Ересек тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру. - Дамытушылық: Диқаншы еңбегі туралы білімдерін толықтыру.
- Оқыту: Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар бидай масақтарын бір–бірімізге беру арқылы жылы лебіздерімізді білдірейік.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар?
Жұмбақ жасыру:
- Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар
- Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас.
Бидай
- Нан
ІІ. Негізгі бөлім
Бүгінгі біздің өтетін оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келеді?»
- Ендеше, балалар, нан біздің дастарқанымызға қалай келеді? - деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
- Балалар, айтыңдаршы күнделікті біздің дастарқанымызда қасиетті, қадірлі қандай тағам тұрады?
- Дұрыс олай болса нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелеп берейін.
(Педагог слайд арқылы балаларға түсіндіреді)
-Алдымен трактормен жерді жыртады, диқандар ол жерге бидайдың тұқымын тастайды. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды. Бидайдың сабақтары пайда болады, оны диқандар үнемі суарып отырады. Күзде астықты комбайндармен орады және үстерінен бастырады. Бидайды диірменге апарып тапсырады. Аппақ болып ұн дайындалады. Қап – қаптармен ұнды наубайханаға тасиды. Онда ұн иленіп, нан пісіріледі. Нан таситын көліктермен дайын нандарды дүкендерге әкелінеді. Дүкенде нанның бірнеше түрлері: бөлке, тоқаш, батон, торттар, печениелер, бауырсақтар, бәліштер сатылымға шығарылады. Нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді. Мұның бәрі – адам еңбегі.
- Бидай неден өсіп шығады?
- Бидайды немен жинайды?
- Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?
- Бидайдан шыққан ұнды қайда әкеледі?
- Егін өсірушілердің мамандықтарын атаңдар.
Сөздік жұмыс:
диқан, наубайшы, наубайхана, комбайншы, диірмен.
Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактормен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.
Қызықты сәт:
«Нанды қадірлейік» - Али мен Айя мультфильмінен үзінді.
- Балалар көрдіңдер ме кейбір балалар нанмен ойнайды. Нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нанды қадірлеуіміз керек.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер?
- Балалар бәріміз үстел жанына жақындап тұрайық, не көріп тұрсыңдар?
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дәнді дақылдардың ішінде қайсы түрінен бидай тартылып, нан пісіріледі?
- Қазіргі уақытта бұл дәнді дақылдардың ішінен бидай мен қара бидайды нан пісіруге көп қолданады.
- Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді?
ІІІ. Қорытынды.
- Біз бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды?
- Не туралы әңгімелестік?
- Нан қайдан келеді екен?
- Нанды қайдан алады?
- Ұнды кімдер дайындайды?
- Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?
Балалар бүгін біз нан туралы көптеген мағлұмат алдық, енді біз ұннан жасалған тағамдарымызды қонақтарға тарту етейік.
- Балалар сендерге оқу іс-әрекет ұнады ма?
Балаларды мадақтаулар.