СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы:Табиғат тіршілік нәрі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі күн және ауаға түсінік беру.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Табиғат тіршілік нәрі.»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Пән: Қауіпсіз мінез құлық негізінде

Өтпелі тақырып: «Көктем жаршысы құстар»

Тақырыбы: Табиғат тіршілік нәрі.

Мақсаттары:

Тәрбиелеу: Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі күн және ауаға түсінік беру.

Дамыту:Судың денсалуққа пайдасы жайлы түсінік беру, ойларын дамыту.

Оқыту:Күн ауа , су табиғат сыйы және олардың маңызы туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі

Ресустармен қамтамасыз ету: таңертең, түс, кеш, түн.

Билингвалдық компонент: ұлпа қар - снежинка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, бір сәт айналамызға қарап өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейікші? Қарайықшы айналамыз қандай?
- Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?
- Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
- Ол не екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
Серуенге шыққанда күнді көріп жүрміз. Күн қандай болады?
(ку - ка - ре - ку - дауысы)

Балалар, күн ұясынан шығып таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз. Қане«таңертең деп қайталаймыз.
- қараңдаршы, таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылай күн)
«Сәуленің күні» дидактикалық ойын. Терезеде күн көрінеді (жартылай)
Анасы сәулені оятады:
Анасы: «қызым» таң атты, ұйқыңнан тұра қойшы балабақшаға барамыз.
- Балалар, анасы Сәулеге не деді? Қайда барамыз деді?
Олай болса, таң атқанда біздер үйде не істейміз?
- Ал, балабақшада не істейміз?
Түс. Күн жылжып толығымен ортаға шығады.
- Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жаймен жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр. Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе түскі мезгіл дейміз.
- Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен? Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?
- Балалар күн аспанда нешеу екен? Ал бізге шашатын шуағы аз ба, әлде көп пе екен?
«Сәуленің күні»
Сәуле серуенде көп балалармен ойнап жүреді. Тамақ ішіп ұйықтайды. Ал енді түсте сендер не істейсіңдер?
Балалар бұл күндізгі ұйқы болады. Таңнан кешке дейінгі уақытты жалпы күндіз дейміз.
- Балалар, біздер күндізгі ұйқыдан ұйқымызды ашу үшін айналамыздағы әдемі көбелектер сияқты қанатымызды қағып - қағып алайықшы.
Кеш.- Балалар, қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді, яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл уақытты кешкі мезгіл дейміз немесе кеш дейміз. «Кеш» сөзін қайталау.
Сәуле кешкі тамағын ішіп, ұйықтайды.
- Кім айтады, кешке Сәуле не істеді?
- Олай болса, біздер кешке балабақшада не істейміз?
Түн.Ал енді міне күн ұясына батты. Бұл уақытты түн дейміз. Қане, түн деп қайталаймыз.
- Түнде аспаннан нені көреміз?
- Алдияр жанында нелер бар?
Ал жұлдыздар көп пе?
Әлде, аз ба?
Олай болса бәріміз түнде тәтті ұйқыда боламыз.

- Мынау не?

- Дұрыс бұл арнайы газбен үрілген әуе шары. Мен оны жерге тастаймын, не болды?

- Дұрыс, ендіше мына әуе шарларын алып, үріп ұшырып көрелік. Не өзгерді?

- Неге

- Қандай нәтиже аламыз?

Нәтиже - газ ауадан жеңіл.

Өсімдіктерге ауа қажет пе?

Іс-тәжірибелер.

Ауаны ұстап алайық.

- Үстел үстіндегі дорбаны аламыз. Оның ішінде не бар ?).

Ендеше оны ауамен толтырып, аузын бұрып ұстаймыз. Не болды? (дорба ауамен үріліп, көпшікке ұқсап кетті).

- Ал дорбаның ішінде не бар деп ойлайсыңдар? (ауа)

- Енді таяқшамен тесіп, бетімізге жақындатып дорбаны қысамыз. Не сезіп тұрсыңдар? (ауаны).

-Сергіту сәті

Қимылды ойын: «Толқиды теңіз»

- Өсімдіктерде мұрын, ауыз жоқ, бірақ олардың жапырақтарында мыңдағын тесіктер бар. Олар сол арқылы демалады. Біз ол тесіктерді тек микроскоп арқылы көре аламыз. Егер біз бір өсімдіктің, яғни гүлдің бір жапырағын ауа жібермей байлап тастасақ ол солып қалады. Себебі оған ауа бармайды.

Нәтиже – өсімдіктер де дем алады.

Қорытынды:

Ал бізге ауаны тазартуға кім көмектеседі?. Ендеше бізді қоршаған орта табиғатты қорғайық, ағаштар және гүлдерді көп қылып егейік, оны қорғайық.

- балалар бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?

- бүгін біз ауаның қандай болатынын білдік?

-- ауа не үшін қажет?

- Бүгін біз ауаны зерттедік. Ауа көрінбейді, бірақ біз оны байқап, сезе аламыз.

- Ауа адамға қажет пе?

- Адамдар , жануарлар не арқылы дем алады?