СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Орындық "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орындық

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Орындық "»

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 12.09.2018ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Орындық»

Мақсаты:

Білімділік: Әр түрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әр түстегі бөлшектерден орындықтын құрылысын құрастыруға үйрету.

Дамытушылық:

Тәрбиелік: үй жиһаздарына ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші үй жиһаздарының суретін көрсетіп әңгімелейді. Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, орындық пен креслоның айырмашылығына назар аударады. Оларды жасау үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын айтып, таңдауды ұсынады.

Балалар оюлы кілемге назар аударады, құрылыс материалдарын түсіне, пішініне қарай таңдап алады.

Ұйымдастыру-щы ізденуші

Ең алдымен үлкен орындықты жасап көрейік. Креслоны. Ол үшін қандай құрылыс материалдарын пайдаланамыз. Алдымен орындықтарды қоятын кілемді, төсенішті қойып алуды ұсынады, құрылыстарды оның үстіне орналастыруға бағыт беріледі. Оны кеңістікте қалай орналастыру керек. тәрбиеші бір кірпішті көлденең жатқызып қойып, оның артқы жағына бір кірпішті тігінен тұрғызып оған жақындатып қояды. Үлкен орындық дайын болды. Енді кіші орындықты жасау бұрынғы алған тәжірибелерін бекіту мақсатында өздері құрастыруына болады. ол үшін бір кірпіш, бір текше керек. текшенің артқы жағына кірпішті тігінен орналастырсақ орындық болады деп көрсетеді. Дайын болған кіші және үлкен оырндықтарға біреуіне қуыршақты, екіншісіне мысықты орналастырады (оған ұсақ суреттер беріледі). Балалар дайын болған құрылыстарын ойын іс-әрекетімен жалғастырады.

Балалар үлкен кірпіштерді таңдап алады жасыл немесе бірыңғай көк түсті. Балалар іс-әрекетті өздігінен дербес орындайды. Балаларды кіші орындықты құрастыруға арналған бір текше, бір кірпішті түсіне, пішініне қарай таңдап алады, іс-әрекетті орындайды және ойнайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші балалардың барлық жұмыстарын қарап шығады. Үлкен және кіші орындықтарды құрастыруда құрылыс материалдарын кеңістікте қалай пайдаланғанын қарап, кейбіреулеріне дұрыс қоймаса қалай қою керек екенін ескертіп, өзіне түзеткізеді. Жақсы құрылыстар мадақталып, қорытынды жасайды.

«үлкен», «кіші» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай орындықтар жасағандарын айтып береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін, оларды қалай

сәйкес орналастыруға болатынын, орындықтарды қалай құрастыру керек екенін біледі

Нені игереді: «үлкен», «кіші», «көлденең», «тік» ұғымларын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді

Нені меңгереді.: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте тігінен, көлденеңінен дұрыс орналастыра білуді меңгерді