіңіз, жоғары отырыңыз

6.Бүгін Айгерімнің жасаған дастарханы сендерге ұнады ма, несімен ұнады, дұрыс орындарына қойды ма?








Балалардың жауаптары






Ұнады, апайға көмектесті, дұрыс жасады,


Күтілетін нәтиже:


Жаңа сөздердің айтылуын дұрыс білу.

Дастархан үстіне қойылытын заттардың болу

Сөздерден, сөйлемдер байланыстырыпқолдану







































Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің айы: 24желтоқсан

технологиялық картасы аптасы:4

Тәрбиеші :Э.К. Казиева.Ортаңғы топ «Құлыншақ»

Білім саласы: « Қатынас».

Кіші сала: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Аяз атаны қалай қарсы алдық».(өз пікірін айта білу)

МақсатыСөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру. Өз ойларын толық жеткізуге үйрету.

Билингвалдық компонент: Аяз ата- Дед мороз, Жаңа жыл –Новый год, шырша -елка

Тәсілдер кезендері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

«Тілек шеңбері»

Тілек шеңбері арқылы балалар бір-біріне жағымды тілектер білдіріп, жарқын көңіл-күй достық сезім сыйлайды.

Іздену- ұйымдартырушы

Балалар қазір қай жыл мезгілі?

Қыста қандай өзгерістер болады екен табиғатта?

Балалар біз қандай мерекеге дайындық жасап жұрдік?

Жаңа жылда бізге кім қонаққа келді?

Аяз ата сендерге не әкеліп берді?

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Сендер Аяз атаны қалай күтіндер?

Ойын: «Кым жылдам»


Қыс мезгілі.

Қар жауады, күн суйыды, боран болады.

Жаңа жыл мерекесі.


Аяз ата мен Ақшақар.


Сыйлықтар әкеліп берді.


Сергіту сәтін орындайды.





Оған біз тақпақ,олең айтып,би» билеп бердік.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды

Рефлексивті- коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы қортындылау. Балаларды мадақтау.

Балалар қойылған срақтарға жауап беруге тырысты



Күтілетің нәтиже:


Аяз ата қай мерекеге келетіні білу.


Қыс туралы түсінік болу керек.


Сахналық көріністі орындағанда дауыс ырғағын ,мимикасын өзгерте алуы қолынан келеді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:7 қантар

технологиялық картасы аптасы: 2

Ортаңғы топ «Ақбота» Тәрбиеші: Э.К. Казиева

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Көлбақа мен құрбақа» М.Әлімбаев/ «Қарлығаш», 264 бет/

Мақсаты:Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызуғышылығын тірбиелеу. Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру. Мекендеу орталықтары туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Билингвалдық компоненті:көлбака-лягушка

Сөздік жұмыс: Көлбақа,құрбақа.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар шеңберге тұрады.

Біздің топта ұл- қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз,

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балаларға біз бүгін «Көлбақа мен құрбақа» деген шығармамен танысамыз. Бұл шығарманы жазған М.Әлімбаев атамыз.

М.Әлімбаев таныстыру.

Тәрбиеші шығарманы оқып шығады.

Сұрақтар қою- жауаптар алу.

Тағы бір рет шығарманы оқып шығу.

Сергіту сәті орындалады.

Шығарманы әңгімелету.


Балалар шығарманы мұқият тыңдайды.





Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Балалар өз түсініктері бойынша шығарманы әңгімелейді.


Рефлекстік түзету

Балалар біз қандай шығармамен таныстық?

Ол шығарманы жазған кім?

Шығарма не жайында айтылды?

Балаларды мақтап- мадақтау.


Балалар жауаптары.





Күтілетін нәтиже:

Шығарма мазмұнын білуі

Мекендеу орталықтары туралы түсініктері болу

Сұрақтарға жауап беру қолдарынан келеді.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 14.01.13

технологиялық картасы аптасы: 2

Ортаңғы топ «Құлыншақ»

Білім саласы «Қатынас» Тәрбиеші: Э.К. Казиева

Кіші сала: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Қыс көрінісі»

Мақсаты: Сурет арқылы әңгіме құрастыруға үйрету. Суретке деген қызығушылықтарын арттыру. Зейінін дамыту. Синонимдерді сөздік қорына еңгізу.

Билингвалдық компонент :қар –снег, аяз- мороз, аққала – снеговик.

Сөздік жұмыс: шана, шаңғы, қаршақ, сиқырлы.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

1.Шаттық шеңбері

2.Үлкенге де « сіз»

Кішіге де «сіз»

Баршанызды құрметтпен,

Бас иеміз біз!




Шеңбер бойында тұру.

Қолды алға сазу.

Қолды кеудесіне қою.

Басты төмен ию.


Ұйымдастырушылық ізденіс

Қыс туралы өлең оқылады.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғып балалар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

3.Қыста болатын өзгерістер туралы сұрақтар қою.

4.Қыс туралы білетін тақпақтарын сұраймын.

5.Жұмбақтар жасыру

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тонады.

Ол не екен?


Қысы жазы бір түсті

Ол не екен?

6.Қыста киетін киімдері туралы сұрау

7. Сергіту сәті:

Ішік, пима, қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

8.Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар, қандай көріністер көресіңдер?

9.Суретпен жұмыс, интерактивті тақтадан қысқы көріністерді көреміз

10.Қыс әңгімесі.

Қыс мезгілі келді.Даланы аппақ қар басты.Балалар балабақша ауласына шықты.Мәди мен Жансая аққала тұрғызды. Ескендір мен Айгерім шанамен сарғанақ тепті. Қалған балалар апаймен қарды жинады, мүсіндер жасады. Серуен көңілді өтті.

11.Жұмбақ жасыру.

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. – шана

12.Ән ойналып , балаларға сиқырлы қарды көрсетемін.Ой, балалар қарандаршы ертегілер әлемінен бізге сиқырлы қар келді. Қар қандай әдемі, аппақ. Қармен біраз әңгімелесейік. Қар сөзі: Менің жиынтығымнан әдемі аққала құрастырсандар, сендерге менің сыйлығыи бар.

Тәрбиеші: Балалар біз аққала құрастыра аламыз ба, қардың өтінішін орындайық.

13.Қар:Ой, балалар өте әдемі аққала құрастырдыңдар, рахмет.Әкелген сыйлығымды апайларыңа берейін.

14.Қандай тамаша аққала,кәне барлығымыз аққалаға арнап ән айтайықшы.

Ауыл сырты, бақта да,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айнала,

Ойнаймыз біз шаттана.

Аққала, аққала,

Сені жасап мақтанам.

Қорғауменен жүреміз,Бұздырмастан басқаға.


Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.







Өлеңді оқу барысында балалар жыл мезгілін табады.

Қыста қар жауады, күн суытады.


Балалардың тақпақтары.




Жұмбақтың шешуін таба біледі

(мұз, шырша)








Қардан аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз.















Сиқырлы қарды балалар қуанышпен қарсы алады.







Жасанды қаршалардан, дайын ақ қағаздан жасалған қиыңды дөңгелекшелерден аққала құрастырады.












Рефлексивті-коррекциялау

15. Сұрақ- жауаптар:

Жарайсыңдар балалар, сонымен біз қыста немен ойнайды екенбіз? Қыста қандай өзгерістар болады екен?

16. Бүгін өте тамаша сендер жақсы жауап бардіңдер. Енді сендерге сиқырлы қардың берген базарлығын берейін.








