СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Тәуелсіз елдің- ұланымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертеңгілік мақсаты: Балаларға отан туралы түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Тәуелсіз елдің- ұланымыз"»


1.Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.
2.Ертеңгілік: 14.11.2017ж. Акт залы.

4.Балалардың саны: (26 ұл-қыз, 11-ұл, 15-қыз)

5. Ата-аналармен балаларға.

6.Тәрбиеші: Ф.С. Тажибаева.

7.Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту.
Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру, шығармашылық қиялын дамыту.
көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
8.Көрнекіліктер: Ту, шарлар, орындық, кілем

9.Теледидар, флешка.

10.Слайд шоу: 16-желтоқсан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күні ,

11.И.Ескендір. «Көк тудың желбірегені»

12. № 1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны.

2 «Балапан» тобының жүріп өтуі.

3 Тақпақтар.

4 Би.«Матрешки биі»

5 Ән. «Қазақстан бақытты» Р. Мамытов Дәулетова Зубаржадтың орындауында.

6 Тақпақтар

7 Би. «Қанқыз» Әні: Воленко В, Пелинягра В.И. Сөзі: Воленко В. жауапты Тажибаева Ф.С.

8 Тақпақтар.

9 Ән. «Ойыншықтар» Жұлдыз тобы.

10 Ұлдар биі. «Батырлар» Құлыншақ тобы, жауапты Тажибаева Ф.С.

11 «Көк тудың желбірегені»

Құлыншақ тобы.

Жүргізу барысы:

Сахнаға «Құлыншақ» тобын шақырамыз.(26- ұл мен қыз)

Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Тәуелсіздік, сен демісің халқымның,

Қайта өрлеуі, жаңғыруы салтымның.

Бір өзіңнен басталады арнасы,

Егемен боп шарықтауы даңқымның!

дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
№ 1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны.

Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

Әнін Жазған: Ш.Қалдаяқов. (Балалардың орындауында Әнұран)

Жүргізуші:

2 «Балапан» тобының бүлдіршіндерін сахнаға шақырамыз. (Қолдарында шарлары мен сахнаға келеді)

3 Тақпақтар

(Құлыншақ тобы.)


1. Аружан:

Отан-менің ата-анам.
Отан-досым, бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым. 
2.Дария:

Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика ән ұраны.
3.Сезім:

16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан, 
Атамменен барғанмын. 4. Серік:

Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.

Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,

Ұлы достық.

Нұрлы достық,

Күн достық.

Достық деген қасиетті ұранға,

Кең даланың жүрегі де үн қосты.

Биші қыздар биімен де үн қосты.

4 Би. «Матрешки биі»

(Күншуақ тобы.Айша, Асылай, Інжу, Нурия, Айзере.)

-Жақсы біледі екенсіңдер, ендеше Отан туралы бір ән орындап берейік.

5 Ән. “Қазақстан бақытты” (Дәулетова Зубаржадтың орындауында.)

Жүргізуші:

Туған елім, туған жерім – тірегім

Сен дегенде елжірейді жүрегім

Туған жерім – жүз шайырдың мекені

Арқашанда мақтан етіп жүремін.

6 Тақпақтар

(Құлыншақ тобы.)

5. Еркежан:

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлы той.
6.Аяжан:

16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан,
Шырқатып ән саламыз.

7.Асхат:

Әйнегі - күн, шатыры - аспан
Кең дала, төсегі толқыған есік.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан - Республикам менің.

Жүргізуші:
Сахнада 3-4 топтың қыздарының орындауында «Қанқыз» биін тамашалаңыздар.

7 Би. «Қанқыз»

(Назерке, Даяна, Кәусар, Айсезім, Айғаным, Нұрай, Асылай, Айдана, жауапты Тажибаева Ф.С.)

Жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-мәңгі тақырып. Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін тарихы ол! «Желтоқсан желі» осы кезеңде інгәләп дүниеге келген ән. Ендеше Отан жайлы тақпаққа кезек берейік.

8 Тақпақтар.

