СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Та?ырыбы: «Ілік септік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:   «Ілік септік»                          

 Ма?саты:Білімділік:    Зат есімні? септелуі туралы білімдерін толы?тыру;

Ілік сепігі ж?не оны? с?ра?тары мен жал?аулары туралы білім ?алыптастыру;

Дамытушылы?:  С?здік ?орын байыту, с?йлем ішінен ілік септігінде т?р?ан с?здерді табу?а  ?йретуТ?рбиелік:  ?жыммен ж?мыс жасау?а, айналасында?ыларды ты?дай    

білуге, ?орытынды жасау?а, ойын жина?тау?а    машы?тандыру.

Саба?ты? т?рі:  Жа?а та?ырыпты т?сіндіру саба?ы

Саба?ты? ?діс-т?сілдері:  Топпен ж?мыс,  с?ра?-жауап, ойындар, жеке о?ушымен ж?мыс.Саба?ты? к?рнекілігі : Кесте, ?има ?а?аздар,суреттер.   

Саба?ты? ?ту барысы:?йымдастыру кезе?і.

-о?ушылар назарын саба??а аудару;о?ушыларды саба? ма?сатымен таныстыру.

   І. «К?рші?ді тексер»  (?й тапсырмасын тексеру)

?р о?ушы к?ршісіні? ?й тапсырмасын тексереді, ба?алайды

 ІІ. «?ткенге  шолу».

Септік атаулары

С?ра?тары

Септік жал?аулары

Атау септік

Кім? Не? 

 

Ілік септік

Кімні?? Нені??

-ны?, -ні?, -ды?, ді?, -ты?, -ті?,.

Барыс септік

Кімге? Неге? ?айда?

-?а, -ге, -?а, -ке.

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді,  -ты, -ті.

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те.

Шы?ыс септік

Кімнен? Неден?

-нан, -нен,  -дан, -ден,   -тан, -тен.

К?мектес септік

Кіммен? Немен?

-мен, -бен, -пен.

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген с?ра?тар?а жауап береді, с?йлемде бастауыш болады.          ?ар ?алы? жауды.

ІІІ. «Білгім келеді»?ле?ді м?нерлеп о?у, ?арамен жазыл?ан  с?здерді с?з ??рамына талдау, ?осымша ?ай септікте т?р?анын аны?тау.

Ата?-да?? ?алай шы?ады?

 

К?мірді? аты

Жанумен шы?ар.

Бал?аны? аты

?а?умен шы?ар.

Шегені? аты

Бекумен шы?ар.

?ашауды? аты

Шекумен шы?ар.

Батырды? аты

Же?умен шы?ар.

Жомартты? аты

Берумен шы?ар.

А?ынны? аты

Жырлаумен шы?ар.

Ш?кіртті? аты

Ты?даумен шы?ар.

 

 - ?арамен жазыл?ан с?здер т?бір с?зге  ілік септік жал?ауларыны? жал?ануы ар?ылы жасал?ан.

Т?ЙІН:  Ілік септіктегі зат есімдер кімні?? нені?? кімдерді?? нелерді??  деген с?ра?тар?а жауап береді.  Ілік септік жал?аулары: -ны?, -ні?, -ды?, ді?,  -ты?, -ті?.

О?улы?пен ж?мыс  19-жатты?у. М?тінді о?у, ?арамен жазыл?ан с?здерді с?з ??рамына талда. Б?л с?здер ?андай с?ра??а жауап береді?

20-жатты?у. Жа?ылтпашты жат?а жаз.

А?ынны? батылдыра?ын айт,

Батырды? а?ылдыра?ын,

?стазды? сабырлыра?ын айт,

Ш?кіртті? ал?ырлыра?ын айт.

Кімні?? С?ра?ына жауап беретін с?здерді тауып, жал?ауларды тиісті белгімен белгіле.

       Жа?ылтпашты жат?а айт.

21-жатты?у.

1.Атадан жа?сы ?л туса,        2.  Шеберді? ?олы орта?,

 Еліні? ?амын жейді.                Шешенні? с?зі орта?.   Атадан жаман?л туса,           3.   Бітер істі? басына, жа?сы келер ?асына.

