«Кең ауқымды дәріс» әдісі арқылы «Салқындау үдерісі» тақырыбына презентация мен видео-ролик қолданып түсіндіріп өту. Су ерекше қосылыс басқа заттармен салыстырғанда су қату кезінде ұлғайып, сұйық күйге қарағанда үлкенірек көлемді алады, бұл мұз құрылымындағы бөлшектердің сұйық күйдегі суға қарағанда бір-біріне алшақ орналасқанын білдіреді. Мұзда су молекуласы арасында бос үлкен кеңістік болатындықтан мұз салыстырмалы түрде еркін құрылымды, сол себепті сұйық күйдегі С° 0-4 С° дейін қыздырғанда, оның көлемі кішірейеді. Мұндай ерекше жағдайдың орындалуы С° 0-4 С° аралығында мұздың еркін құрылымы ішінара сақталып, температура С° бойынша 4° көтерілмейінше толығымен жойылмайтынына байланысты С° бойынша 4° жоғары температура артқан сайын оның көлемі ұлғайады, ал тығыздығы азаяды. Заттың қату күйіне ауысқан кездегі температурасы қату температурасы деп аталады.  1. Салқындағанда температура төмендейді. 2. Бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы азаяды. 3. Сұйықтықтың ішкі энергиясы азаяды. 4. Дене қату температурасына дейін салқындағанда бөлшектер арасындағы байланыс қайта қалпына келе бастайды. «Графикті оқимыз»  1.Дененің сұйық күйден қатты күйге ауысуы неге байланысты. 2.Дене қай уақытқа дейін қатаяды. 3.Бұл графикте не байқалады? Оқушылар бөлшектер мен энергия туралы өз білімдерін пайдаланып судың салқындау процесін түсіндіреді. Зертханалық тәжірибе №4 «Судың салқындау үдерісін зерттеу» Оқушылар зертханалық жұмысты орындамас бұрын мұғалім нұсқаулықпен таныстырады және оқушының әр қадамын бағыттап отырады. Қауіпсіздік техника ережелерін естеріне салады. Жұмыс барысы: "Зертханалық жұмыс парағында орындайды" Оқушылар өз жұмыстарын келесі талаптарға сәйкес зертханалық жұмысты орындайды: Бағалау критерийі | Дескриптор | ұпай | 1.Зат күйінің өзгерісінің "салқындау қисығы" графигін салады; | 1.Қауіпсіздік техника ережелерді сақтап, тәжірибелерді орындайды; | 1 | 2.Термометр көрсеткіштерінің өзгерісін дұрыс әрбір минут сайын өлшеп жазады; | 1 | 3. Осьтерді дұрыс таңдап процесті толық сипаттайтын график сызады; | 1 | 4.Өз жұмыстарын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді, дәйекті аргуметтер келтіру арқылы қорытындылай алады. | 1 | Жалпы | | 4 | « Химиялық ой жинау» әдісі Қорытындылауға арналған тапсырма Тапсырма №1 оқушылар бөлшектер мен энергия туралы өз білімдерін пайдаланып сұйық заттың қатты затқа айналу үдерісі графигін талдайды. Тапсырма №2 оқушылар мұндай мәліметтердің суға/мұзға қалай қолданыла алатындығын талқылайды және +40oC, -20oC дейінгі аралықта су үшін салқындау қисығын құрайды. Бағалау критерийі | Дескриптор | Ұпай | 1. Салқындау үдерісі қату температурасы нәтижесінде түзілетінін анықтайды. | 1.Оқушы берілген нұсқаулық бойынша жасай алады. 2. Сызбаны дұрыс құрай алады. | 1 1 | | | 2 | 2. Зерттеу нәтижелері бойынша салқындау қисығын салады. | 1. тәжірибе жүргізгенде зертханалық жұмыстың жүйелі құрылуын ұстанады және қисығын салады. 2.абцисса және координата осьтерінде шамаларды көрсете алады. 3.бастапқы температураны көрсетеді, салқындау температурасын және ең төмен температура нүктесін көрсете алады. | 1 1 1 | | | 3 | Жалпы | | 5 | «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі Қандай ой пайда болды? | Не сезіндім? | Не ұнады? | Не қиын болды? | | | | | | |