Балаларға кішкентай аққалаларды таратап беремін.


Күтілетін нәтиже:


Қыс мезгілінің ерекшелігін білу.

Аққала , сиқырлы қар туралы түсініктірі болу.

Сурет бойынша дұрыс сұрақтарды қолдану.
















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 21 қантар

технологиялық картасы аптасы: 3

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: Э.К. Казиева

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Менің сұлу қояным» (үлгі бойынша әңгіме құрастыру)

Мақсаты:Тәрбиешінің үлгі әңгімесі бойынша әңгіме құрастыру. Өз ойын дұрыс тұжырылдап айту, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, айтылу мәнеріне қарай, дауыс ырғағы бойынша ажырату іскерліктерін дамыту.

Билингвалдық компоненті:қоян-заяц,сұлу-красивый,орман-лес,ақ-белый

Сөздік жұмыс:сұлу,көмек

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Ғажайып сәт:

Секіріп топқа қоян келеді.


Топқа енген қоянға танырқап қарап, қызығушылығық білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

- Мынау қоянның түсі қандай?

-Неге қоңыр, кім дәлелдеп береді?

-Қоянның көзі қандай?

-Қоянның аяғы ұзын ба?


- Құйрығы қандай?

Ал, мынау суретте неге түсі өзгерген?

-Оның себебін қайдан білесіңдер?


Ал, қоян қайда өмір сүреді?

Жұмбақ

Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады.

Сергіту сәті:

Ақ қоян-ау,ақ қоян.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ытқып,ытқып қашасын.

Тақпақтар жаттау.

Қыс қызығын бастадық.

Қардан қоян жасадық,

Сәбіз әкеп бәріміз.

Қамқорға алдық оны біз.

Интерактивті тақтадан қоянның түстерін көріп, салыстырамыз. Олардың немен қоректенетінің бақылаймыз.


Қоңыр түсті.

Жазда, күзде қоңыр болады

Қисық орналасқан

Алдыңғы екі аяғы ұзын, тез секіреді.

Қояның құйрығы қысқа.

Жүні ақ түсті, ақ қоян


Қыста ақ түске өзгереді, қар ақ болған соң.


Олар орманда өмір сүреді.


Қоян


Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.






Балалар тақпақты жаттайды.

Тақтадағы қарап қоянның түстерін салыстырады.

Олар сәбіз, қырыққабат, шөп жейді.


Рефлекстік түзету

Біз не қонаққа келді?

Қоянның құлағы қандай?

Қоян не жегенді ұнатады?

Неге қоянның жүнінің түсі өзгереді екен?


Балаларды мақтап- мадақтау.

Қоян қонаққа келді.

Қоянның құлағы ұзын.

Сәбізді, қырыққабаты.

Жыл мезгіліне байланысты




Күтілетін нәтиже:

Қоянның түсінің өзгеруіне байланысты түсініктері болу

Қоян қайда өмір сүретін және немен көректенетінбілуі

Әңгіме сурет бойынша құрастыру қолыннан келеді
























Технологиялық картасы аптасы: 4

28 қаңтар

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: М.А.Ибраева

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: « Айтып берші». /екі ойншыкты бейнелеу/

Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру. Хабарлы сөйлемді дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: сындырмау керек- не ломать, лақтырмау керек- не кидать.

Сөздік жұмыс: ойын бұрышы- уголок игрушек.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, ойыншыктар.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Сабақ жұмбақ шешуден басталады:

« Олардың өз орны бар.

Сен онымен ойнайсың,

Тап- таза оны ұстайсың»


Бададар тыңдайды, жұмбақтың

шешуін табады.

-Ойыншықтар

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалармен ойыншықтар жайлы интерактивті тақта бойынша жұмыстар жасау. Сұрақ-жауап әдісі.

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайық,

Келе ғой, дос, ойнайық.


«Дүкенші ойыны»


Сергіту сәті:

Ойын: «Айтып берші»

Қуыршақ пен машина қай дүкенде сатылады?

Қуыршақ пен машинаны дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.


Балалар сурет бойынша әңгімеге араласады, сұрақтарға жауап береді : - ойын бұрышы әдемі ;

- ойыншықтар тап- таза ;

- ойыншықтардың өз орны бар ;

- ойыншықтар сөреде тұр.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар ойынға қатысады.


Екі ойыншыкты бейнелейді.



Қуыршақтарға ат қойдық, машиналардың түрлерін ажыраттық

Рефлексивті-коррекциялау

Тақпақты үйрету:

«Қуыр- қуыр қуыршақ

Айналайын қуыршақ ».




Балалар қызығушылықпен тақпақты үйренеді.



Күтілетін нәтиже:

Ойыншықтарды сындырмау,лақтырмау керек екенін білу

Әр ойыншықтың өз орны болу керек

Ойыншықтардың бейнесін ажыратуқолынан келеді




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 4 ақпан

технологиялық картасы аптасы: 1

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: Э.К. Казиева

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарым» (өз пікірін айта білу)

Мақсаты:Балаларды өз пікірлерін айта білуге үйрету, өз ойын дұрыс тұжырымдап айту, қысқа әңгімелер құрастыру, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, іскерліктерін дамыту.

Билингвалдық компоненті:үй жануары-домашние животные,сүйкті-любимые,сыйыр-корова, бұзау-теленок,қора-сарай

Сөздік жұмыс:сүйікті, қамқор.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелейміз.

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз.



Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар үй жануарларына не жатады?

-Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайлап жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?






Осы төлдер туралы мен өлең оқиын, сендер тындап, қандай төлдер туралы айтылғанын шешіңдер:

Шөре,шөре лағым,

Тентек болма шырағым,

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдеме құлағың,


Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.


Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

-Қазір біз «Үй жануарлары» деген ойын ойнайық.







-Ал енді балалар осы жануарлары туралы жұмбақты шешейік:

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам днуге болмайды,

Сақалы тағы бар.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырдырып киген тоны бар.

Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.

Төрт жыртырмағы бар,

Бір шыбыртқасы бар.

Бұл не қылған ер еді?

Қандай мықты жүрегі.

Түздің маңғаз түлегі,

Бір ұрттам су татпастан,

Мың шақырым жүреді.


Балалар қыста үй жануарлары қайда тұрады.



Ал енді, мен сендерге үй жануарларының бірі «Ақылды лақ» туралы ертегі айтып берейін


-Түйе, сиыр,қой, ешкі, жылқы, торай, мысық, ит.





-Түйенің төлі- ботақан,

Қойдың төлі- қошақан,

Ешкінің төлі-лақ,

Жылқының төлі-құлыншақ,

Сиырдың төлі- бұзау.








-Лақты





-Ботаны





-Құлыншақ

Балалар сиқырлы дорбадаң үй жануарларына байланысты ойыншықтар алып,сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап және олардың пайдасын аттап кетті.







-Ешкі.


-Қой.




-Сиыр





-Түйе.


Үй жануарлары қыста қорада тұрады. Оларға адамдар шөп, жем су береді.

Балалар ертегіні мұқият тындайды.

Рефлекстік түзету

Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Қыста олар немен қоректенеді



Сұраққа жауап берген балаларды мақтап, мадақтау.

Үй жануарлар туралы.