 Еліні?  малын жейді.              4.   Ер – елді? баласы, жер – елді? анасы.          

Тапсырма :

? Ілік септікте т?р?ан с?здерді тап.

? Еліні? – елді? с?здеріне ілік септік жал?ауларыны? ?р т?рлі жал?ану себебі неге?

Топты? ж?мыс

1 – топ              2 – топ            3 – топ

   ?ыз                 сыр?ана?          отбасы

   Тапсырма :

  Берілген с?здер ілік септікте т?ратындай етіп с?йлем ??рап жаз.

Кестемен ж?мыс. 22-жатты?у

С?йлемдерді к?шіріп жазу. Оларды? с?йлемде ?андай м?ше болып т?р?анын айту.

                                                                       Ол кімні??(нені??) с?ра?ына

Б?л-ілік септіктегі                                         жауап беріп т?р.

с?з, ?йткені

                                                                         ол с?йлемде т?рлаусыз м?ше

                                                                         болып т?р.

•кестені пайдаланып, ойын д?лелдей білуге ?йрету

  ІV.   «Білгені?ді пайдалан»   (Саба?ты бекіту)

А)  Ма?алдарды  ілік септікте т?р?ан ?ажет с?зді ?ойып  к?шіріп жазу:

Ту?ан   ...   т?тіні де ысты?.

...   ?зегі талмас.

Ас -   ...   ар?ауы.

...   шиесін шын шы?арады.

 ?ажетті с?здер:  ?нерліні?, адамны?, жерді?, ?тірікті?

?)   С?йлемдерді  жа?ша ішіндегі зат есімді ілік септігіне ?ойып, к?шіріп жазу.

      1. (??ндыз) терісі аса ??нды болады.  2. (Шебер) ?олы – алтын. 3. (С?уле)  ?жесі ауылдан келді.  4. (Шош?а) к?зі нашар к?реді. Есесіне дыбысты жа?сы естиді ж?не иіс сезгіш.

VІ.  «Не ?йрендік? Не білдік?»  (Саба?ты ?орытындылау)А) «Д?рысын тап!» ойыны - 

Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? с?ра?тарына жауап береді.

Атау септік жал?аулары: -ны?, -ні?, -ды?, ді?, -ты?, -ті?.

?) Венн диаграммасы

              Атау                                                             Ілік                                                                                                   Ілік

 

VІІ.  Ба?алау

?йге тапсырма:23,24-жатты?у: М?тінді т?сініп о?у, ат ?ою.

М?тіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, с?ра? ?ою.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Ілік септік»»

Пән: математика

Уақыт:11.01.2014

Сынып: 4в

Сынып жетекші: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Санды қосындыға көбейту және көбейтіндіге бөлу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларды санды қосындыға көбейту және көбейтіндіге бөлуді меңгерту‚ ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық

қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Қызығушылықты оятуЛогикалық есеп

*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? 2 сағат
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді? 40 шақырым
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? 4 минут
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? Екеуі тең
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? алмұрт
*Бір айда 5 жексенбі бола ма? Болады
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз? Үш

Жаңа сабақ. Сабақ мақсатымен таныстыру. Оқушыларды санды екі таңбалы санға көбейту мен бөлу

1–тапсырма.

14×15=14×(10+5)=14×10+14×5=140+70=210

210:14=210: (7×2)=210:7:2=30:2=15

2–тапсырма.

60×43=60×(40+3)=60×40+60×3=2400+180=2580

2580:60=2580:(10×6)=2580:10:6=258:6=43

3–тапсырма.

25×18=25×(10+8)= 450 70×56=70×(50+6)=3920

450:18=450:(9×2)= 25 3920:70=3920:(10×7)=56

(45×10):10=45×(10:10)= 45 (45×10):=(45:9)×10=450

4–тапсырма.

24×35=24×(30+5)= 840 80×32=80×(30+2)=2560

840:35=840:(7×5)= 24 2560:32=2560: (8×4)=80

5–тапсырмалар. Есептер.

