Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жер – Ана»
Тақырыбы: Анаға сыйлық
Мақсаттары:1. Тәрбиелік: Тиянақты жұмыс жасауға , ұқыптылыққа тәрбиелеу
2.Дамытушылық: Анасына деген құрмет пен сүйспеншілікке тәрбиелеу, қиялдарын дамыту.
3.Оқыту: Қалдық заттардан әдемә сыйлық жасауды үйрету
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Моншақ суреті,қағаздың түрлері,сурет дәптері, бояулар, қылқалам, сүрткіштер.
Көптілдік компонент: ана-мама –mother, моншақ-бусы- beads
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Сәлеметсіңдер ме,балалар?
Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық.
Балалар Айсұлу қуыршақ қонаққа келді.
-Қуыршақ Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Айсұлу өздігіне әдемі моншақ сатып алыпты, ал енді анасына да осындай әдемі моншақтар сыйлағысы келеді.Моншақ түрлері, түстері, пішіні қандай болатынын түсіндіреді.Балалар амандасады.Балалар шеңбер болып өлең жолдарын айтады.
Жақсылық көрсең біреуден ,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Балалар қуыршақ Айсұлудың киімдерінің әдемі екендігін айтады.
Моншақтардың түстеріне, пішіндеріне қарап өз ойларын айтады.
2.Негізі бөлімі: Балалар үлгіге қарап отырып жұмыс жүргізеді.
Моншақтардың реті мен отырып тізілгенін көрсетеді.
Балаларға үлестірмелі материалдағы салынған дөңгелек сызықты «моншақтын жібі» деп түсіндіріп, оған әдемі моншақтарды тізуді ұсынады. Оң қолдарына қылқаламды ұстатып, ауада шеңбер салу тәсілін орындатып жаттықтырады.
Содан соң дәптерлеріне қарындашпен біркелкі дөгелектерді салып сыртына шығармай бояйды.
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,
Құлағында сырғалар,
Оң қолында білезік.
Сол қолында білезік
Саусақтарда сақина,
Санап көрші, кәнеки
1,2,3.....1,2,3,
Сызыққа қарындашпен бірікелкі көлемде дөңгелектер салып алады.
Содан соң қолдарына қылқаамды алып, мооншақтарды алып, моншақтарды бояйды, ішін дөңгелете отырып, сыртын шығармай бояйды.Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
3.Қорытынды: Тәрбиеші балаларға салған суреттерін көріп шығуды ұсынады. Қуыршақ Айсұлуға балалардың салған суреттері ұнағандығы, анасына қалған моншақтарды алатындығын айтып, рахмет айтып қайтады.Балалар салған суреттерін қарап, қандай моншақтар салғанын, қандай түспен бояғандарын айтуға тырысады.
Қуыршақ Айсұлумен қоштасып, жұмыс орындарын жинастырады.