(Құлыншақ тобы.)

9.Нұрасыл:

Отан-атам,
Отан-әкем!
Осы сөзім қате неге екен?
Қате болса,
Неге біздер.
Дейміз оны Атамекен.
10.Нұрым:

Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.

8.Қасым:

Отан-асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.

Жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.

Өкініш пе, білмеймін қуанышпа,

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

9 Ән. «Ойыншықтар» (Жұлдыз тобы. Айару, Ислам, Наргиз, Фатима, Айкерім.)

Жүргізуші:

Ал халайық, халайық,

Әндетейiк, жырлайық.

Ортамызды жаңғыртып,

Думандатып, би билеп,

Iнжу – Маржан шашайық.

Сахнада ұлдарымыздың орындауында «Батырлар» биін тамашалаңыздар.

10 Ұлдар биі. «Батырлар»

(Ернұр, Рахым, Нұрым, Нұрасыл, Дмитрий, Владислав, Нұртуған «Құлыншақ» тобы, жауапты Тажибаева Ф.С.)

Жүргізуші:

Қазақпын еңселі елмін егеменді,

Кеңейтіп кең әлемге керегемді.

Мұхиттың аржағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы- құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам деп балалардың орындауында

11 «Көк тудың желбірегені»

(Құлыншақ тобы.)

Жүргізуші:

Құрметті Отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен байлық, Отанымыздың гүлденуі жолында табыстар тілейміз! Тамаша жерімізде әрдайым бейбітшілік, достық және халықтар арасындағы түсіністік бола берсін!




















«Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.


1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны.

Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

Әнін Жазған: Ш.Қалдаяқов.

Жүргізуші:

2 «Балапан» тобының бүлдіршіндерін сахнаға шақырамыз.


3 Тақпақтар

1. Аружан:

Отан-менің ата-анам.
Отан-досым, бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым. 
2.Дария:

Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика ән ұраны.
3.Сезім:

16-шы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан, 
Атамменен барғанмын. 4. Серік:

Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.

Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,

Ұлы достық.

Нұрлы достық,

Күн достық.

Достық деген қасиетті ұранға,

Кең даланың жүрегі де үн қосты.

Биші қыздар биімен де үн қосты.

4 Би. «Матрешки биі»

-Жақсы біледі екенсіңдер, ендеше Отан туралы бір ән орындап берейік.

5 Ән. “Қазақстан бақытты” (Дәулетова Зубаржадтың орындауында)

Жүргізуші:

Туған елім, туған жерім – тірегім

Сен дегенде елжірейді жүрегім

Туған жерім – жүз шайырдың мекені

Арқашанда мақтан етіп жүремін.

Жүргізуші:
Сахнада 3-4 топтың қыздарының орындауында «Қанқыз» биін тамашалаңыздар.

7 Би. «Қанқыз»

Жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі-мәңгі тақырып. Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін тарихы ол! «Желтоқсан желі» осы кезеңде інгәләп дүниеге келген ән. Ендеше Отан жайлы тақпаққа кезек берейік.

8 Тақпақтар.

9.Нұрасыл:

Отан-атам,
Отан-әкем!
Осы сөзім қате неге екен?
Қате болса,
Неге біздер.
Дейміз оны Атамекен.
10.Нұрым:

Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.

8.Қасым:

Отан-асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз.

Жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.

Өкініш пе, білмеймін қуанышпа,

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

9 Ән. «Ойыншықтар»

Жүргізуші:

Ал халайық, халайық,

Әндетейiк, жырлайық.

Ортамызды жаңғыртып,

Думандатып, би билеп,

Iнжу – Маржан шашайық.

10 Ұлдар биі. «Батырлар»

Жүргізуші:

Қазақпын еңселі елмін егеменді,

Кеңейтіп кең әлемге керегемді.

Мұхиттың аржағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы- құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам деп балалардың орындауында

11 «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші:

Құрметті Отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!









































1.Тақырыбы: «Армысың, Алтын күз!»