Шебер 1 сағатта – 20 бұйым

Үйренуші – 15 бұйым

3 сағатта‚ 8 сағатта‚ 24 сағатта неше бұйым жасайды?

(20+15)×3=105

(20+15)×8=280

(20+15)×24=720

Ж: 3 сағатта 105 бұйым‚ 8 сағатта 280 бұйым‚ 24 сағатта 720 бұйым жасайды.


8.

6 т 8 ц × 7 т 80 кг 6 м 59 см × 5 м 55 см

50 км 100 м × 5100 м 35 ц × 5 т 3 ц

25×10+25×7 * 17 × 25 28×6×10* 28 × 60

120 : 4 × 2 × 6 80 × (5+4) × 80 ×5+80

9. Теңдеулерді шеш.


10×х=8×25

10×х=200

х=200:10

х=20

10×20=8×25

Х:20=4800:80

Х:20=60

Х=60•20

х=1200

1200:20=4800:80

(х–380)×50=2000

х–380=2000:50

х–380=40

х=380+40

х=420

(420–380)×50=2000

(х+8):70=4

х+8=70•4

х+8=280

х=280-8

х=272

(272+8):70=4


640:(25–х)=40

25+х=640:40

25+х=16

х=25-16

х=9

640:(25–9)=40


2700:(х–12)=90

Х-12=2700:90

Х-12=30

Х=30+12

х= 42

2700:(42–12)=90

Карточкамен жұмыс

№1 12 ∙ 2 = 24 13 ∙ 2 = 26 14 ∙ 2 = 28 15 ∙ 2 = 30 16 ∙ 2 = 32 17 ∙ 2 = 34

12 ∙ 3 = 36 13 ∙ 3 = 39 14 ∙ 3 = 32 15 ∙ 3 = 45 16 ∙ 3 = 48 17 ∙ 3 = 51

12 ∙ 4 = 48 13 ∙ 4 = 52 14 ∙ 4 = 56 15 ∙ 4 = 60 16 ∙ 4 = 64 17 ∙ 4 = 68

№2


Бір сөздің бағасы.

2 теңге

а теңге

3 теңге

b теңге

Жеделхаттағы сөздер саны

10

45

300

12

Жеделхаттың құны

20

а ∙ 45

900

b ∙ 12

3

1.Бір алма 5 балаға теңдей бөлінді.Әр бала алманың қандай бөлігін алды? 5/1

2. Әлияның 150 теңгесі бар.Ал Нәдірдің қолындағы ақшасы одан екі есе көп.Нәдірдің қанша ақшасы бар? 300тг

4

1.Әкемнің 1000 теңгесі болды,ол 45 теңгеден 4 тәтті нан сатып алды.Енді оның қолында қанша ақша қалды? 1000-(45*4)═820

2.Велосипедші сағатына 15 шақырым жылдамдықпен 60 шақырым жүріп өтті.Ол бұл жолды қанша уақытта жүріп өтті ? 60:15═4

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 5 -тапсырма (ә). Шығ. тапсырма.






Пән: қазақ тілі

Уақыт:11.01.2014

Сынып: 4в

Сынып жетекші: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы

Тақырыбы: «Ілік септік»

Мақсаты:Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;

Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйретуТәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай

білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға машықтандыру.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар, жеке оқушымен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі : Кесте, қима қағаздар,суреттер.

Сабақтың өту барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылар назарын сабаққа аудару;оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

І. «Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)

Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды

ІІ. «Өткенге шолу».

Септік атаулары

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? Не?


Ілік септік

Кімнің? Ненің?

-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те.

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен, -бен, -пен.

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады. Қар қалың жауды.

ІІІ. «Білгім келеді»Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.

Атақ-даңқ қалай шығады?

Көмірдің аты

Жанумен шығар.

Балғаның аты

Қағумен шығар.

Шегенің аты

Бекумен шығар.

Қашаудың аты

Шекумен шығар.

Батырдың аты

Жеңумен шығар.

Жомарттың аты

Берумен шығар.

Ақынның аты

Жырлаумен шығар.

