Ортаңғы"Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні : 09.12.19ж
Тәрбиеші: АбдибековаЗ.Ж.
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлімі: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: "Қазақстан-біздің Отанымыз"
Тәрбиелік:Баланың еліне деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Дамытушылық:Туған елі,Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдылыарын қалыптастыру,сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту:Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.Егемен ел жетістерімен таныстыру.
Билингвальдік компонент: Отан – Родина, астана – столица.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық- сақтау, дамыту-оқыту,жеке тұлғаға бағытталған,ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиялар.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, Қазақстан глобусы.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар шаттық шеңберіне тұрады,
барлығы бірге қосылып айтады.
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел!
2. Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:
Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, аулымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.
Біздің Отанымыз Қазақстан.
Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
Рәміздерді атаңдар.
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Балаларға Қазақстан Республикасының глобусын көрсетіп, әңгімелеу, тапсырмаларды орындау. Тыныштық сәті:
Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.
Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз.
Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!
Көзімізді ашамыз.
Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.
Сергіту сәті.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап?»
Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Үлгі: Нұр-Сүлтан –Бәйтерек, Алматы-Медео, Қостанай- Тобол, т.б. Балалар тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
3. Қорытынды:
Қазақстан Республикасы біздің сүйікті Отанымыз!
Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың елі бай». Балаларды мадақтау.
Ортаңғы "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні : 11.12.19ж
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: Туған жер"
Мақсаты:
Тәрбиелік:Балаларды өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ол үшін тәуелсіз Республикасының рәміздері туралы білу.
Дамытушылық:Қазақстан Республикасының Мемлекетті рәміздері туралы білу.
Оқыту:Отаншылдыққа тәрбиелеу, ою-өрнек жапсыруга үйрету.
Билингвальдік компонент: Отан – Родина, астана – столица. Тәуелсіз-Независимость!
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық- сақтау, дамыту-оқыту,жеке тұлғаға бағытталған,ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиялар.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Қазақстан Республикасының картасы, Нұр-Султан туралы фото-көрме (жүрекшелер тілектермен),буклеттер,рәміздер президенттің суреті, Нұр-Султан қаласының суреттері.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Отаным менің – Қазақстан
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.
Өте жақсы, балалар! Осы жақсы көңіл күйімізбен бүгінгі тәрбие сағатын бастайық
Балалар отан деген сөзді қалай түсінуге болады?
Отан- ол біздің еліміз,жеріміз,туымыз,табиғатымыз,айналадағы қоршаған ортамыз.
Отанды неліктен «туған жер» деп айтамыз?
Туған жеріміз.
2. Негізгі бөлім:
Балалар, Қазақстан республикасының президенті кім?
Нұрсұлтан әбішұлы назарбаев
Дұрыс айтасыңдар.
Енді мына суреттер не көріп тұрысындар?Ту.
тудың түсі қандай?Көгілдір
Тудың ортасында күн бейнеленген астында қалықтаған қыран құстың суреті бейнеленген , ал сол жақ шетінде ұлттық ою өрнектелген.Мынау қазақстанымыздың мемелкеттік ел таңбасы.елтаңбаның негізі шаңырақ.Ол елтаңбаның жүрегі.
Отан туралы мақал- мәтелдер:
1.«Отан отбасынан басталады»
2.«Жері байдың-елі бай»
3.«Отансыз адам-ормансыз бұл-бұл»
4.«Отан ұшінотқа түс күймейсің»
Сергіту сәті:
Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)
Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)
Артқа қадам баспаймыз
Тек алға-алға бастаймыз
Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)
Болашаққа самқаймыз .
Тәрбиеші:
Ендеше сол еліңе. Туған жеріне қандай тілек білдіргілерін келеді?
Міне менде әдемі қорапша, ол жай қорапша емес, сиқырлы қорапша, оның ішінде жүрекшелер бар, осы жүрекшелерді алып маған көрсетіңдер, мен сендердің тілектердіңді оқып беремін.
1.Отанымыз аман-тыныш болсын!
2.Аспанымыз ашық болсын!
Сендер Қазақстанның картасына тілектерді жапсырып қойыңдар. Сендердің тілектерің орындалады.
3. Қорытынды:
Бүгінгі оқу қызметінде біз не туралы әңгімелестік?
Балалар бүгінгі оқу қызметінде сендерге ұнады ма?
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Бізідің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап береді
Түсінеді: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз ел екенің түсінеді.
Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәлеметтерді қолдана білу
Ортаңғы"Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні : 11.12.19ж
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: "Қазақстан-менің туған өлкем"
Мақсаты:
Тәрбиелік:Өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Суретшінің бере білген көңіл-күйді сезіну қабілеттігін қалыптастыру,табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну.