2. Ертеңлік:

3. 09.11.2017ж. Ән-саз бөлмесі.

4. Балаларды ң саны: (13 ұл-қыз, 7-қызбала би, 6-ұлбала тақпақ,)

5. Ата-аналармен балаларға.

6. Тәрбиешілер: Ф.С.ТажибеваЗ.А Бухарбаева

7. Кейіпкерлер.(«Алтын күз», Қоян, Саңырауқұлақ,)

8.Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

9.Көрнекіліктер:Ән-саз бөлмесінің іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

10.Теледидар, флешка.

11.Жеміс-жидектер, жапырақтар, себеттер.

12.Б.Бейсенова «Алтын күз», «Жау жау, жаңбыр» әндері, А.Қалаубаева «Көңілді күн» әні.

13. №1. Ән. «Жау жау жаңбыр» Б. Бейсенова. №2.Тақпақтар, №3. Би. (Жапырақтар, Ф.Шопен «Весенний вальс») №4. Ойын. (Кім жылдам), Ойын ата-аналармен (Дәмін қарай ажырат) ойыны.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Армысың, Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық. (Б.Бейсенова «Жау,жау жаңбыр» әуенімен Күз ханшайымы ортаға келеді)

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынғамалынған,Алтын күздеген мен болам.Армысыздар ,құрметтіқонақтар, кішкентайбүлдіршіндер! Мен мерекегекешігіпқалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші:Шоғытолғангүлдейжайнап

Шақырадыжарқынжүз

Сайрандағанкүліп-ойнап,

Келдіміне Алтын күз!

Күз:Балалар, сендердікөргенімеқуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не? (Жапырақ)

Балалар:Жапырақ.

Күз:Дұрыстаптындар, жарайсындар!


Жүргізуші: Алтын күз ,біздіңбалаларкүзтуралыөлен, тақпақтарбіледі. Сізжайланыпотырып, балалардыңөнерінтамашалаңыз.


1.Ән.«Жау, жау Жаңбыр»

(Балалардың орындауында)

2.Тақпақтар.

1.Темірлан: (Қарбыз)

Қарбыз, қарбыз, қарбыздар

Балдай тәтті қарбыз бар.

2.Жанель: (Бидай)

Алтын астық айнала

Далама менің сыймайды.

3.И.Адина: (Пияз)

Асханадан шықпаймын,

Атым – пияз бұқпаймын.

4.К.Адина (Қызанақ)

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ.

5.Жания: (Картоп)

Картоп – менің атым,

Жер астында жатамын.

6.Азамат (Сәбіз)

Өсіретін бойымды,

Дамытатын ойымды.

7.Ақжан: (Алма)

Мен –Алмамын , алмамын

Таңдай татар бал дәмім.

8.Ринат: (Қауын)

Қауын деген сары алтын.

Жүргізуші:

Қызыл, жасыл, сары алтындай,
Жапырақтар күздің көркі.
Ойланайық, толғанайық,
Әсем әнге елітіп!

3. Би: «Жапырақтар»(Адина, Жанель, Айнара, Кәусар, Аружан,Айкөркем, Әнел)

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.


4.Ойын «Кім жылдам»

(Әуен ойналады, А.Калаубаева «Көңілді күн).

Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады.   

1.Ерасыл: (Алмұрт )                    

Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.                  

2.Нұрдәулет: (Жүзім)                       

Мен жүзіммін, жүзіммін

 Моншақ болып тізілдім .                     

3.Бағдәулет: (Өрік)                          

Мен өрікпін, өрікпін

 Табиғатқа көрікпін.                           

4.Айнара:(Алма)                       Мен алмамын, алмамын

 Тандайда қалар бәр дәмім.                  

Жүргізуші: Жарайсыңдар!Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

Ата-аналармен ойын: «Дәміне қарай ажырат» Ойының шарты: Көздерін орамалмен жауып ауыздарына салу.
Алдындағы жемістер мен көкөністерді ажрату. Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Армысың Алтын күз!» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі кездескенше дейін сау болыңыздар!Ата – аналарға көп – көп рахмет.