Шәкірттің аты

Тыңдаумен шығар.

- қарамен жазылған сөздер түбір сөзге ілік септік жалғауларының жалғануы арқылы жасалған.

ТҮЙІН: Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

Оқулықпен жұмыс 19-жаттығу. Мәтінді оқу, Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?

20-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.

Ақынның батылдырағын айт,

Батырдың ақылдырағын,

Ұстаздың сабырлырағын айт,

Шәкірттің алғырлырағын айт.

Кімнің? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, жалғауларды тиісті белгімен белгіле.

Жаңылтпашты жатқа айт.

21-жаттығу.

1.Атадан жақсы ұл туса, 2. Шебердің қолы ортақ,

Елінің қамын жейді. Шешеннің сөзі ортақ.
Атадан жаманұл туса, 3. Бітер істің басына, жақсы келер қасына.

Елінің малын жейді. 4. Ер – елдің баласы, жер – елдің анасы.

Тапсырма :

● Ілік септікте тұрған сөздерді тап.

● Елінің – елдің сөздеріне ілік септік жалғауларының әр түрлі жалғану себебі неге?

Топтық жұмыс

1 – топ 2 – топ 3 – топ

Қыз сырғанақ отбасы

Тапсырма :

Берілген сөздер ілік септікте тұратындай етіп сөйлем құрап жаз.

Кестемен жұмыс. 22-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазу. Олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айту.

Ол кімнің?(ненің?) сұрағына

Бұл-ілік септіктегі жауап беріп тұр.

сөз, өйткені

ол сөйлемде тұрлаусыз мүше

болып тұр.

•кестені пайдаланып, ойын дәлелдей білуге үйрету

ІV. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)

А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:

Туған ... түтіні де ыстық.

... өзегі талмас.

Ас - ... арқауы.

... шиесін шын шығарады.

Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.

1. (Құндыз) терісі аса құнды болады. 2. (Шебер) қолы – алтын. 3. (Сәуле) әжесі ауылдан келді. 4. (Шошқа) көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.

VІ. «Не үйрендік? Не білдік?» (Сабақты қорытындылау)А) «Дұрысын тап!» ойыны -

Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап береді.

Атау септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

Ә) Венн диаграммасы

Атау Ілік Ілік


VІІ. Бағалау

Үйге тапсырма:23,24-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою.

Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою.

Пән: ана тілі

Уақыт:11.01.2014

Сынып: 4в

Сынып жетекші: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы

Сабақ тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов. Адасқан бала
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы білім алуға, алған білімін өмірде қолдана білуге, қамқорлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой түйіндеу, рөлге бөліп оқу, деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көшеде жүру ережесі, әдеп.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, қима қағаздар,
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз көшеде жүру ережелерін білеміз бе? Біз оны қалай үйрендік?
- Көшеде жүру ережелері сабақтарында, көшеде жүру ережелеріне арналған он күндікте, «Көшеде жүру ережелеріне» арналған кітаптардан және отбасымызбен машинада қыдырғанда. Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызды көшеде жүру ережелерін қайталай отырып, жол белгілерінің тапсырмаларын орындаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тағы бір ерекшелігі біз топқа бөлінеміз, топпен жұмыс жасаймыз. Енді әрбір топ өз тобының топ басшысын ақылдаса отырып сайласын. Дайын болсаңдар жинақталып, дайындалып алайық.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Жылу алған талайлар
Алтын күнде арай бар.
Қонақ болып келген бізге,
Армысыздар апайлар.
Өсіріп, ой сананы,
Үйренеміз жаңаны.
Бүгін бізде кезектегі
Ана тілі сабағы.
ІІІ. Бірінші жол белгісі тапсырмасы.
Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге? Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен? Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? Оның әрекетін дұрыс деп санайсың ба?

