Тақырыбы: «Ғасырларға тең жылдар, жылдықтарға тең дәуір».
Білімділік: Оқушыларға отаншылдықта, шығармашылықта ұғым туралы білім беру.
Дамытушылық: Болашақ ұрпақты қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып, ән ұран, суреттер, интерактивная доска, шары.
Түрі: Кеш
Тәрбиеші :
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ғасырларға тең жылдар, жылдықтарға тең дәуір» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
1-жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік!
2-жүргізуші:
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын!
1-жүргізуші:
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
2- Жүргізуші:
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл!
1-жүргізуші:
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада өзінің тамаша әнімен
2-жүргізуші:
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд немесе бейне-ролик)
1-жүргізуші:
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз.
2- жүргізуші:
Осы бір бейне-роликтен кейін рухтанып алсақ қайтеді?!
1-жүргізуші:
Бабалардан қалған мынау оң мұра,
Отырайын ал тізеге қондыра.
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың,
Шанағынан күй төгіле домбыра.

«Валсі» биі
2-жүргізуші:
Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін.
(ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші:
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер.
(Ортаға шығып қыздар би билейді, билеп жүріп шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді.)
2-жүргізуші:
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
1-жүргізуші:
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Енді біз мықтыларды анықтаймыз. Жан-жақтарыңызда ілініп тұрған әрбір қабырға қағаздарындағы суретке баға беріңіздер. Суреттің мәні, салыну шеберлігін ұстаздар қауымы қадағалап баға берсе дейміз. Ең бастысы тәуелсіздікті бейнелейтін сурет болуы керек.
2-жүргізуші:
Сонымен, кім жеңімпаз. Ұстаздар қабырға газетін көрсетіп жеңімпазды анықтаса. Бәрекелді, ендеше бүгінгі жеңімпаз __________________________ (жеңімпаз сыныптың аты аталады және жеңімпазға сыйлықтарын табыстайды)
1-жүргізуші:
Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу.
2-жүргізуші:
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті.
1-жүргізуші:
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!
Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Добрый день, дорогие друзья! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!
Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем нашу школу, детский сад, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.
16 декабря весь наш народ Казахстана отмечает праздник «День независимости». Что означает слово «независимость? У каждого человека есть свой День рождения. День рождения есть и у нашей Родины.
3 жүргізуші:
Welcome to our Our educational hour. We congratulate you with 25th year of Independence Day.
Ән: Қазақ елі. Орындайтын Ерсайым Дәулетжан
1 жүргізуші:
Жиырма бес жыл он ғасырдын жүгiн арттык
Ел болып еркiндiктiн тугiн тарттық
Әнураным көк байрағым қалықтады
Казақтын бар әлемге үнiн қаттык
2 жүргізуші:
Ал, біз тәуелсіздік туралы не білеміз, балалар!
Т - білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті,
У - уайымсыз уақытты,
Е - егемендік елдікті,
Л - дейді лағып лепірме
С - сенімділік секілді ең
І - ілтипат қой
З - зиялылық тілек қой
Д - шақырады достыққа
І - ізет қой
К - дейді күн боп көктегі
2 оқушы:
Kazakhstan
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friends
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friends
3 оқушы:
На просторах Казахстана
Много разных народов живет
Все народы как братья равны
Всем народам - любовь и почет
Ходит с песней по дворам
Дружбы караван
Ты всегда в душе моей
Независимый Казахстан
4 оқушы:
One among many countries
Native land mother
Native land universe
Native land Kazakhstan.
Отан деген – Атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан үлкен,
Қазақстан туған ел!
2 жүргізуші:
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл - ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Сондықтан Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Баршаларыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!
3 жүргізуші:
Independence is our happiness, generation issued by the great mercy of God, the eternal value of our people. So far all the achievements we have made thanks to the Independence. For 25 years the welfare of the country, has made huge work on modernization of the state language in our culture and in business. In our country of education, science, health, sport, particularly developing. Independence is the most sacred value for all Kazakhs". The beginning of this new era in the history of the Independence of the young state. Therefore, a special meaning of Independence. Congratulations with Independence day!!!
2 жүргізуші:
Под щедрым солнцем золотым
Под ясным небом голубым
Мой флаг и герб в себя вобрали
Весь мир степей – родные дали
Моя Родина – Отан,
Край любимый Казахстан
Горы, степи и поля -
Это вся моя земля
1 - жүргізуші:
Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Егемендік иесі «мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған.
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