Үй жануарларға қыста адамдар жем, су, шөп береді


Күтілетін нәтиже:

Үй жануарларына қалай қамқорлық жасау керектігі жайлы түсініктері болу

Үй жануарларды және төлдерді ажырата білуі

Әңгіме сурет бойынша құрастыру қолыннан келеді


































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 11 ақпан

технологиялық картасы аптасы:

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: М.А.Ибраева

Кіші саласы «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ертегіні тап» /модель бойынша/

Мақсаты: Модель арқылы ертегіні айта білу. Ертегінің үзіндісі бойынша қай ертегі екенін табу. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Сөздік жұмыстар:жағымды- жағымсыз кейіпкер.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар, қандай-қандай ертегілерді білесіңдер?








Өте жақсы! Көп ертегілерді біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар.

Білетін ертегілерін айтып береді.

Түлкі мен ешкі. Бауырсақ.Қолғап. Шалқан. Шұбар тауық. Үш аю. Аққу –қаздар. Үйшік.Мақта қыз бен мысық. Түлкі мен қасқыр.Түлкі мен ешкі. Қасқыр мен жеті лақ.



Мәз болады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар бүгін біз өзіміз жақсы көретін ертегілерімізді айтамыз.


«Біз қай ертегіденбіз?» презентацияны қосу.


-Қандай киіпкер жағымды, қайсы жағымсыз?


Неге олай ойладың?


Қандай ертегідегі кейіпкер екенін жасырамын, сендер тауып алыңдар.

1.Қолында әдемі себеті бар?


2.Тартада, тартады жұлынбайды?


3.Мен саған жаға әкелдім, сен қатты қуанасың?


4.Мыны жердін суы тәп – тәтті, кел? Осылайша жалғаса береді

5.Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.


Кім осы бауырсақтың әнін айтып бере алады?

Жарайсың!


6. Менің төсегіме кім тиіскен?

7. Менің алмамнан жесең, жасырамын.

8. Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.


Сергіту сәті.



«Қай ертегінің заты?» ойын


Сүйікті ертегіден көрініс қояйықшы.


Қуанады.



Ертегінің атын және кейіпкерлерін айтып береді.


Түлкі қу, қоян қорқақ, қасқыр жаман.


Өз ойын айтады.



Қызыға тыңдайды.



«Қызыл телпек» ол әжесіне бәліш апарды.


«Шалқан» жаңбыр көп жауды, үлкен болып өсті.


Ата түлкіні ұстап алдым деді әжеге.


Қу түлкі ешкіге құдыққа түс деді


«Бауырсақ» ертегісі.




Айтып береді.


Мәз болады.


«Үш аю».


«Аққу-қаздар» ертегісі.


«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.



Демалу мақсатымен сергіту сәті өткізіледі.


Заттарды атап береді. Қай ертегінің заты екенін айтады.



Өздеріне ұнайтын бір ертегіні ролдер бойынша орындады.

Рефлексивті-коррекциялау

Сонымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде не жайында айттық?


Балаларды мадақтау.


Сұрақтарға толық жауаптар береді.




Риза болып қалады.


Күтілетін нәтиже:

Модельдерді пайдаланып ролдерді қимылмен көрсете білу.

Естіген үзіндіден өз түсінігі болу.

Кейіпкерлердің дауыс ырғағын дұрыс айтып, өз білімін өмірдеқолдану




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 18 ақпан

технологиялық картасы аптасы: 3

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: Э.К. Казиева

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары» (сурет арқылы)

Мақсаты:Үй жануарлары туралы әңгіме құрастыруға ұйрету. Жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімінің көпше және жекеше түрінде айту іскерліктерін дамыту.

Билингвалдық компоненті:жылқы-лошадь, түйе-верблюд, қой-баран, сиыр-корова

Сөздік жұмыс:қозы,құлын, бұзау, бота, лақ-төлдер

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар, біз бүгін үй жануарлары және олардың төлдері жайлы әңгімелесеміз.




Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар мына суретен ненікөріп тұрсындар?

Дұрыс, балалар, үй жануарларының төлдерін атап беріңдерші.



Неліктен бұларды үй жануарлары деп атайды?

Дұрыс, үй жануарларының қандай пайдасы бар?




Дұрыс, балалар, үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы көп екен. Үй жануарларының ішінде жылқы мен түйе ірі жануарға жатады

Жылқы- ең жүйрік жануарлардың бірі,оны арба мен шанаға жегеді, мінеді, сүтінен қымыз ашытады.Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді.

Ал түйе бірнеше күн аштық пен шөлге шыдайды. Сол себепті, басқа жануарлар жемейтін тікен мен шөпті жеп, арқасына май жинайды, оны өркеш дейді.

Түйенің пайдасы мол: сүт(шұбат), терісі, жүні адам қажетін өтейді.

Қойдың еті дәмді, терісінилеп, өндеп жылы сырт киім тон, ішік, аяқ киім де тігеді, жүнінен киіз басып, пима тігеді, кілем, киім, қолғап, мата тоқиды.

Сиыр сүт береді, ал сүттен қаймақ, май, ірімшік жасайды.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Мінсең желдей жүйткиды, көңілің таудай өседі

Алып ұшар алысқа ер қанаты деседі.

2.Өзі күшті, мүйізі мықты, қызылды көрсе,құтыра шықты

Төрт бұлағы- сүт, баға білсең-құт.

Шайнақтайды сағыз, сүттің кені нағыз

3.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.

Сергіту сәті:

Жайлау деген тамаша,

Тауға шығам таласа,

Ойға түсем зымырап,

Тау суына шомылып.

Күн көзіне қақталып,

Сергіп қалдық шаттанып

Дұрыс, жарайсыңдар, балалар.

Үй жануарлары жайлы кімдер тақпақ айтып береді?








Жарайсыңдар, балалар.

Балалар малды тебуге бола ма?

Ұруға, тебуге болмайды.

Ойын: «Төлдерді табайық»



Үй жануарлары және олардың төлдері.


Сиыр баласы-бұзау,

Қой баласы-қозы,

Жылқы баласы-құлын,

Туйе баласы-бота.

Өйткені олар адамадардың көмегімен өсіріледі

Үй жануарларының адамдарға тигізетін пайдасы көп, олардан ет, сүт, кымыз, шұбат т.б. тағамдарды үй жануарларынан алынады.





























Ат






Сиыр



Жылқы










1. Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қараса көз тоймайды.

2. Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.



Жоқ.


Балалар,суреттердегі төлдерді тауып, атап, тақтаға іледі.

Рефлекстік түзету

Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық.

Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?

Балалар, үй жануарлары бізге не береді?

Жарайсыңдар, балалар, сендер үй жануарлары туралы көп нәрсе үйреніпсіңдер.

Үй жануарлар және олардың төлдерімен.

Өйткені олар адамдардың көмегімен өсіріледі.

Сүт, ет, қымыз, шұбат.

Күтілетін нәтиже:

Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері болу

Төрт түлік малды ажырата ,олардың қалай дыбыс шығаратынын білуі

Үй жануарлары туралы әңгіме сурет бойынша құрастыру қолыннан келеді
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: ақпан

технологиялық картасы аптасы: 4 күні: 25

Ортаңғы топ «Құлыншақ»

Кіші саласы: «Қатынас» Тәрбиеші:М.А.Ибраева

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ойыншық дүкені» /шыныдан, ағаштан, пластмассадан жасалатын ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру/

Мақсаты: Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді сөздік қорына енгізу. Ағаш, шыны, пластмасса сөздерін қолдану. Сөздік қорына түрлі сөз таптарына /зат есім, етістік, сын есім, үстеу/ жататын жаңа сөздерді дұрыс пайдалануға жаттықтыру.