ІV. Екінші жол белгісі тапсырмасы.Мәтіннің негізгі ой идеясын, мазмұнын әңгімелеп, түйіндейік.(Әр топтан бір бала 2 - 3 сөйлемнен үй жұмысын қорытындылайды.)
V. Үшінші жол белгісі тапсырмасы.Кіріспе – көпір кезеңі.. Ой ашар.
- Балалар, біз бүгінгі тақырыбымызда бала туралы әңгімелейтін боламыз. Бүгін біз

Қ. Жұмаділовтың «Адасқан бала» әңгімесімен танысатын боламыз. Дәптерлеріңді ашып, күннің жадын, сабақ тақырыбын жазыңдар.
Төртінші жол белгісі тапсырмасы.
а) Автор туралы мәлімет.


Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965 - 67), "Жазушы" баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал "Жамал" тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімшіде шығатын "Шұғыла" журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері "Қаздар қайтып барады" (1967) атты әңгімелер жинағы, "Көкейкесті" (1969), "Соңғы қош" (1974 - 81,), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988,) романдары, "Соңғы көш" (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және "Дарабоз" (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - "Таңғажайып дүние" (1998) ғұмырнамалық, "Қылкөпір" (2003) романдары.
VІІ. Мағынаны тану. Бесінші жол белгісі тапсырмасы.
Мәтінмен жұмыс.
а) Мәтінді іштей оқу.
ә) Мәтінді тізбектей оқу.
б) Мәтінге жоспар құру.
в) Мәтін бөлімдері бойынша сөздік жұмыс жүргізу
г) Мәтіннен диалогты тауып, рөлмен оқу.
-Балалар, мәтіннің негізгі кейіпкерлері кім? Ол неше жаста? Сендер өз іні - қарындастарыңды қалай еркелетесіңдер?
VІІІ. Сергіту сәті: Поэзия минуты.
ІХ. Алтыншы жол белгісі тапсырмасы.
А. 1. Халық ауыз әдебиеті түрлерін ата.
2. “... ақ киізге отырғызып көтеріп, ел басқарған сұлтандар әр жақтан дауыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылығын, ержүректігін айтып тауыса алмайды” деген үзіндіде кім туралы айтылған.
3. Монолог дегеніміз не?
В. 1. Берілген мәтін шығарманың қай түріне жатады және ол кімге қатысты екенін айт.
“... ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.”
2. Торғай өңірінде алғаш мектеп ашқан кім?
3. Қымыз туралы не білеміз?
С. 1. Төмендегі сөйлемдер мағынасына қарай қай топқа жатады?
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
2. “Тасбақаның шөбі” әңгімесінің авторы кім? Тасбақаның шөбі туралы қандай халық ырымын білесіз?3. Қарабатырды құтқарған құсты ата.

Х. Жетінші жол белгісі тапсырмасы.
ІІ деңгей тапсырмалары.
A. “Адасқан бала” мәтінінің басты кейіпкеріне мінездеме бер.
В. Жәнібектің жоғалуына кім кінәлі деп ойлайсың? Дәлелде.
С. Жәнібек көшеде жүру ережесін біле ме? Оған кім үйретеді?
Д. Жол полициясы қызметкерімен Жәнібектің арасында болған әңгімені сахналау.
ХІ. Сегізінші жол белгісі тапсырмасы.
ІІІ деңгей тапсырмалары.
A. Мәтіннің негізгі ойы, идеясы қандай?
В. “Ұқсайсың жас балаға” қандай көркемдегіш сөз?
С. Берілген сөйлемдерден басқа тілдерден енген сөздерді табыңыз.
Троллейбуста адам аз екен. Ақыры ол қалалық милицияға телефон соқты. Таяуда ипподромнан көргендей құлдыраңдап шапқылап, үйді айналып шықты. Жако сияқты екі - үш “атты” подъезге кіргізді. Сол оймен тротуарға түсті де, жүгіре жөнелді.
Фамилияң қалай? Неше рет қайталаса да сержант ештеңе түсінбеді. Ал, адресіңді айтшы.
- Бассейнге барып шомылайық, - деді Алеша деген көк көз сары бала.
Д. Бәріміздің кішкентай іні - қарындастарымыз, сіңлілеріміз бар. Олардың Жако сияқты қиыншылыққа тап болмауы үшін не істер едің?
Мұғалім: Сендер келешекте адамға, қоршаған ортаға зияны тимейтін қандай машиналар ойлап табар едіңдер?
Оқушылар: Бумен, ауамен, күннің көзімен, батареямен жүретін машиналарды ойлап табар едік.
Мұғалім: - Балалар, жарайсыңдар, жол белгілерінің тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар. Айтыңдаршы, жолда жүру ережелерін қадағалайтын, жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін ат салысатын мамандық иелерін білесіңдер ме?
Оқушылар: - Ия, жол полициясы қызметкерлері.
Есіңде болсын!
Көше қауіпті оқиғаларға толы. Әрдайым көшеде жүру ережесін сақта. Өз достарыңа, іні - қарындастарыңа жол мен көше заңдарын үйрет. Себебі, үлкен де, кіші де, жаяу жүргінші де, жүргізуші де жол мен көше заңдарын жақсы білуі керек. Ал егер сен жол - көлік оқиғасына куә болған жағдайда ешқашанда саспа, үлкен адамдарды көмекке шақыр.
ХІІ. Бағалау.
ХІІІ. Үй жұмысы.