Оқыту:Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету.
Билингвальдік компонент: Отан – Родина, астана – столица.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық- сақтау, дамыту-оқыту,жеке тұлғаға бағытталған,ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиялар.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі-түсті бояулар, қол сүрткіштер, су, жалауша суреттері, тақта.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі
Қыс мезгілінің айларын кім атап береді?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Өте жақсы, балалар!
2. Негізгі бөлім:
Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар, Қазақстан республикасының президенті кім?Қасым-Жомарт Тоқаев.Ел Басы Нұрсултан Назарбаев.
Біз қай қалада тұрамыз?
Балалардың жауабын тындау.
Балалар, бүгін біз келе жатқан мерекеге шалауша саламыз.
Барысы: Жалаушаның пішінін саусақпен сипап көру. Оның пішінін түсіндіру. Бейнелеу тәсілін көрсету, алдымен, екі түзу сызық салу, содан кейін ол сызықтарды көлденең сызықтармен қосу. Түгел балаларға алдымен ауада салуды ұсыну, содан кейін қағазда салу. Ол жалаушалардың түстері әртүрлі. Сондықтан да әртүрлі қарындашпен бояймыз. Түзу жалаушаларды салғаннан кейін, оны бояуды ұсыну. Әдемі жасалып, дұрыс боялған жалаушаларды мадақтау.
3. Қорытынды:
Қайталай алады: "Қазақстан-менің туған өлкем"- түсініктерін
Түсінеді : Жалаушаларды мерекелерде іледі.
Қолданады: Жалауша тіктөртбұрышқа ұқсайды
Ортаңғы "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні : 13.12.19ж
Тәрбиеші:Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: Экология негіздері
Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: "Менің Отаным-Қазақстан"
Мақсаты:
Тәрбиелік:Өз отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың қызығушылығын, ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқыту:Қазақстан кең-байтақ,бай мемлекет екенін түсіндіру.Мемлекет астанасы туралы түсінік беру.
Билингвальдік компонент: Отан – Родина, астана – столица.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық- сақтау, дамыту-оқыту,жеке тұлғаға бағытталған,ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиялар.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Қазақстан Республикасының картасы, Нұр-Султан қаласы туралы фото-көрме (жүрекшелер тілектермен),буклеттер,рәміздер президенттің суреті.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері
-Сәлеметсің бе,Күн шуағы!
Сенің шуағың ертемен бізді оятты.
Күн шуағы бізге әрдайым нұрын ша-
шады.
Рахмет саған!
Біз өстік,саған қарай қол созамыз,
қонақтарға жылы лебіздерімізді білдіреміз!
Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.
Күн шуағы,сен бүгін бізбен бол!
Өте жақсы,балалар!Саяхатқа шыққыларың келе ме?
Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады,бір біріне игі тілектерін білдіреді.-Иә.
Кілемнің үстіне отырады.
2. Негізгі бөлім:
Сонымен,біз кілемшемен туған өлкеміздің үстінен ұшып бара жатырмыз.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Картадан еліміздің аумағын көрсетіп,
Отанымыз туралы әңгімелеу.
Билингвальды компонент:
Отан-Родина,астана-столица.
Отан(Родина)-туған ел,өскен жер.
Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған.Сары,жасыл,
қоңыр,көк түс те бар.Бұл еліміздің та-биғатының алуан түрлі екенін көрсет-еді. Осы түстер нені білдіреді?
Балалар,біз қазір елді мекендер үстінен ұшып барамыз: кішкентай үйлер,
киіз үйлер,жайлауда мал жайылып жүр,ешқандай көлік түрлері,түтіндеп жатқан фабрткалар мен зауыттар көрінбейді.Табиғаты әсем,ауасы таза,суы мөлдір.
Бұл не екен?(Ауыл).
Бұл еліміздің ең басты қаласы-Нұр-Султан.
Нұр-Султан үстінен ұшып барамыз.
(Нұр-Султан қаласындағы жаңа ғимараттардың суреттерін көрсету).
Нұр-Султан-столица.
Сергіту сәті.
«Жақсыма?»
Күн шыққаны жақсыма?
Жел соққаны жақсыма?
Достарыңмен бірге жүрген жақсыма?
Анаңды құшақтаған жақсыма?
Отаныңда өмір сүрген жақсыма?
Үйде болған жақсыма?
Би билеген жақсыма?
Отанымның азаматы болған жақсыма?
Қараңдар,біз қарлы шыңы бар таудың үстінен ұшып барамыз.
Бұл таулар «Тянь-Шань»,-деп аталады.
Осы таудың солтүстік жағындағы тау сілемдері «Алатау»,-деп аталады.
Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байлан-ысты. Мұндай таулар биік болып келе-ді.Тау етектерінеде орман-тоғай бар.
Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан.
Біз осы қалаға ұшып барамыз.
Тянь-Шань жоталарының етегінде ор-наласқан әсем қаланы «Бақша-қала»,-деп бекер атамаған.Көктем маусы-мында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма,өрік,шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады.
Алматы қаласының атауы алма сөзі-нен шыққан. Дәл осы жерде аты әлем-ге танымал апорт алмасы өседі.
Қазақстан.
Қайталайды
Көк,көгілдір түс суды білдіреді.
Қоңыр түс тауды білдіреді.
Жасыл түс орманды білдіреді.
Сары түс шөл даланы білдіреді.
Картадан Астана қаласының орналасқан жерін көреді.
Жақсы!
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Алматы қаласының көрнекті жерлерінің суреттерін көріп
Алматы жайлы әңгімелейді,тәрбиешінің айтқанын таыдайды.
3.Қорытынды:
Міне,саяхат та аяқталды.
Сендерге саяхат ұнады ма?
Біз қай жерлерге бардық?
Әсерлерімен бөлісіп,оқу қызметін қорытындылайды.
Отанымыздың кеңбайтақ екенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп,
саяхат-оқу қызметінен алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырмаларды.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының кеңбайтақ және бай мемлекет екенін.
Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді қолдана білу дағдыларын.
II- кіші "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні : 13.12.18ж
Тәрбиеші: Сактаганова У.Т.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: : «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: "Көп ұлтты Қазақстан"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Татулыққа,достыққа тәрбилеу.
Дамытушылық:
Еліміздің көп ұлтты Республика және жергілікті ұлт қазақ халқы екенің түсіндіру.
Оқыту:
Ұлт аралық татулыққа,достыққа, сыйластыққа баулу.
Билингвальдік компонент: Отан – Родина, қала-город, ғимарат-здание, ұлт- национальность
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Қазақстан Республикасының картасы, әр ұлттың суреттері
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер
Ойнасын, мейлі ойнасын,
Ойынға ешбір тоймасын.
Алаңсыз болып ай-күнің,
Жақсылық бүгін тойлансын!
Біздің топқа хат келді, кімнен келгенің білгілерің келеді ме?
Хатты оқып берейын бе, кәне тыңдаңдар.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қарлығашпын .Мен сендерді Қазақстан Республикасы бойынша саяхатқа шақырамын.
Хатты тыңдайды.
2.Негізгі бөлім:
Қостанай қаласының суретін көрсетіп,балаларға сұрақ қояды.
Суретте бейнеленген қала қалай аталады?
Қостанай қаласы туралы әңгіме. Қостанай қаласы өте әдемі қала, біздің қалада, бір неше ұлттар тұрады.Бәрі тату тәтті өмір сүреді.Олар, қазақ, орыс, неміс, украин, поляк, чуваш, татар, т.б көптеген ұлттар.
Қаланың назар аударарлық орындары
Орталық мешіті
Шіркеуі
Ыбырай Алтынсарин ескерткіші
Қостанай облыстық өлкетану мұражайы, т.б.
Бауырлас қалалары
Астана,Көкшетау, Арқалық
Қостанай егін орталығы. Қазақстан Республикасын нанмен қамтамасыз етеді
Сергіту сәті
Бір, екі, үш –
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты –
Қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз,он –
Қарлығаш боп қон.
Сұрақтарға жауап береді
Атырау
Қала туралы мағұлмат тыңдайды
Қимылды қайталайды
3.Қорытынды:
Қазақстан Республикамыз қандай ел?
Көп ұлтты.
Қаламызда не бар?
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қостанай қаласы туралы мәліметтерді.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұратының толық жауап бере алады Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Ойларын жеткізе алу яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдылары.
II- кіші "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Күні : 11.12.18ж
Тәрбиеші: Сактаганова У.Т.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: : «Менің Қазақстаным»
Тақырыбы: " Сен де сонша көрсет"
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Жауапкершіліке, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәобилеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту:
Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрет.
Билингвальдік компонент: Кең,тар,жуан-жіңішке,биік-аласа.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Суреттер,үлестілмелі материалдар,демонстрациялық материалдар,геометриялық пішіндер,карточкалар,ойын құралдары.
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Жарбырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетіп, айтады.
Шеңберге тұрып қимыл қозғалыспен орындайды.
Топқа Қоян келеді,амандасады:Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен қайда келдім?
Балалар амандасады
2.Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Қоян! Жоғары шық,сен біздің Жұлдызша тобына келдің.Міне мына отырған балалар осы Жұлдызша тобының тәрбиеленушілері.