«Қамажай» биі
Ендеше экранға назар аударайық, балалар сіздермен бірге Chess game ойыны ойнатылады.
1991 жылы 16 желтоқсан әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды
Дамуымыз керек енді қарқынмен
Уақытымыз есептеулі алтынмен.
Тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіріп,
Өркендейміз ата - баба салтымен.
Жас ұландар терең білім меңгерген,
Ауру - сырқат дұрыс жолмен емделген.
Жыл сайынғы Елбасының жолдауы
Халқыма жігер берген, дем берген.
Астанамыз, бар қаламыз гүлденіп,
Келе жатыр жылдан - жылға түрленіп,
Тәуелсіздік арқасында үкімет
Жатыр міне, барлығына үлгеріп.
Сүйінші елім, тәуелсіз елім, сүйінші
Көкейден күй, көмейден жыр құйылды.
Елу алты ел бас қосатын жиында.
Төрағалық қазағыма бұйырады.
Төбем көкке жетпей қалды бір елі,
Енді міне бүкіл әлем біледі
Қазақ деген жомарт халық емеспе,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан
Бізге қарап жол түзейді адасқан.
Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,
Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.
Қалықтасын көгімізде қыран құс,
Ерлігіміз болсын елге жыр - аңыз.
Ата - бабам армандаған сан ғасыр,
Тәуелсіздікке тәубе, тәубе мың алғыс.
Дәлелденді тура адал жолымыз,
Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.
Ер Нұр - аға, тек қана алға бастаңыз,
Біз ереміз, сіз аман – сау болыңыз!
1 жүргізуші:
Сіздер Отанымыздың ұрпақтарысыздар! Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сіздер болмақсыздар! Өз еліміздің өркендеп дамуына қосар үлесіміз орасан зор. Қазақ елінің әрбір азаматы еліне деген сүйіспеншілік қасиетін бойына сіңіріп өссе, елін, жерін қорғай біледі деп ойлаймын.
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім.
Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймыз!
Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын!
Қайта өрлеу кезеңінің жылнамасы
1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы болып қайта аталды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.
1991 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елдің Туы, Елтаңбасы және Гимні қабылданды.
1991 жылдың 22 тамызында Президент Жарлығымен Семейядролық полигоны жабылды.
1993 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заң қабылданды.
1998 жылдың 28 қаңтарында егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды.
1993 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге енгізілді.
1993 жылдың 17 желтоқсанында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды.
1995 жылдың 1 қаңтарында халықты құжаттандыру ҚР жеке куәлігі мен паспорты арқылы басталды.
1996 жылдың 16 желтоқсанында Алматыдатәуелсіздік монументі ашылды.
2007 жылдың 16 қаңтарында барлық қазақ тілін үйренем деушілерді тегін оқыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама іске асырыла бастады.
Жасампаздық жылнамасы
1991 жылдың 2 қазанында қазақстандық алғашқы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-ға кірді.
1996 жылдың 1 мамырында республика алғаш рет Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтті.
1999 жылдың 26 ақпанында ТМД елдерінің басшылары Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімге қол қойды.
2011 жылдың 11 қыркүйегінде Америка тарабының өтініші бойынша Иракқа қазақстандық инженерлік-саперлік жасағы Ирактағы жағдайды тұрақтандыру бойынша көмек көрсету үшін жіберілді. Бейбітшілік сақтау миссиясын орындау уақытында жасақ 3 млн.-нан астам жарылғыш заттарды залалсыздандырды және ауруханалар, мектептер мен басқа да обьектілерде қызмет ете бастады.
2001 жылдың 22-25 қыркүйегі аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен Рим Папасы Иоанн Павел ІІ келді.
2002 жылдың 17 қазанында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанға іссапармен келген БҰҰ Хатшысы Кофи Аннанмен кездесті.
2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық дін көшбасшыларының І съезі өтті.
2011 жылдың 30 қаңтарында 7 Қысқы Азиада ойындарының салтанатты ашылуы болды.
2010 жылдың 1-2 желтоқсанында АстанадаҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінің зор жеңісіне айналған ЕҚЫҰ саммиті өтті.
2009 жылдың 29 маусымында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананыңмұнаралы мешітінің салу орнына ескерткіш капсуланы салу рәсіміне қатысты.


«Қарлығаш» тобының тәрбиеленушімен тәрбиеші Николаева Л.Н.
Гранитогор санаториялық
мектеп-интернатының
Д.Т.Ж.О. Д.Ж.Талманова
Келісемін:_______________
Гранитогор санаториялық мектеп-интернаты
Такырыбы
«Ғасырларға тең жылдар, жылдықтарға тең дәуір»
Тәрбиеші: Оспанова П.М.