Пән: бейнелеу өнері

Уақыт:11.01.2014

Сынып: 4в

Сынып жетекші: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Cәндік ашық хат.

Мақсаты:Оқушыларға ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайындағы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Сәнді ашық хат түрлерімен таныса отырып, қағаздан ашық хат дайындауға үйрену.

2.Эстетикалық талғамдарын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Еңбекке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Түрі:Аралас сабақ

Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: сәнді ашық хаттар

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа әзірлеу

Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме.
/Кірпі/
Ешбір бұйым тікпеген,
Үсті толған көк тебен.
/Кірпі/
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстін түгел орайтын,
 Тоны ине қаулаған.
/Кірпі/

Мақсатын хабарлау

II Үй тапсырмасын тексеру

Үй жануарларын мүсіндеу тақырыбына сурет салу. Оқушыларды жеке-жеке тексеру.

III Жаңа сабақ

Слайд арқылы сәндік ашық хат түрлерін көрсете отырып,бүгін сабақта ашық хат жасап үйренеміз.Біз ашық хатты түрлі мейрамдарда, аналар мейрамында бір-бірімізге сыйлаймыз. Ашық хат ішіне көңілден шыққан жақсы тілектер жазылады.

IV Практикалық жұмыс

Оқушылардың назарын аударып,үлгіге қарап,бәріміз сәндік ашық хат жасаймыз.

Балалардың алдарына екі бүктелген түсті қағаз таратылады.

Үлгіге қарап балалар сәндік ашық хаттарын сәндейді. Сыртына гүл жасаймыз.

Бәрін әсемдеп болған соң,ішіне жақсы тілектер жазамыз.

Жұмысты толық аяқтаған оқушыларды бағалау.

V Сабақты бекіту.

Оқушылар, бәріміз сабақ барысында сәндік ашық хатты қалай жасау керектігін түсіндік. Енді бәріміз ашық хат жасап, бір-бірлеріңе мерекеде табыс етулеріңе болады.

1.Сәндік ашық хат дегенді кім қалай түсінді?

2. Сәндік ашық хатты біз қалай қолданамыз?


























12.01.2015

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға бөлу алггоритмі34*23,782;24


Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлуді меңгерту.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі. Баған түріндегі көбейту мен бөлу үлгісі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқушыларды санды екі таңбалы санға көбейту мен бөлу


14×15=14×(10+5)=14×10+14×5=140+70=210

210:14=210: (7×2)=210:7:2=30:2=15


1–тапсырма.

84×9=(80+4)×9= 756 75×6=(70+5)×6=450


2–тапсырма.

756:9=(720+36):9= 84 450:6=(420+30:6=75

3–тапсырма.

Көбейткіштерді баған түрінде көбейту.


84 756 9

×

9


4–тапсырма.

450:6=

450:75

450 6 450 75



5. Бөлуді орында және тексер.

592:74 =8 268:67=4 522:6=87 576:9=64

342:57=6 498.83=6 432:8=54 378:7=54



6. Қалдықпен бөлу.