Билингвалды компонент: ойыншық –игрушка, ойыншықтар – игрушки, шыны – стекло, ағаш – дерево.

Іс - әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс - әрекеті

Дәлелдеп талаптану


-Балалар, біз бүгін «Ойыншықтар дүкеніне» барамыз


Балалардың назарын ойыншықтарға аудару.


Балаларға ойын ұсыну: «Ойыншық неден жасалған?»



Дұрыс айттың, өте жақсы!



Балалар қуанады.



Балалар ойыншықтарға назар аударады.


Балалар берілген ойыншықтардың қандай материалдардан жасалғаны жайында айтады.


Мәз болады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тәрбиеші ағаштан, шыныдан, пластмассадан жасалған ойыншықтар жайында түсінік

береді.


Билингвалды компонент: ойыншық –игрушка, ойыншықтар – игрушки, шыны – стекло, ағаш – дерево.



Презентацияны көрсету.


Рөлдік ойын: «Қандай ойыншық керек?» (Тәрбиеші дүкенші рөлінде)






Сөз таптарына жататын жаңа сөздерді қолдануға жаттықтыру.


Д/о «Қандай ойыншықтар бар?»

Мұқият тыңдайды.


Есте сақтайды.




Қайталап айтады, есте сақтайды.




Қызыға қарайды.


Балалар өздеріне керекті ойыншықтарды сұрайды:

-Маған пластмассадан жасалған пирамида беріңізші

-маған ағаштан жасалған ойыншық беріңізші т.с.с.


Жаңа сөздерді қолдануға тырысады.



-ағаш, пластмасса, шыны ойыншықтар бар

Рефлексивті-коррекциялау

Сұрақтар: Бұл ойыншықтарды неліктен ағаш (пластмасса, шыны) ойыншықтар дейміз?


-Балалар, ойыншықтарды күту жайлы не білеміз? Ойыншықтарды сындыруға бола ма?


-Балалар, біз ойыншықтардың неден, қандай материалдардан жасалатынын білдік пе?


-Жарайсыңдар!


Сабаққа жақсы қатысқан балаларға рахмет айту.

-Өйткені бұл ойыншықтар ағаштан (пластмассадан, шыныдан) жасалған.


Балалар ойыншықтарды ұқыпты ұстау жайлы айтады.



Балалар ойыншықтардың неден жасалатынын білгендерін айтады.


Риза болады.


Қуанады.


Күтілетін нәтиже:


Ойыншықтардың неден жасалатындығын білу

Ойыншық жасайтын материалдар туралы түсінігі болу

Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді қолдана алуы














Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 04 наурыз

технологиялық картасы аптасы: 1

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші:Э. К. Казиева

Кіші саласы: Тіл дамыту

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Анама сыйлық» /өз тәжірибесінен әңгімелеу/

Мақсаты: Тілдік грамматикалық құрылысын қалыптастыру. Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетіліру.

Көрнекіліктер: суреттер, бейне роликтер.

Сөздік жұмыстар:сыйлық - , мирам –


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балаларды әңгімеге баулу.Сұрақтар қойып балалардан жауап алу.

Балалар кәзір жылдың қай мезгілі? (көктем)

Көктемде ауарай қалай өзгереді?

Күн жылынады.

Көктем айында қандай мерекелер болады ? Аналар мерекесі болады .


Балалардың қызығушылығы артып , өз ойларындағы әңгімелерін айтады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Көктем келді далаға.


Көктемде күн жылынып , қарлар ериді. Адамдар жылы киімдерін киеді.


Көктем айында 8 –ші наурыз , аналар мерекесі.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар сендер аналарға арналған тақпақтар білесіңдерме?


Тосын сәт.

-Қонаққа Айслу, қуыршағымен топқа кіріп келеді.

-Балалар ,бізге қуыршқтар келген екен, қуыршақтың анасына сыйлайтын сыйлық жасауға көмектесеміз.


Балаларды «Анаға сыйлаймыз»

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда ,

Құлпыртып өңірді ,

Гүл ектік бақтарға .


Біз доспыз гүлдермен ,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір- бірден

Анаға сыйлаймыз.

Балалардың өзіндік жұмыстары аналарға арнаған сыйлықтарын жасайды.


Балалармен мақал – мәтелдермен таныстыру.

Ананың сүті – бал ,

Баланың тілі – бал .


Күннің шуағы – жылы ,

Ананың құшағы – жылы .





Балалар аналарына арналған тақпақтарын айтады.

Балалар келген қуыршақпен танысып, амандасып , аналар мерекесі туралы әңгіме құрастырады.








Балалар өлеңнің мәтінімен танысып.










Балалар сыйлықтарын жасайды.




Балалар мақал – мәтелдермен танысады.




Рефлексивті-коррекциялау

Балалар мен Айслу және оның қуыршағы ризашылығын айтып , силықтарын алып ,өз үйіне қайта оралды .


Жарайсындар балалар сендер , Данаға жақсы көмектестіңдер.


Сабақты қортындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалар Данамен қоштасып . Сыйлықтарын ұсынды.




Күтілетін нәтиже:


Аналар мерекесіне арнап құттықтау сыйлықтарын жасай білу.

Талапты , өнерлі болуы;

Суреттерді қарап сөйлем құрауға қолдану;
























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:11наурыз

технологиялық картасы аптасы:2

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші:М.А.Ибраева

Білім саласы «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ж мен Ш дыбыстары.

Мақсаты: Артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту.Фонетикалық қабылдауын дамыту/ дыбысты ажырата білу.

Көрнекіліктер:суреттер

Сөздік жұмыстар:Жапырақ,шана т.б.

Іс-әрекет кездеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалардың назарын суретке аудару.


Дұрыс. Өте жақсы! Ал осы сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

Суретке қарап не бейнеленгенін айтады.



Сұрақтарға толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденіс


Ж мен Ш дыбыстары туралы түсінік беру.


Презентацияны қосу.


Артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту.


Жаңылтпаштар айту.

Жаға жай,

Жағажайда –Қамажай.


Жылқышы деп атайды,

Жылқы баққан жігітті.


Шаңқ-шаңқ етіп шағала,

Шабақ ілер жағада.


Шошыттың үш құсты

Шошып үш құс ұшты.


Ойлан да, айт.

Отбасында 4 қыз бала бар. Олардың есімдерінде Ша буыны кездеседі. Солардың есімдерін тап.


Сергіту сәті.



Буынұйқас.

Ша- ша,ша

Қысы-жазы бір түсте шырша.


Шу-шу-шу

Тойдағы шашу.


Ақ-ақ-ақ

Сарғайды күзде жапырақ.





Мұқият тыңдап, есте сақтайды.


Өз ойларын айтады.


Дүрыстап айтады.




Бір айтқаннан айтып береді.





Жаңылтпашты жаңылмай айтып береді.








Ойланып, айтады. Айша, Хадиша, Қараша, Балғадиша.





Демалу мақсатымен сергіту сәтіне қатысып, сергіп алады.



Буынның ұйқасын табуға тырысады.







Рефлексивті-коррекциялау

Балалар қандай дыбыстарды созып айттық?


Балаларды мақтап- мадақтау.

Балалар: «Ж», «Ш» дыбыстары.



Мәз болады.




Күтілетін нәтиже

«Ж», «Ш» дыбыстарын айта білуі тиіс.

