Ересектер «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.04.2019
Тәрбиеші: Исмакова Б.С
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Пән: Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: : Ө дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, тіл байлығын, ой-өрісін кеңейту
Оқыту: Балаларды ө дыбысымен таныстыру, әріп, буын жайындағы білімдерін толықтыру
Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Шаттық шеңбері:
Күлімде , күн, күлімде,
Жер жасарып көктесін.
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат
Берекелі бүгіндей.
Бейбіт болсын болашақ.
Сауат ашу қызметінде немен танысамыз?
Әріпті....
Дыбысты....
Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын.
• Жұмбақ: 1. Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (Өрік)
2. Таудан сарқырап ағады,
Салаға барып құяды. (Өзен)
3. Екі көрші бәрін көреді,
Бірін-бірі көрмейді.(Көз)
Өрік, өзен деген сөздердің басында қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
• Ө дыбысымен танысу. Ө дыбысын айтқызу, дауысты екенін айтқызу.
Видеодан өріктін суретін көрестіп Ө әрпімен таныстырады .
-Қане бәріміз бірге айтайықшы.
-Ө дегенде не естіліп тұр?
-Аузымызды дөңгелек етіп алға сөзамыз,тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз.
-Осы дыбыс қалай айтылып тұр
-Олай болса , бұл қандай дыбыс?
«О» – кəдімгі дөңгелек,
Ал «Ө» одан сəл бөлек.
Мұны да сал, ерінбе,
Белбеуі бар белінде деп қанеки Ө дыбысын ауада жазайық.
• Суретпен жұмыс.
• Өзен, өрмекші, өрік, көбелек, өзен сөздерін буынға бөлу, сөйлем құрату.
Д/О: «Кім көп біледі?» Құрамында «Ө» дыбысы бар сөздерді тауып айту.
Сергіту сәті:
Өлең жаттау.
Көбелектің көбін –ай,
Қызылын - ай, көгін – ай,
Өзім ұстап алар –ем,
Қармағымның жоғын – ай.
«Ойлан тап» ойыны
Бір әріп бар , кей бала
Айтамын деп бүлдірген
Оқт алмай шүлдірлеп
Жолдастарн күлдірген
Бұл қай әріп? (Р)
Жұмыртқадай дөңгелек
Кетпейді бірақ дөңгелеп
Бұл қай әріп? (О)
Әлде толған ай ма екен
Әлде үрген шар ма екен
Белінде бар белдігі
Бұндай әріп бар ма екен?(Ө)
Қорытындылау.
Жаңа білімді, оқу қызметті қорытындылау кезеңі.
Қандай дыбыспен таныстық, ол қандай дыбыс?
Балаларды мадақтау.