655:74 297:67 580:65 590:95


7. Есептерді шығар.

1 масақта – 75 дән

10 масақта – ? дән

75×10=750 (дән) – 10 масақта

Ж: 10 масақта 750 дән бар.


Үйрек жылд.– 96 км/сағ ? есе артық

Шағала жылд.– 48 км /сағ

96:48=2

Ж: Үйректің жылдамдығы 2 есе артық.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 9 -тапсырма Шығ. тапсырма.





























Уақыты.13.01.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алггоритмі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлуді пысықтау.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

  1. Оқушыларды санды екі таңбалы санға көбейту мен бөлу

  2. Оқушыларға жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлуді пысықтау.


1. Түсіндірме мәтінмен жұмыс.

34×23=34×(20+3)=34×20+34×3=680+102=782

34 34 102

× 3 ×20 + 680

––– –––– –––––

102 680 782


102–бірінші толымсыз көбейтіндінің мәні

680 немесе 68 ондық. – екінші толымсыз көбейтіндінің мәні

Олардың қосындысы 34 пен 23–тің көбейтіндісінің мәні – 782


  1. Екі таңбалы санға баған түрінде жазып көбейткенде бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін ондықтың астынан бастап солға қарай жазады.

  2. Екінші толымсыз көбейтіндінің мәнін ондықтың астынан бастап солға қарай жазады.

  3. Толымсыз көбейтінділердің мәнін қосады.



34–ті 23–ке көбейтуді бөлумен тексер.

34×23=782

782:34 немесе 782:23


782 34 782 23

– 68 23

102

– 102

0

3. Көбейту мен бөлудің орындалуын түсіндіре отырып жазу.

74 4588 62

× 62 – 434 74

  1. 248

+444 – 248

4588 0

4. Амалдарды орында және тексер.

952:34=28 832:32 =26

24×12=288 17×23=391


6..Қалдықпен бөлуді орында.

4092:56 4097:73 3398:64 3395:53


7. Есептер.

Картоп – 110 кг

Капуста – ? кг‚ картоптан 20 кг кем ? кг көкөніс жұмсалады

Пияз – ? кг‚ картоптан 10 есе кем

110+(110–20)+(110:10)=211 (кг) – барлығы

Ж: асханаға барлығы 211 килограмм көкөніс жұмсалады.

9–тапсырманы өз бетінше жұмыс ретінде орындау.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 5‚ 8 -тапсырма Шығ. тапсырма.






















Уақыты:14.01.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және

бөлу алгоритмі.64*48,3072;64


Сабақтың мақсаты:

Білімділік Жазбаша көбейту мен бөлуге байланысты оқушылардың білімін тиянақтау. Есептерді салстыру арқылы шешу жолдарын түсіндіру‚ пысықтау.

Дамытушылық: Өзара кері есептер тобын шығару дағдыларын және ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамту. Өзіндік жұмыс дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-

қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ.

1. Амалды орында және тексер:

304 : 14=21 (қ.10) 976 : 23 34 х 13 18 х 32

2. Көбейтуді орында және көбейтіндінің мәнін бірінші және екінші көбейткіштерге бөлу арқылы тексер:

85 х 6=510 510:85=6 510:6=85

76 х 8 =608 608:76=8 608:8=76

3. Жолаушы 3 сағат автобуспен және 2 сағат жүк машинасымен барлығы 300 км жол жүрді. Егер автобус пен жүк машинасының жылдамдықтары бірдей болса‚ онда жолаушы автобуспен неше километр жүрді? Жүк машинасымен ше?


Барлығы – 300 км жол

Автобуспен – 3 сағ.

Жүк машинамен – 2 сағ.

300:( 3+2)×3=180 (км) – автобуспен

300: (3+2)×2=120 (км) – жүк машинасымен

Ж: жолаушы автобуспен 180 километр, жүк машинасымен 120 километр жол жүрді.


4. а) Жылыжайдың әр квадрат метр жерінен 31 кг көкөніс алынды. 400м жерден қанша көкөніс алынды?