Сурет бойынша әңгімелеп, сұрақтарға жауап ала білу жайлы түсініктерінің болуы.

Дыбыстарды ажырата білу қолдарынан келеді.


































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 18 наурыз

технологиялық картасы аптасы: 3

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: Э:К. Казиева

Кіші саласы: Тіл дамыту

Бөлігі: «Қатынас»

Тақырыбы: «Қуыршаққа бөлме дайындаймыз» /дидактикалық ойын/

Мақсаты: Баланың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру /жиһаз/. Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету

Көрнекіліктер: Д/ойындар, дайын суретшелер, бейне роликтер.

Сөздік жұмыстар:.жастық – подушка, көрпе –одеяло, керует-кровать.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Әрқашан дос, біргеміз

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер.

Еңбекті сүйіндер!

Әрқашан тілектес,

Досына көмектес.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тосын сәт.

-Қонаққа бір қыз қуыршағымен топқа кіріп келеді.

-Балалар,бізге Данамен бірге қуыршағы да келген екен, қуыршаққа қандай ат қоямыз?

- Онда осы Аида деген қуыршаққа бөлме дайындаймыз.

-Онда алдымен менің сұрақтарыма жауап беріп көріндерші?

-Ұйықтайтын бөлмеде нелер тұрады?

Тағы не болуы мүмкін?

Дұрыс балалар.

Сұрақ –жауап әдісі.

Сөзге жалғаулар жалғаймыз

1.Жастық

2.Көрпе

3.Шкаф


Тақтадағы бөлме жиһаздарымен жұмыс жасау.

Суреттен қандай жиһаздарды көріп тұрсыңдар?

Онда маған төр үйде тұратын жиһазды қатыстырып сөйлем құраймыз.







Аида деп атайық.








Керует, оның төсектері көрпе, жастық болады.

Шифанер, кілем, орындақ.





Жастыққа жатамыз.

Көрпені үстімізге жамыламыз.

Шкафқа киімдерімізді іліп қоямыз




Диван, дөңгелек үстел, телевизор,



Диванда ата демалып, телевизор көріп отыр.

Дөңгелек үстелдің басында тамақ жейміз.

Рефлексивті-коррекциялау

Д/о. Өзбеттерінше үстел басында

Қонақ күтіп дастархан жасап сабақты қортындылаймыз. Аида мен қуыршаққа шәй беріп, қуыршаққа бөлме дайындаймыз.


Балалар әдемілеп дастархан жасады. Диванға отырып дем алыңыз, қонақ болып шәй ішініз деген сөздерді пайдаланды.

Күтілетін нәтиже:

Жиһаздың аттарын білу білу

Қай жиһаз қайда тұратыны туралы түсініктері болуы;

Жиһаз аттарын пайдаланып сөйлем ретінде қолдану;




























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: наурыз

технологиялық картасы аптасы: 4

Ортаңғы топ «Құлыншақ»Тәрбиеші:М.А.Ибраева

Білім саласы «Қатынас»

Бөлігі:«Тіл дамыту»

Тақырыбы: « Жұмбақтап айтқан сөзді тауып ал» д/о

Мақсаты: Сөздік қорын таңқаларлық және ұлттық заттар атауларымен толықтыру /желпуіш,парик-жасанды-шаш,теңге,қазан,арба т.б./ және олардың қызметтерін түсіндіру.

Көрнекіліктер: ұлттық заттар,интерактивті тақта,суреттер

Сөздік жұмыстар:парик-жасанды шаш,теңге-тенге,

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар шеңберге тұрып, жылы лебіздерін білдіреді.

Жылы лебіздер айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Бізге қонаққа қуыршақ келді.

Қуыршақ өзі жайлы көп білгісі келеді екен.

Балалар қане қуыршақпен амандасайықшы.

Қуыршақтың аты кім деп ойлайсың?

Иә,қуыршақтын аты Ләззат екен.

Қарандаршы Ләззаттың көзінің түсі қандай?

Шашының түсі ше?

Қалай деп ойлайсың, ол көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

Бойы ұзын ба,әлде қысқа ма?

Өзі сұлу екен.

Қане кім маған Ләззатты сипаттап береді?

Көйлегінің түсі қандай екен?

Д/о «Сөзді жалғастыр»




Балалар қуыршақ Дидактикалық ойын: «Біздің күн»(тәулік бөліктері)

пен амандасады.


Аты Ләззат,Асем,Жанагүл дейді.




Көзінің түсі қара,шашының түсі қара.







Ләззаттың көзінің түсі қара,ал шашының түсі қандай? қара

Өзі сұлу,бойы қандай? ұзын

Көйлегінің түсі қызыл-шашы қандай? қысқа.


Рефлексивті-коррекциялау

Бізге келген қуыршақтың есімі қалай?

Көйлегінің түсі қандай?

Балалардың жауаптары.


Күтілеттін нәтиже:


Ұлттық заттар туралы түсініктері болуы.

Әр заттарды сипаттай білуі тиіс.

Әңгіме құрау қолдарынан келеді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 01.04.2013ж

технологиялық картасы аптасы: 1

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: Э.К.Казиева

Кіші саласы «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Неліктен күшік көңілсіз?»(сурет арқылы)

Мақсаты: Сөзге қызығушылықтары мен зейінін дамыту, көңіл-күйінін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Балалардың фантазиясын, ой-өрісін дамыту.

Билингвалдық компоненті:ит-собака, күшік-щенок

Көрнекіліктер: суретшелер, жұмсақ ойыншықтар

Сөздік жұмыстар: көңілсіз, қайғылы


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Адамға серік, күзетке берік


Ит

Ұйымдастырушылық ізденіс

1.Балалар қарандарша бүгін бізге күшік қонаққа келіпті. Осы күшіке ат қойайық, сендер іштерінен ойланып ат қойындар.Күшіктертін түсіне байланысты да та қойуға болады.

Айнар сен неге Ақкүшік деп ат қойдың?

Онда осы Ақкүшік туралы әңгімелесеміз.

-Күшіктер қайда тұрады?

-Күшік қандай тамақ жиді?

-Күшік кімге дос?

-Күшіктердін адамдарға көмегі бар ма?

Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту, соның ішінде ит те жеті қазынаның бірі екеніне тоқталу.

Сергіту сәті

Тақтамен жұмыс

«Төлін тап» ойының ойнаймыз.

«Ит адамның досы» деген әңгімені оқып, талдау

Көркем сөз:

«Күшігім менің Саққұлақ,

Келеді әне шапқылап»

Олар адамдардың, біздердің көршілеріміз екенін айту, түсіндіру. Ит адамның досы екенін түсіндіру.








Күшіктін жүні ақ, өзі жұмсақ сосын мен Ақкүшік қойдым.



Үйшігінде

Сүйекті жақсы көреді

Адамдарға дос

Ауылда малдарды күзетеді, бөтен адам келсе дыбыс шығарады.







Балалар ойнады.








Ит адамдардың жақын досы екенін түсінеді.


Рефлексивті-коррекциялау

Әңгімеде не туралы айтылған?




Ақкүшік туралы бөлеңді жаттаймыз.

Мал баққанда ит атаға көмектесті, малдарды алысқа жібермей қайырды.

Атаға серік болды.


Ит серік қашанда,

Малшыға шопанға

Бүгін де ермек табылды,

Тентек сары пысыққа.

