СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "«Барбаросса» жоспары неліктен күйреді " 8 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936—39ж.  Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "«Барбаросса» жоспары неліктен күйреді " 8 сынып»

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Дүние жүзі тарихы. 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2 апта. 2 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

4-бөлім.

Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары

Сабақтың тақырыбы:


«Барбаросса» жоспары неліктен күйреді

Оқу мақсаты:

8.2.4.3 – тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау

Бағалау критерийі:

  • Терминдер мен ұғымдарды қолдана отырып, тарихи оқиғаларды талдайды;

  • Фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, екіншідүниежүзілік соғыстың қайшылықтарының шиеленісу себептерін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

00:00-01:00

Ұйымдастыру

Оқушылар сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен танысады


Не меңгеретінін білу үшін


Презентация

№ 1-2 бет

5-6 минут

01:00-02:00


02:00-06:00

Жаңа сабақ

1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936—39ж.  Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді.

Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды. Молотов-Риббентроп келісімі. Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.. Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ.. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз). Германияның КСРО-ға шабуылы алдын-ала жоспарланған ауыр операция болды. Жаулап алудың бірнеше нұсқалары белгілі.. КСРО-ға шабуыл жасаудың алғашқы арнайы жоспарларының бірі генерал Э.Маркстің есептеулері болды, оған сәйкес 9-17 аптаның ішінде кеңестік әскерлерді екі соққыда жеңіп, Архангельскіден Горький арқылы Ростов-на-Дону шебіне шығу көзделді.. Мәселені әрі қарай зерттеу Паулюске, сондай-ақ операцияға қатысуды жоспарлаған генералдарға жүктелді.

Жаңа тақырыпты меңгеру


Презентация

№ 3-13 бет



4 минут


06:00-

10:00

Тәжірибе

1 тапсырма.

  1. Немістердің Мәскеуге шабул жоспары қалай аталды?

  2. Германияның КСРО-ға қарсы жоспары қалай аталды?

  3. II дүниежүзілік соғыс қандай оқиғамен басталды?

  4. II дүниежүзілік соғыс себептерін атаңыз?



Негізгі 4 себептерін анықтаңыз:

Дескрипторлар:

  • шабул жоспарын себебін анықтайды;

  • КСРОға қарсы жоспарының себебін анықтайды;

  • Екінші дүниежүзілік соғысты қандай оқғамен байланыстыруға болады

  • Соғыстың шығу себептерін анықтайды

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация

№ 14-15 бет











2 минут

10:00-

12:00


2 тапсырма.

Барбаросса жоспарыныі іске аспау 3 себептерін анықтаңыз?









Дескрипторлар:

  • Барбаросса жоспарыныі іске аспау анықтайды;

  • Кеңес сарбаздарының ерлігін анықтайды;

  • Табиғат тылсым күштерінің салдарын анықтайды.








Презентация

№ 16-17 бет

2

минут

12:00-

14:00


3 тапсырма:

КСРО мен Германия әскенрі мен қарулары санына қатысты деректерді анықтаңыз

Көрсеткіш

КСРО

Германия

1

Шекарадағы әскер саны





2

Армияның жалпы саны






3

Қару- жарақ





4

Танктер



5

Ұшақтар




Дескрипторлар:

  1. Шекарадағы әскер санын талдайды және анықтайды

  2. Армияның жалпы талдайды және санын анықтайды

  3. Қару жарақ санын талдайды және анықтайды

  4. Танктер санын талдайды және анықтайды

  5. Ұшақтар санын талдайды және анықтайды










Презентация

№ 18-19 бет

1 минут

14:00-15:00

Қорытынды

Үй тапсырмасы: Тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының ролін бағалаңыздар.






Презентация

№ 20 бет







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!