СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы:Ормаңдағы нандар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға аңдарға деген сүйіспеншілігін,сезімдерін арттыруға тәрбиелейді. 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Ормаңдағы нандар.»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлемді дамыту

Өтпелі тақырып: «Табиғат-Ана»

Тақырыбы:Ормандағы аңдар

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларға аңдарға сүйіспеншілігін ,сезімдерін арттырып,

баланың ой өрісін арттыру

олрарға қамқор пен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана

отырып,баланың ой өрісін дамыту.

Оқыту:Жапбайы аңдар туралы түсінік беру,олардын тіршілік ететін

ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері, ойыншық аңдар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру
Психожаттығу
- Қорбаңдаған аюдың жүрісін салайық,
- Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз,
- Жарайсың

ІІІ. Жаңа сабақ
«Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын.
Шарты: педагог үстелдің астына жұмсақ ойыншық қоянды жасырып қояды да, бала екеуі іздейді. Не жасырылғанын бала іздеп табады.
Педагог қоянның суретін көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі.
Қоян – жабайы аң. Оның ұзын құлағы, төрт аяғы бар. Ол шөп, сәбіз жегенді ұнатады.
- Бұл не? Қоянның түсі қандай?
- Қоян қандай аң? Қоян нені жақсы көреді?

«Жабайы аңдардың тіршілігі» туралы әңгімелесу
Жабайы аңдардың аю, түлкі, қоян, қасқыр т. б. суреттерін көрсете отырып, олардың тіршілігі, мекендейтін орны туралы әңгімелесу.
- Қандай жабайы аңдарды білесің?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Себебі олар, елсіз далада өз бетімен өмір сүреді? Өз азығын өзі тауып жейді. Олар күннің суығында да, жылысында да далада жүріп өмір сүреді.
- Аю, түлкі, қоян қандай аңға жатады?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Қоян жақсы көретін тамағы не?
- Аюдың жақсы көретін асы не?
- Аю қалай жүреді?
- Қоян қалай жүреді?
- Зообаққа бардың ба?
- Қоянның баласын қалай атайды?
- Аюдың баласын қалай атайды?

ІҮ. Сергіту сәті
Көлбең, көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Қоян қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Көлбең, көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Көлбең, көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?

Тілді жаттықтыру
Ян – ян – ян – секеңдеген ақ қоян,
Ю – ю – ю – қорбаңдаған аю,
Кі – кі – кі – бұл айлакер түлкі,
Қыр – қыр – қыр – бұл көкжал қасқыр.

Ү. Бекіту
Дидактикалық ойын: «Не қайда өмір сүреді?»
Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Шарты: Суретте бейнеленген аңдарды мекен ету ортасына қарай орналастыру.
ҮІ. Қорытынды.
Қоян, түлкі, аю, қасқыр – жабайы аңдар.
Олар орманда тіршілік етеді.