Дүрнліктірді ол ауланы,

Итін қосып мысыққа




Күтілетін нәтиже:


Ит те адамға дос, серік екенің білу

Үй жануарлары туралы түсініктері болуы;

Әңгімеде түсінгендерін өз сөзімен әңгімелеп қолдану































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 08 сәуір

технологиялық картасы аптасы: 2

Ортаңғы топ «Құлыншақ» Тәрбиеші: М.А.Ибраева

Кіші саласы «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ертегі әлеміне саяхат» /ертегі иллюстрациялары бойынша әңгімелеу/

Мақсаты: Таныс ертегінің иллюстрациясы бойынша ертегінің мазмұнын қысқаша айтып беруге үйрету.

Көрнекіліктер: Бауырсақ, шалқан, себет.

Сөздік жұмыстар:.себет, шалқан, құдық, апан , ор,жағымды- жағымсыз кейіпкер.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балалар, қандай –қандай ертегілерді білесіңдер?

Көп ертегілерді атап бердіңдер. Жарайсыңдар!


Білетін ертегілерін атап береді.


Мәз болады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

1.Балалар, бүгін біз өзіміз жақсы көретін ертегілеріміздің әлеміне саяхатқа шығамыз.


-Қандай кейіпкерді білесіңдер?




-Қандай киіпкер жағымды, қайсы жағымсыз?





2. Онда бүгін біз өзіміз білетін ертегілерді қайталап есімізге түсіреміз.


«Ертегілер әлеміне саяхат» презентациясын қосу.



Сергіту сәті.



3. Сүйікті ертегіден көрініс қоямыз.






4. Қандай ертегідегі кейіпкер екенін жасырамын, сендер тауып алыңдар.

1.Қолында әдемі себеті бар?


2.Тартада, тартады алынбайды?


3.Мен саған жаға әкелдім, сен қатты қуанасың?

4.Мыны жердін суы тәп – тәтті, кел? Осылайша жалғаса береді


Тапқыр екенсіңдер, өте жақсы!

Қуанады.





Қоян, қасқыр, түлкі, ата мен әже қызыл телпек, мысық көптеген кейіпкерлерді айтып берді.


Түлкі қу, қоян қорқақ, қасқыр жаман алдада, аншылар көмектесті, сиыр сүт берді осылайша өз түсініктері бойынша жауап берді.




Ертегінің мазмұнын қысқаша баяндап, кейіпкерлерін атап береді.





Қимылмен көрсетеді.


«Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша дайын материалдарды пайдаланып ертегіні ролдер бойынша орындады. Автор ролдерді айтып тұрды. Балаларға қойылым қатты ұнады.







«Қызыл телпек» ол әжесіне бәліш апарды.

«Шалқан» жаңбыр көп жауды, үлкен болып өсті.


Ата түлкіні ұстап алдым деді әжеге.


Қу түлкі ешкіге құдыққа түс деді.


Риза болады.

Рефлексивті-коррекциялау

Сұрақтар қойып, толық жауаптар алу.

Толық жауаптар береді.







Күтілетін нәтиже:


Моделдерді пайдаланып, ролдерді қимылмен көрсете білу.

Естіген үзіндіден өз түсінігін айтып жеткізу қабілеті болуы.

Кейіпкерлердің дауыс ырғағын дұрыс айтып, қимылын көрсету, өз білімін өмірде қолдану.


Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бауда әлде бақшада?

Мақсаты: Бау-бақшада өсетін жеміс-көкөністердің қасиеттерін көлемі, исі, түсі, дәмі, пішінін білдіретін сөздермен сөздік қорын байыту. Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді жемістер, жидектер, көкөністер сөздік қорына еңгізу.

Алдын-ала жұмыс:Көкөністер мен жидектер туралы жұмбақ жасыру

Көрнекілік құралдар: Көкөністер мен жемістер

Сөздік жұмыс: Көкөністер,сәбіз, қырыққабат

Билингвальдык компоненті:Көкөніс – овощи , жеміс - фрукты


Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Балалар жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Ауа райында қандай өзгерістер болып жатыр?

Балалар бау – бақшада нелер піседі?


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жылдың күз мезгілі туралы айтады, ауа райының өзгерістері туралы айтып береді.

Балалар бау - бақшада көкөністер мен жемістердін пісетіндері жайлы айтып береді.

IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік

Балалар мынау ненің суреті?

Дұрыс айтасыңдар бұл сәбіз

Сәбіз неге жатады?

Неліктен сен олай ойлайсың?

Көкөністер мен жемістердін айырмашылықтары неде?

Көкөністерге нелер жатады?

Ал мынау ненің суреті?

Қырыққабат неге қырыққабат деп аталады неліктен олай ойлайсыңдар?

Ал мынау не?

Дұрыс айтасыңдар бұл қияр?

Қиярдын түсі қандай?

Қиярдын пішіні қандай?


Сергіту сәті:





Дид ойын: «Көкөністер мен жемістер»

Тәрбиеші балаларға көкөністердін пайдасы жайында түсінік береді.

Ал енді балалар мен сендерге қияр мен қырыққабат ертегісін айтып беремін.

Балалар қияр мен қырыққабат қайда барды?

Оллар не істеді?

Қиярдын үстіндегі түртіктер қайдан пайда болды?

Балалар суретке назар аударады.


Сәбіз көкөніске жататыны жайлы айтады.

Көкөніспен жемістін айырмашылығын айтып түсіндіріп дәлелдиді.



Балалар суретке қарап қырыққабат екенін айтады.

Балалар қырыққабаттын жапырақтары көп болғандықтан қырыққабат деп айтып береді.


Қиярдын түсі жасыл екенін, пішіні сопақша тәріздес екенін айтып береді.


Ормандағы аюдын

Құлпынай көп екен

Теріп – теріп алайық

Қалтамызға салайық


Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.


Балалар қызығушылық таныта отырып ертегіні тыңдайды.


Қойылған сұрақтарға жауап береді, ертегі жайлы айтып береді.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Балалар біз сендермен не жайлы әңгімелестік?

Көкөністерге нелер жатады?

Көкөністер қайда өседі?

Көкөністер мен жемістердін қандай айырмашылығы бар?

Қияр мен қырыққабат ертегісі не жайлы?

Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылайды.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Көкөністер мен жемістердін айырмашылығын айыра алу

Түсінеді:Көкөністер жайлы және олардын пайдасы туралы түсінік?

Қолданады:Әңгіменің мазмұнын бұзбай әңгімелеп бере алу









Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көкөністер туралы (Ертегі)

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын бұзбай әңгімелеп беруге үйрету, тілдің грамматикалық дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Алдын-ала жұмыс:Көкөністер туралы түсінік беру.

Көрнекілік құралдар: Көкөніс тер мен жемістер

Сөздік жұмыс: Көкөністер,сәбіз, қырыққабат

Билингвальдык компоненті:Көкөніс - овощи


Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Балалар жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Ауа райында қандай өзгерістер болып жатыр?

Балалар бау – бақшада нелер піседі?


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жылдың күз мезгілі туралы айтады, ауа райының өзгерістері туралы айтып береді.

Балалар бау - бақшада көкөністер мен жемістердің пісетіндері жайлы айтып береді.

IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік

Балалар мынау ненің суреті?

Дұрыс айтасыңдар бұл сәбіз

Сәбіз неге жатады?

Неліктен сен олай ойлайсың?

Көкөністер мен жемістердін айырмашылықтары неде?

Көкөністерге нелер жатады?

Ал мынау ненің суреті?

