СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Сөз таптары Пәні: Қазақ тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: Сөз таптарымен таныстыру, сөз таптары туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

1)    Сөз таптары туралы түсінік беру

2)    Сауатты жазуға дағдыландыру.

3)    Көркем жазуға баулу

4)    Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасеттерін дамыту.

5)    Сөздік қорларын молайту

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Сөз таптары Пәні: Қазақ тілі»

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарымен таныстыру, сөз таптары туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

1)    Сөз таптары туралы түсінік беру

2)    Сауатты жазуға дағдыландыру.

3)    Көркем жазуға баулу

4)    Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасеттерін дамыту.

5)    Сөздік қорларын молайту

6)    Ұлы адамдардың өмірінен ғибрат алуға, ісін өнеге тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:сөзжұмбақ жазылған плакат, кесте, таратпа материалдар, тест жұмыстары, үйдің суреті, күлкі бейнеленген дөңгелектер.

 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Арайлап бүгін  таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Тілеймін сендерге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.

Жайнай түсті даламыз ,

Жарқырайды қаламыз.

Қуанышты күн бүгін  !

—                                                  Балалар алдымен біз айналадағы  қоршаған ортамен және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп, құрметпен қарсы алайық.

Армысыз  қайырымды аспан — ата !

Армысыз мейірімді жер – ана!

Армысыз шұғылалы алтын – күнім !

Армысыздар құрметті қонақтар!

Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.  Бүгінгі сабақта өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сонымен балалар  мен сендерге үйге өткен тақырыптағы ережелерді қайталап, жаттап келуге бергенмін.Қазір біз өткен тақырыптар бойынша сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақтағы жасырын сөзді табу арқылы біз  «Достық» үйінің есігін ашамыз.

— Ал, балалар, осындай «Достық» үйіне кіргілерің келе ме?

— Иә.