Жауабы: 400×31=12400 (кг)


ә) Әр квадрат метр жерде 5 кг қар жатса‚ ұзындығы 15 м‚ ені 6 м үйдің төбесінде қанша қар жатады?

Жауабы: 15×6×5=450 (кг)


5. а) Ұзындығы 20 м‚ ауданы 200 м волейбол ойнайтын тік төртбұрышты алаңның енін

тап.

Жауабы: 200:20=10 (м)


ә) Тік төртбұрышты алаңды айналдыра тартылған қоршаудың ұзындығы 60 м.

Алаңның ені 10 м. Алаңның ұзындығын тап.

Жауабы: 60:2–10=20 (м)


6. Бірінші кесіндінің ұзындығы 15 см‚ екіншісінікі мұның үштен біріндей. Үшінші кесіндінің ұзындығы бірінші және екінші кесінді ұзындықтарының қосындысындай.

Үшінші кесіндінің ұзындығын тап.

Жауабы:

15:3=5 (см) – екінші кесінді

15+5=20 (см) – үшінші кесінді


7. а) Шаршы тәріздес бақшаның ауданы 900 м. Бақшаның ұзындығы неше метр?

Ені ше?

Жауабы: Ұзындығы мен ені 30 м–ден. Дәлелдеу. 30×30=900 (м)


ә) Шаршы тәріздес бақшаның периметрі 120 м. Бақшаның ені неше метр?

Ұзындығы ше?

Жауабы: Шаршының ұзындығы мен ені тең. 120:4=30 (м)


9. а) Қабырғалары 2 см 5мм және 1 см 1 мм тік төртбұрыш сал.

ә) Қабырғасы 1 см 7 мм шаршы сал.

б) Радиусы 2 см 2 мм дөңгелек сыз.

в) Радиусы 1 см 8 мм шеңбер сыз.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 8 –тапсырма, шығ. тапсырма.







Уақыты:15.01.2015 ж\

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және

бөлу алгоритмі.537*48, 5776;48


Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлуді. Толымсыз көбейтінді, толымсыз бөлінгіш туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі. Баған түріндегі көбейту мен бөлу үлгісі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

1. а) Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндір: 64 х 48

Неше толымсыз көбейтіндінің мәнін таптың? Неліктен? Оларды қандай ретпен жаздың?

ә) 3072 : 64 мысалында бөлудің қалай орындалатынын қарастырайық.

3072 64

– 256 48

512

– 512

0

2. Бөлуді орында және оны тексер:

5561 : 67=83

83×67=5561

2496 . 48 5561 : 83 2496 : 52

3. Қалдықпен бөлуді орында:

5627 : 64 6489 : 48 5512 : 83 2471 : 52


5627 64

–512 87

507

–448

59


4. Нан зауыты 430 центнерден 10 вагон арпа ұнын және 500 центнерден 7 вагон бидай

ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа ұны бидай ұнынан қанша

артық?

Арпа ұны – 430 ц–ден 10 вагон ? артық

Бидай ұны – 500 ц–ден 7 вагон ? ұн


430×10+500×7=7800 (ц) – барлығы

430×10–500×7= 800 (ц)

Жауабы: барлығы 7800 ц ұн қабылдады, арпа ұны 800 кг–ға артық


5. Автобус жолда 4 сағат болып

300 м, үшінші сағатта 71 км 700 м жүрді. Автобус төртінші сағатта қанша жол жүрген?


6. Теңдеулерді шеш:

а + 3019 = 5240 а – 1025 = 2220 х× 84 = 2940 а : 27 = 5870

Ж: а=2221 Ж: а=3245 Ж: х=35 Ж: а=158490


8. Үшбұрыштың қабырғалары х см, 5 см және 3 см, ал периметрі 12 см. Теңдеу құрып,

үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап.

х+5+3=12

х+8=12

х=12–8

х=4

4+5+3=12

12=12


9. Тез есептеп үйрен:

500 х 2 : 1000 х 20 – 20 + 5007 32 х 40 : 10 : 32 : 4 х 2492 – 2492


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 7 –тапсырма, шығ. тапсырма.