Қырыққабат неге қырыққабат деп аталады неліктен олай ойлайсыңдар?

Ал мынау не?

Дұрыс айтасыңдар бұл қияр?

Қиярдың түсі қандай?

Қиярдың пішіні қандай?


Сергіту сәті:





Дид ойын: «Көкөністер мен жемістер»

Тәрбиеші балаларға көкөністердін пайдасы жайында түсінік береді.

Ал енді балалар мен сендерге қияр мен қырыққабат ертегісін айтып беремін.

Балалар қияр мен қырыққабат қайда барды?

Олар не істеді?

Қиярдын үстіндегі түртіктер қайдан пайда болды?

Балалар суретке назар аударады.


Сәбіз көкөніске жататыны жайлы айтады.

Көкөніспен жемістін айырмашылығын айтып түсіндіріп дәлелдейді.



Балалар суретке қарап қырыққабат екенін айтады.

Балалар қырыққабаттың жапырақтары көп болғандықтан қырыққабат деп айтып береді.


Қиярдын түсі жасыл екенін, пішіні сопақша тәріздес екенін айтып береді.


Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп – теріп алайық

Қалтамызға салайық


Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.


Балалар қызығушылық таныта отырып ертегіні тыңдайды.


Қойылған сұрақтарға жауап береді, ертегі жайлы айтып береді.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Балалар біз сендермен не жайлы әңгімелестік?

Көкөністерге нелер жатады?

Көкөністер қайда өседі?

Көкөністер мен жемістердің қандай айырмашылығы бар?

Қияр мен қырыққабат ертегісі не жайлы?

Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылайды.


Күтілетін нәтиже:

Жанғыртады: Көкөністер мен жемістердін айырмашылығын айыра алу

Түсінеді:Көкөністер жайлы және олардын пайдасы туралы түсінік

Қолданады:Әңгіменің мазмұнын бұзбай әңгімелеп бере алу












Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «З» және «С» дыбыстары

Мақсаты: Фонетикалық қабылдауын дамыту, дыбысты ажырата білу.Сөздер мен дыбыстарды ажырата білу.Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және артикуляциялық аппараттарын дамыту.

Билингвалдық компонент: зырылдауық-юла, су-вода.

Сөздік жұмыс:қатты, ақырын,сыбырлап,сең,тең.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз,

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Балалар қимылмен орындайды.

IIкезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік

.

Д/о «Қатты-ақырын-сыбырлап»

Ойын шарты:

«Зырылдауық» деген сөз айтылады, балалар сол сөзді қайталап қатты,ақырын,сыбырлап. Содан соң балалар сөздерді өздері айтады, қалғандары қайталайды.

Балаларға жаңылтпаш айтқызу:

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

Сергіту сәті: Шаршағанда ух дедім.

Д/о «Міне, осылай дыбыстарды атайды»

Зу –зу, тартамыз біз езу.

Сөздерді, дыбыстарды дұрыс айту.






Су , сүт, қазан, сәбіз, жеміс сөздерін қатты-ақырын-сыбырлап айтады.






Жаңылтпаштарды тез айтады.



Балалар сергіту сәтін айтып, соған байланысты қимыл жасайды.


Суреттерді қарап әңгімелеу.


«З» , «С» дыбыстарына сөз айтады.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Балалар сендер қандай ойындар ойнадыңдар?


Балаларды мақтап-мадақтау.



Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: «З», «С» дыбыстарын айыра біледі.

Түсінеді: Дыбыстарды , сөздерді дұрыс айта білуді түсінеді.

Қолданады:Сөздерде дұрыс айтуды қолданадаы.





















Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді /суреттеу әңгіме

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала:Тіл дамыту

Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша қуыршақ туралы суреттеу әңгіме құрастыруға үйрету. Сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру, фонематикалық қабылдауын дамыту. Сөздік жұмыс: қара көз, қара шаш, әсем, сұлу, ұзын бойлы.

Алдын – ала жұмыс және оқу іс – әрекетіне дайындық: Қонаққа қуыршақ келетіні жайында айтады.

Сөздік жұмыс: Қуыршақ, қара, шаш, бойы ұзын

Дидактикалық құралдар: Әр түрлі ұлттардың киімдерін киген қуыршақтар

Билингвалдық компоненті:Қуыршақ - кукла


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың әрекеттері


І кезең мотивациялық-қозғаушы


Балалар сендер балабақшаға келгенде қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?

Сендердің сүйіп ойнайтын ойыншықтарын барма?

Ойыншықтар неден жасалынады?

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Балалар өздерінің ойнайтын ойыншықтары туралы айтып береді.

Балабақшаға келгенде қандай ойыншықпен ойнайтындары жайында айтады.




ІІ кезең проблемалық ізденушілік




















Сюрприздік сәт:

Балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақтар келеді.

Балалар қарандаршы әр ұлттын киімдерін киген қуыршақтар қонаққа келіпті.

Сендер қуыршақпен ойнағанды ұнатасыңдарма?

Қарандаршы балалар бізге қандай ұлттардың қуыршақтары келген кім айтады?

Дұрыс балалар бірнеше қуыршақтар келген Қазақ ұлты, Орыс ұлты, татар ұлты , украйн ұлты, өзбек ұлты.

Әр ұлтын өдерінше киімдері болады.


Сергіту сәті:








Киімдеріне назар аударту.

Балалар қарандаршы әр қуыршақтардың киімдері әр түрлі екен.

Бәріміз бірге қуыршақтарды сипаттап берейік.

Қазақ ұлтынын қуыршағын қарандаршы бойы ұзын, шашы қара, киген киімі әдемі, құлағында ою өрнекпен безендірілген сырға.


Тақпақ жаттау: Қуыршақ

Топқа әр түрлі киім киіп келген қуыршақтарды көріп қызығушылық танытады.

Қуыршақ ойыншығымен ойнағанды ұнататындарын айтып береді.

Әр түрлі ұлттарды атап береді.

Киімдеріне назар аударып отырады.





Көкке бойын созады

Көпке қолын созады

Кең құшағын ашады

Көлеңкесін тосады

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай!


Тәрбиешімен бірге ұлттардың киімдеріне назар аударып әр біреуіне жеке сипаттама береді.





Балалар бәрі бірге тақпақты қайталап отырады.


ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.

Балалар бізге бүгін қонаққа кімдер келді?

Қандай ұлттардың қуыршақтары?

Қуыршақтар қандай киім киіп келген?

Сендерге қайсы қуыршақ ұнады?

Қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріп, ұйымдастырылған оқу – іс әрекетін қорытындылайды.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Қуыршақ туралы жалпы түсінік.

Түсінеді: Сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру

Қолданады:Үлгі бойынша қуыршақ туралы суреттеу, әңгіме құрастыру











Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ит күшіктерімен» /сурет бойынша/

Мақсаты: Жан-жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту іскерліктерін дамыту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: Щенок-күшік, ит-собака

Сөздік жұмыс: күшік, пысық, үлпілдек

Көрнекіліктер: суреттер


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Балаларға иттің күшіктерімен суретін көрсетіп, оның үй жануары екендігін айту

Жұмбақ:

Адамға серік, күзетке берік (ит)

Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.


Ұйымдастырушылық ізденіс

Ит пен мысық қонаққа келгенін балаларға айту.

Олар адамдардың, біздердің көршілеріміз екенін айту, түсіндіру. Ит пен мысық адамның досы екенін түсіндіру.