Қоян:Керемет!Қандай жақсы балалар,топтарың кандай!Балалар менде балабақшаға барғым келеді,мен орманда ойнап жүріп мына суреттерді тауып алдым.Бірақ бұл нені білдіреді,не істеу керек екенін білмеймін.Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Әрине көмектесеміз
Қоянның әкелген суреттерін тақтаға іліп қарастырады:өлшемдер.
1.Ағаштар(жуан-жіңішке)
2.Үлкен-кіші(ойыншықтар)
3.Жалпақ-жіңішке(қылқаламдар)
4.Биік-аласа(үйлер)
Қоян:Менде тағы да бар суреттер-деп сандарды алып шығады.
Балалар өлшемдерді еске түсіріп,қайталап отырады.
1,2 цифры мен сандары.
Тәрбиеші:
Біздің балалар бұлардың не екенін біледі.Кәне балалар үстелге жақындайықшы.
Бұл жерде үлестірмелі заттармен жұмыс жүргізіледі.
Жолақшаларды пайдалана отырып,бір,екі санын қайталатады,көп сандардың ішінен 1,2 цифрын алып көрсетулерін сұрайды,қанша болса,сонша ұғымдарын қайталап,пысықтайды.
Балалар үстелге отырады.
Тәрбиеші:
Балалар қазір біз ойын ойнаймыз ойынның аты Сиқырлы шеңбер:
Көріп отырсаңдар,алдарында дөңгелектер жатыр,оның бетінде суреттер бар,сендер қазір осы суреттердің ішінен 1 санына тең суретті тауып,1саны бар кір қыстырғышты саның тұсына қыстырып қоюларын керек.
Мұқият болыңдар! Ойнау алдында саусақтарымыды шынықтырып алайық!Ал іздейміз 1санына байланысты бар ма екен?
Ал енді 2 санына байланысты суреттерді іздейміз!Әр баладан сұрап пысықтап отырады.
Жарайсындар балалар,Қоян саға ұнады ма ойын?
Ал енді бәріміз орынымыздан тұрып,басқа ойын ойнайықшы.
Бұл ойынға бізге доп керек,мен ортада тұрамын ал Қоян,сендер балалар мені қоршап,шеңберге тұрасыңдар.Мен мысалы:биік деймін,ал сен маған қарсы аласа дейсін.
Ал бастаймыз. Антонимдер айтылады.
Ойынды ойнатады.
Қоян: Қандай жақсы ойын,маған ұнады.Мен көп нәрсені үйрендім! Ал енді балалар мына суретке қарандаршы неге мына аяқ киім аяғына үлкен болып тұр,ал мына аяқ киім симай жатыр?Өйткені үлкен аяқ кең екен,ал кішкентай аяқ киім тар екен.Қоян кең-тар аяқ киімдерді киіп көрсетеді.Енді мына жолдарға қарандаршы,жалпақ жолда екі машина қатар жүре алады екен,ал мына жіңішке жолда тек адамдар жүре алады екен.Неге? Өйткені мына жалпақ жол кең,ал жіңішке жол тар.Тар жолмен машина жүруге бола ма?Кең-тар сөздерін тағы қайталайды.Қоян:Балалар менде сендер сияқты кең-тар деген сөздердің мағынасын түсініп,жаттап алдым.Ал балалар мен енді үйге қайтуым керек,рахмет сендерге,мен сендерден көп нәрсе үйрендім.Ормандағы достарыма барып айтамын сендер туралы,оларды ертіп келемін.
Сау болыңдар!
Ал жарайды Қоян үйіне оралды.
Ал біз үстелге жақындап тағы бір тапсырма орындайық.Мына қағаз бетінде геометриялық пішіндер орналасқан,ал енді сендер жоғарыдағы үшбұрыштың астына төменгі бұрышқа төртбұрыш қойындар,ал оң жақ жоғары бұрышқа дөңгелек қойыңдар..Жарайсыңдар балалар,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.\
Балалар бүгін бізге қонаққа біреу келді ме?
Ия
Оған біз не үйреттік?
Биік-аласа,ұзын-қысқа,жуан-жіңішке,ыстық-суық,ауыр-жеңіл.
Жарайсыңдар балалар!
Ал енді мына жерде сурет бар:Біреуінде көңілді қыз тұр,біреуінде көңілсіз қыз бейнесін көріп тұрмыз.Егерде бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнаса мына көңілді қыз бейнесінің жанына барыңдар,ал егер көңілдерін жоқ болса,сабақта бір нәрсе ұнамаса мына көңілсіз қыздың бейнесінің жанына барып тұрасыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:1,2 санын,цифрын атау білу керек.
Игереді:Кең,тар ұғымдарын салыстыру әдісін қолдана отырып игереді.
Білді:Үлесірмелі материалдармен тапсырмаларды дұрыс орындай білді