Сабақтың ортасы: | мөлшерленген | (Б) «Жылдам орамал» («Көрінбейтін орамал») Сіздер «орамалды» тізелеріңнің астынан өткізіп, бір-біріңе «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деген сөздермен бересіздер. «Жүргізушінің» тапсырмасы – көрінбейтін орамал кімнің қолында екенін анықтап, сол оқушының есімін атау қажет. Дегенмен бұл айтарлықтай оңай емес! Өйткені шеңберде отырғандардың барлығы біріне-бірі «орамал» табыстаған секілді бір қимылды қайталап жасай береді. Және де «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деп қайталап отырады. «Жүргізуші», мысалы Марат дейік, бір ойыншының бөгеліп қалғанын байқап қалып, «Марат!» деп айқай салып, ойыншының иығынан түртеді. «Ұсталған» «жүргізушінің» орнын алмастырады. Егер де қателік туындап, «жүргізуші» шатасқан болса, онда ол кінәсіз Мараттың алдында өз кінәсін ән айтумен не тақпақ оқумен жуып-шаяды. (Б, Ф) «Қаршығалар және қарлығаштар». Ойынға саны шексіз оқушылар қатысады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, біріне-бірі арқамен қарайды. Бір топта қаршығалар, екінші топта қарлығаштар болады. Бір ойыншыны жүргізуші етіп таңдайды. Ол ойыншылардың арасында жүріп, сөздерді буынға бөліп айтады: қарлығаш – пауза – нүкте немесе қар..., ал сөздің аяғын айтпайды. Сол кезде, аты толығымен аталған топ жан-жаққа қаша бастайды, ал аты аталмаған топ ойыншылары оларды қуа жөнеледі. Қолға түскен ойыншылар ұстаушы топтың мүшесі болып саналады. | Кең алаң. Гимнастикалық төсеніштер, мұғалімге арналған ысқырғыштар. |