СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: 1ден 10 ға дейінгі сандар.Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:  «Таным»

Пән:  ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Жер – Ана»

Тақырыбы:  1ден  10 ға дейінгі сандар.Геометриялық  шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу

Мақсаттары:1. Тәрбиелік: Ақыл ой  белсенділігін күшейту, шапшандылыққа , дәлдікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Он санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру.

3.Оқыту: Он санынан бастап бір бірден шегеріп отырып,кері қарай 0 ге дейін, о ден ,он ға дейін ауызша, жазбаша тура санай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: теледидар, компьютер, тақырыпқа сай слайдтар, суреттер

 Көптілдік компонент: шар – круг- circle, текше – куб- cube, цилиндр- cylinder, пирамида- pyramid.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: 1ден 10 ға дейінгі сандар.Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу»

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Жер – Ана»

Тақырыбы: 1ден 10 ға дейінгі сандар.Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу

Мақсаттары:1. Тәрбиелік: Ақыл ой белсенділігін күшейту, шапшандылыққа , дәлдікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Он санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру.

3.Оқыту: Он санынан бастап бір бірден шегеріп отырып,кері қарай 0 ге дейін, о ден ,он ға дейін ауызша, жазбаша тура санай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: теледидар, компьютер, тақырыпқа сай слайдтар, суреттер

Көптілдік компонент: шар – круг- circle, текше – куб- cube, цилиндр- cylinder, пирамида- pyramid.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Сәлеметсіздер ме!

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай түсті қаламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн, апайлар!

Сәлем! Сәлем! Сәлем! Балалар тәрбиешімен бірге көтеріңкі көңіл - күймен шаттық шеңберін орындайды.

2.Негізі бөлімі: - Балалар, сендер нешеге дейінгі сандарды тура және кері санауды, қосып азайтуды үйрендіңдер?

- Ендеше маған қазақ, орыс, ағылшын тілінде 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері кім санап береді?

- Жарайсыңдар. / жұлдызша, төртбұрыштармен мадақтаймын /

- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар?

- Бұл жай пойыз емес, «Көңілді пойыз»

Қазір «Көңілді пойыз» ойынын ойнаймыз.Мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қосып азайтуға байланысты алған білімдерін бекіту.Пойызға жолаушылар мінеді. Бірақ біздің бүгінгі жолаушыларымыз аңдар. Тапсырма, аңдарды ретімен өз вагондарына отырғызу керек. Паровозға артылған вагондар саны 10. Жолаушыларды тапсырманы дұрыс орындап, вагондарға отырғызайық.

1 - вагон 2 - 1=1 Арыстан

2 - вагон 4 - 2 = 2 Піл

3 - вагон 0+3 = 3 Керік

4 - вагон 5 - 1 = 4 Түлкі

5 - вагон 2+3= 5 Қоян

6 - вагон 3+3= 6 Мысық

7 - вагон 8 - 1= 7 Қасқыр

8 - вагон 6+2= 8 Ит

9 - вагон 5+4= 9 Маймыл

10 - вагон 7+3=10 Аю

Тапсырманы дұрыс орындаған балалар мадақталады.

Сергіту сәті:

Сыңгыр - сыңғыр сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік.

Сол қолымда білезік,

Қолдарымда сақина.

Санап көрші, кәнекей?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

- Балалар сендер геометриялық фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Дұрыс, жарайсыңдар!

- Балалар бүгін сендерді геометриялық денелермен таныстырамын.

Қазір сендерге геометриялық денелер туралы ертегі айтып беремін. Мұқият тыңдап, назар аударыңдар.Сиқырлы геометриялық денелер./Слайд көрсету арқылы ертегіні айтып беремін./

Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.

Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.

Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.

- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?

- Ертегі нелер туралы екен?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.

- Назарларыңды экранға аударыңдар.

/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./

Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.

Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.

Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.

Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.

Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.

Пирамида екі тілде осылай аталады.

«Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.

Сергіту сәті:

Саяхатқа барамыз,

Дорбамызды аламыз.

Эй бұл кім? Эй бұл не?

Бұл тау.

Астынан өте алмаймыз,

Үстінен өте алмаймыз.

Кеттік тура. / қолдарын жұдырықтап бір - біріне ұрады/

Балалармен бірге «Шариктер»атты саусақ жаттығуын орындаймын.

Екі қолымыздың саусақтарын шөкімдеп, ұштарын бір - біріне тигіземіз. Шарды үрлейміз. Үрлегенде қандай қимыл жасаймыз тура сондай қимыл жасалады.

Шар жарылды. Саусақтар бастапқы қалпына келді.

.


- Рахмет!

10 көлеміндегі сандарды.

Балалар 3 тілде тура және кері санап береді.

- Пойыз

Балалар 10 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

3.Қорытынды: «Сиқырлы фигуралар әлемі» дидактикалық ойыны ойналады.

Мақсаты: Геометриялық фигураларды, денелерді көлемі, өзара ұқсастығы бойынша құрастыру.

Балаларға геометриялық фигуралар, денелер, пирамидалар, лотолар, пазылдар таратылады. Фигураларды көлемі, өзара ұқсастығына байланысты құрастыру тапсырылады.

Балалардың жұмысы мадақталады.

- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде нелермен таныстық?

Геометриялық денелерге нелер жатады?

- Жарайсыңдар.

Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз аяқталды белсене қатысқандарың үшін сендерге алғысым шексіз.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.

Геометриялық денелермен.

- Шар, текше, цилиндр,

пирамидалар жатады.