Сергіту сәті: «Түйе»

Д/о «Ол қандай?»

Күшік – пысық, жүні үлпілдек.

«Көп болса, қалай айтамыз?»

Көркем сөз:

«Күшігім менің Саққұлақ,

Келеді әне шапқылап

Ит пен мысық адамдардың жақын досы екенін түсінеді.



Күшік - тер, ит - тер, мысық - тар,

Тақпақты қайталайды, есте сақтайды.

Рефлексивті-коррекциялау

-ит қалай дыбыстайды?

-иттің баласын не деп атаймыз?

-итке қалай қамқорлық жасаймыз? т.б.

мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады :Зат есімдерді көпше түрде қолдана

Түсінеді :Үй жануарларына қалай қамқорлық жасау керектігі жайлы түсініктері

Қолданады:Сурет бойынша үй жануарларын сипаттай алу



















Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: «Тіл дамыту"

Тақырыбы: «»Ұ» мен «Ү»дыбыстары

Мақсаты: Артикуляциалық және дауыс аппаратын дамыту. Фонетикалық қабылдауын дамыту /дыбысты ажырата білу/

Билингвалдық компонент: Ұшақ-самолет,үстел-стол

Сөздік жұмыс:ұшады, қанаты бар.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Үстел үстіне осы дыбыстарға байланысты ойыншықтар мен заттарды қоямын.


Балалар сөзге сөйлем құрастырды

Үлкен доп, кішкентай доп,

үйрек, үйркетін балапандары т.б.

Ұйымдастырушылық ізденіс

1 «Ұ» дыбысына байланысты ойын

Ұшты, ұшты,

Кім ұшты

2.Кішкентай үлкен емес,

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Кішкентай бала секірді,

Үлкен бала жүгірді

3.Шатасқан пішіндер


4.Жаңылтпаштар жаттау

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.


5.Бір затты талдап түсіндіру

Үстел-тамақ ішуге, жазуға арналған төрт, екі, бір сирақты, үсті тегіс үй жиһазына жатады.

6.»Ұ» мен «Ү» дыбысына байланысты сөздерді айтамыз

Ұшақ, ұштауғыш, ұшқы

Түлкі, түйме, жүгері, үш, үлкен,үй т.б.

7. Жұмбақтар шешу

Үйіріп соғып өтеді,

Қаламас жаның.

Көтеріп алып кетеді,

Даланың шаңын (жел)


Ұшты, ұшты

Ұлпан ұшты





Пішіндерді тиісті орындарына орналастырады


Балалар қайта, қайта айтады




Балалар өз түсініктері бойынша жауап берді




Балалар өздеріне таныс сөздерді айтты


Бұл жұмбақтың жауабы жел

Рефлексивті-коррекциялау

9. Есіне сақтаған баладан жатқа сұрап, айтқызып , оны мадақтау.

Бірнеше рет балалармен орындаймыз

2-3 баланың жауабы


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Дыбысты ажырата білу

Түсінеді :Есту, есте сақтау қабілеті

Қолданады:«Ұ» мен «Ү»дыбыстарына сөздерді









Ортаңғы «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы.

Тақырыбы: «Құрбақа мен Көлбақа»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Мақсаты: Тілдің шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу. Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру. Мекендеу орталықтары туралы түсініктерін кенейту, сөздік қорын дамыту.

Алдын – ала жұмыс және оқу іс – әрекетіне дайындық: Балалармен көлбақа мен құрбақа жайында әңгімелесу

Сөздік жұмыс: бақа, бақа балпақ, басын неге жалпақ

Дидактикалық құралдар: Көлбақа, құрбақа суреттері

Билингвалдық компоненті: Бақа-лягушка


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың басқарымдық қызметі

Балалардыңәрекеттері


І кезең мотивациялық-қозғаушы


Балалар қыс мезгілінде жәндіктер болады ма?

Сендер қандай жәндіктерді білесіндер?



Жоқ болмайды


Қоңыз, көбелек, маса, шегіртке




ІІ кезең проблемалық ізденушілік




















Балалар жәндіктер қыс мезгілінде болмайды, олар көктемде пайда болады. Бүгін біз жәндіктер туралы ертегімен танысамыз

Ертегі «Көлбақа мен Құрбақа»

Ертегіні балаларға айтып беру

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қою

Көлбақа немен кездеседі?

Құрбақа көлбақаны қайда әкеледі?

Көлбақа қандай күй кешеді?


Көлбақа құрбақаны қайда шақырады?

Құрбақа қандай күй кешеді?


Құрбақа көлбақаға не деп айтады?





Сергіту сәті:





Көлбақа көлде, шалшықты жерде тіршілік ететін бақа


Құрбақа көбінесе құрлықта тіршілік ететін бақа

Ойын: «Атын ата»

Ертегіден үзінді айту. Балалар ертегінің атын атайды




Балалар мұқият тындайды




Балалар ертегіні мұқият тындайды




Құрбақа мен кездеседі

Шөл далаға


Көк шөп жейді, терісі күйіп тырыса бастайды

Судың жағасына шақырады

Үсті басы батпақ, инелік жейді

Әркімнің өзінің жері өзіне жайлы. Мен шөліме қайтайын, сен көлінде қал деп айтады


Бақа бақа балпақ

Басын неге жалпақ

Темір терсек коп тиіп

Басып содан жалпақ



Балалар мұқият тындайды



Ойынға қызығушылықпен қатысады



ІІІ Рефлексивтік-түзетуші.

-Бүгін қандай ертегімен таныстық?

-Қандай жұмыс жасадық?


Көлбақа мен Құрбақа

Сұрақтарға жауап бердік ойын ойнадық


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Жәндіктер туралы

Түсінеді: Көлбақа мен құрбақаны ажырату

Қолданады: Ертегіні есте сақтап мазмұның айту.













Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Ортаңғы топ «Жидек» .

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлігі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қонақ күтеміз»

Мақсаты:Есту зеректігін қалыптастыру , тақпақтарды мәнерлеп айтуға

дағдыландыру

Сөздік жұмыс: қонжық, орман,өрмелейді

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық


Балалар тақтақты қимылмен орындады


Ұйымдастырушылық ізденіс

1.Балалардың назарын тақтадаға суреттерге аудару.

2.Сұрақ қойып жауап алу.

-Қандай суретті көріп тұрсыңдар?

-Неге бұл суретте аю қоңыр, не себептен?

-Қоңыр аю туралы не білесіңдер?

3.Ғажайып сәт;

-Балалар тыңдандаршы, есіктің артынын бір дыбыс естіледіме?

(Осы кезде кішкентай қоңжық келеді )

4.Балалар бізге кішкентай қонжық конаққа келген екен ғой, онымен амандасып қарсы алайық.

-Сендер қонжыққа арнап жылы сөздерінді айтып беріндерші

5.Тақпақ жаттау, «р» дыбысыны көңіл аудару


Ойыншықтар, жануарлар


Күзде қоңыр аю қонаққа келеді



Қоңыр аю «Жаман жолдас» әңгімесінде жаман баламен сен дос болма деп сыбырлады



Балалар қонжықпен амандасып,жылы лебіздерін білдірді

Ырылдады, дырылдады, ызындады,ыр- дыр,пыр – быр сөздерін айтты

Рефлексивті-коррекциялау





Күтілетін нәтиже:


Тақтадағы аюдың дыбысын ажырата ұғынады.

Қонжыққа туралы түсінігі түсінеді.